Құжат мәтініне өту

Об утверждении Положения о порядке предоставления путевок в Городской территориальный центр социального обслуживания населения "Ульба"

Қаулы · № 2072 · қабылданған 10.09.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-17074/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Положения о порядке предоставления путевок в Городской территориальный центр социального обслуживания населения "Ульба" Күшін жойған Қаулы ·№ 2072 ·10.09.2003
12.05.2009 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.05.2009. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Положения о порядке предоставления путевок в Городской территориальный центр социального обслуживания населения "Ульба"

Күшін жойған Қаулы ·№ 2072 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Положения о порядке предоставления путевок в Городской территориальный центр социального обслуживания населения "Ульба"
Атауы (қаз.)
Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
2072
Қабылданған күні
10.09.2003
Көрсетілген редакция
12.05.2009 AI17074_8.kaz
Соңғы өзгеріс
12.05.2009
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03VA001403
ЭКБ идентификаторы
17074
Редакция идентификаторы
AI17074_8
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:58

0 "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы

Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14 тармақшасына сәйкес, сонымен қатар жалғызбасты немесе жалғыз тұратын зейнеткерлерді, мүгедектерді және аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасыларының кемтар балаларын әлеуметтік қолдау мақсатында Өскемен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы Ереже қосымшаға сәйкес бекітілсін.

2 2. Өскемен қаласы әкімдігінің 2002 жылдың 11 ақпанындағы N 250 "Зейнеткерлерге арналған "Үлбі" дәрігерлік-әлеуметтік орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қаулысының күші жойылды деп саналсын.

3 "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы ЕРЕЖЕ

2003 жылғы 11 қыркүйектегі
N 2072 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
Қала әкімдігінің
2003 жылғы 11 қыркүйектегі
N 2072 қаулысына қосымша
"Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық
орталығына жолдама ұсыну тәртібі туралы
ЕРЕЖЕ

i I. Жалпы ережелер

1

1. "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығының күндіз келу бөлімі жалғызбасты немесе жалғыз тұратын зейнеткерлер мен мүгедектердің, сонымен қатар аз қамсыздандырылған және көп балалы отбасыларының кемтар балаларының денсаулықтарын жақсарту және сауықтыру шараларымен айналысады.

2 2. "Үлбі" орталығы тыныс алу органдарының, жүрек-қан тамырларының, ас қорыту-ішек қарын, лор патологиясы, жүйке, омыртқа-қозғалыс жүйелері аурулары және басқа ауру түрлерімен зардап шегіп жүрген адамдардың денсаулығын жақсартумен айналысады.

ii II. Жолдаманы ұсыну тәртібі

3

3. Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі баруға әзірленген кестеге сәйкес "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығына ай сайын зейнеткерлерді, мүгедектерді, болмаса мүгедек балаларды ата-анасының біреуімен әлеуметтік, психологиялық және дәрігерлік сауықтыру үшін 30 тегін жолдама ұсынады.

4 4. Топтарды жинақтаумен және денсаулықты жақсарту шараларының жолдамаларын бөлумен Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жанында құрылған жұмысшы тобы айналысады.

5 5. Денсаулықты жақсарту шараларының жолдамалары төмендегі негізінде ұсынылады:

1 1) жазбаша өтініш;

2 2) отбасылық дәрігерден анықтама, амбулаториялық парақша;

3 3) тұрғылықты жерінен анықтама;

4 4) отбасының әлеуметтік парақшасы.

6 6. "Үлбі" орталығына жолдамалар бір тұлғаға екі жылда бір рет беріледі.

7 7. Тегін жолдама алуға құқылы:

1 1) жалғыз басты немесе жалғыз тұратын қала кәсіпорындарымен байланыста жоқ, зейнетақы мөлшері жыл сайын Қазақстан Республикасының "Республикалық бюджет туралы" Заңымен белгіленетін айлық есеп көрсеткішінің 20 есе мөлшерінен аспайтын зейнеткерлер және мүгедектер; <*>

2 2) аз қамтылған және көп балалы отбасыларының мүмкіндіктері шектеулі мүгедек балалары ата-анасының біреуінің ертіп жүруімен;

3 3) зейнетақы мөлшерінің шектеуінсіз әр баруға 10 адамнан Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және тыл еңбеккерлері. <*>

iii III. Жауапкершілік

8 8. Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі "Үлбі" орталығына денсаулықты жақсарту және сауықтыру шаралары үшін бару топтарын жинақтауға жауапты.

9 9. Өскемен қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі және "Үлбі" халыққа әлеуметтік қызмет көрсететін қалалық аумақтық орталығы зейнеткерлерді және кемтар балаларды сауықтыруға және емдеуге берілген жолдамаларға есеп жүргізуді жүзеге асырады.

Өскемен қаласы әкімі
аппаратының жетекшісі

Қолданыстағы