О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский национальный педагогический университет имени Абая"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О создании Республиканского государственного предприятия на праве хозяйственного ведения "Казахский национальный педагогический университет имени Абая"
- Атауы (қаз.)
- "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 979
- Қабылданған күні
- 25.09.2003
- Көрсетілген редакция
- 05.08.2013 AI17078_4.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 05.08.2013
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P030000979_
- ЭКБ идентификаторы
- 17078
- Редакция идентификаторы
- AI17078_4
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 03.08.2026 20:56
0 "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар Жарлығының 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1 1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетi" шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын.
2 2. Кәсiпорын қызметiнiң негiзгi мәнi жоғары бiлiмдi мамандарды даярлау және қайта даярлау болып белгiленсiн.
3 3. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен:
1 1) Кәсiпорынның жарғысын бекiтудi және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
2 2) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп, "Абай атындағы Алматы университетi" ашық акционерлiк қоғамын (бұдан әрi - Қоғам) тарату және оның мүлкiн Кәсiпорынға беру жөнiндегi қажеттi шараларды қабылдасын;
3 3) таратылатын Қоғамның бiлiм алушыларына оқу жылын аяқтау үшiн шаралар қабылдасын;
4 4) осы қаулыны iске асыру жөнiнде басқа да шаралар қабылдасын.
4 4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
5 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
10 Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
N 979 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешімдерiне енгізiлетiн өзгерiстер мен толықтырулар
1 1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
2 2. "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Алматы қаласы" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 123-52-жол алынып тасталсын.
3 3. "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелік ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659 қаулысына :
көрсетiлген қаулыға қоса берiлiп отырған Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
"Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне" деген бөлiмде реттiк нөмiрi 222-16-жол алынып тасталсын.
4 4.
5 5. "Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк жоғары оқу орындарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2000 жылғы 6 шілдедегi N 1021 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 28, 339-құжат):
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Жекешелендiруге жатпайтын мемлекеттiк жоғары оқу орындарының тiзбесi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 32-2-жолмен толықтырылсын:
32-2 "32-2. "Абай атындағы қазақ
ұлттық педагогикалық университетi"
республикалық мемлекеттiк кәсіпорны Алматы қаласы".
6
6. "Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Абай атындағы мемлекеттiк университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнын қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 9 тамыздағы N 1043 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2001 ж., N 29, 370-құжат):
2-тармақтың 4) тармақшасы алынып тасталсын.