Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қаулы · № 1680 · қабылданған 04.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-170882/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута на земельный участок Қолданыста Қаулы ·№ 1680 ·04.08.2022
04.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута на земельный участок

Қолданыста Қаулы ·№ 1680 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута на земельный участок
Атауы (қаз.)
Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1680
Қабылданған күні
04.08.2022
Көрсетілген редакция
04.08.2022 170882_588811.kaz
Соңғы өзгеріс
04.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NA01680A
ЭКБ идентификаторы
170882
Редакция идентификаторы
170882_588811
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:45

0 Жер учаскеcіне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабына, 69-бабының 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, жер комиссиясының 2022 жылғы 3 маусымдағы № 830 қорытындысы, «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2022 жылғы 1 шілдедегі № 742 бұйрығымен бекітілген жерге орналастыру жобасы негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Машиностроительный завод МТЗ-Казахстан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне Қостанай қаласының индустралды аймағында кабиналарды құрастыру цехы жапсарлас құрылысымен әмбебап құрастыру цехын электрмен жабдықтауға арналған сыртқы желілерін жүргізу үшін Қостанай қаласы, Индустриялық аймақтың жанында мекенжайы бойынша орналасқан, жалпы алаңы 0,0164 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

2 2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы