Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил военно-патриотического воспитания граждан

Қаулы · № 597 · қабылданған 24.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-170901/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил военно-патриотического воспитания граждан Қолданыста Қаулы ·№ 597 ·24.08.2022
01.10.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.10.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил военно-патриотического воспитания граждан

Қолданыста Қаулы ·№ 597 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил военно-патриотического воспитания граждан
Атауы (қаз.)
Азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
597
Қабылданған күні
24.08.2022
Көрсетілген редакция
01.10.2025 170901_785303.kaz
Соңғы өзгеріс
01.10.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000597
ЭКБ идентификаторы
170901
Редакция идентификаторы
170901_785303
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:28

0 Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидаларын бекіту туралы

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабының 5-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидалары бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы «___» ________
№____ қаулысымен
бекітілген
Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери-патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1

1) әскери-патриоттық тәрбие – әскери-патриоттық тәрбиелеу субъектілерінің Қазақстан Республикасы азаматтарының бойында қазақстандық патриотизмді, біртұтас ұлтқа тиесілілік сезімін, рухани-имандылық құндылықтарын, Қазақстан Республикасын қорғау жөніндегі конституциялық міндетті орындауға әзірлікті қалыптастыру және осыған байланысты қажетті білім мен дағдыларды дамыту бойынша жүйелі, мақсатты және үйлестірілген қызметі;

2

2) идеологиялық жұмыс – мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиімді шешу мүддесінде, оның ішінде «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының өзекті талдамалық деректерін ескере отырып, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың азаматтар арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты мен идеологиясын іске асыру жөніндегі қызметі;

3

3) ақпараттық-тәрбие жұмысы – азаматтарға әскери-саяси және ақпараттық жағдай туралы мәліметтерді, мемлекеттік билік органдары қабылдайтын шешімдерді уақтылы жеткізу, мемлекет тұрғындарының тұрақты моральдық-психологиялық жай-күйін қалыптастыру жөнінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, бұқаралық ақпарат құралдары бейбіт уақытта және соғыс уақытында жүзеге асыратын келісілген іс-шаралар жүйесі;

4

4) психологиялық жұмыс – азаматтардың жоғары психологиялық төзімділігін, жағдайдың кез келген шарттарында күрделі және жауапты міндеттерді орындауға әзірлігін, әскери және мемлекеттік қызметтің басқа да түрлерінің қиындықтары мен шектеулерін еңсеру, тіршілік етуге қажетті аса маңызды психологиялық қасиеттерді қалыптастыру;

5

5) әлеуметтік-құқықтық қызмет – азаматтардың конституциялық міндеттерін және әскери борышты, қоғам мен мемлекеттегі саяси және құқықтық оқиғаларды, процестерді, әскери саясатты, әскери доктринаның негізгі ережелерін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қоғам мен мемлекеттің саяси жүйесіндегі орны мен рөлін терең түсінуін қалыптастыру;

6 6) моральдық-адамгершілік тәрбие – азаматтардың жоғары құндылықтарды, идеалдар мен бағдарларды, нақты өмірдің әлеуметтік маңызы бар процестері мен құбылыстарын ұғынуы, оларды практикалық қызмет пен мінез-құлықта айқындаушы қағидаттар, ұстанымдар ретінде басшылыққа алу қабілеті;

7 7) кәсіптік тәрбие – Қазақстан Республикасының игілігі үшін еңбекке адал және жауапты көзқарасты, қызметтік міндеттерді және қойылған міндеттерді табысты орындау мүддесінде кәсіптік және еңбек қасиеттерін белсенді түрде көрсетуге ұмтылысты қалыптастыру;

8 8) әскери борыш – ел мүддесін қорғауға әзірлікті білдіретін, азаматтардың әлеуметтік маңызы бар құндылықтары мен моральдық-құқықтық міндеттерінің жүйесі.

3

3. Азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беруді Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі (бұдан әрі – Қорғаныс министрлігі), Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (бұдан әрі – Ұлттық қауіпсіздік комитеті), Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі (бұдан әрі – Мемлекеттік күзет қызметі), Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Ішкі істер министрлігі), Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі (бұдан әрі – Төтенше жағдайлар министрлігі), Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі (бұдан әрі – Мәдениет және ақпарат министрлігі) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдармен, меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып өз құзыреті шегінде жүргізеді.

2 Әскери-патриоттық тәрбиені ұйымдастыру тәртібі

4 4. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мынадай компоненттер арқылы ұйымдастырылады және жүргізіледі: идеологиялық жұмыс, ақпараттық-тәрбие жұмысы, психологиялық жұмыс, әлеуметтік-құқықтық қызмет, моральдық-адамгершілік және кәсіптік тәрбие беру.

5

5. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу процесі әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын, сондай-ақ білім беру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қорғаныс министрлігі бекітетін әскерге шақырылғанға дейінгі даярлық бойынша қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында бірінші кезекте өскелең ұрпақпен ұйымдастырылады.

6 6. Азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беру – орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар қызметінің ұзақ мерзімді перспективаға арналған маңызды бағыттарының бірі.

6-1 6-1. Әскери-патриоттық тәрбие шетелдік заңды және жеке тұлғалар, шет мемлекеттер және халықаралық ұйымдар ұсынатын қаржыландыруды қоспағанда, бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған бюджеттен тыс көздер есебінен жүзеге асырылады.

7 7. Әскери-патриоттық тәрбиені жоспарлау:

1

1) Қорғаныс министрлігінде, Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Мемлекеттік күзет қызметінде, Ішкі істер министрлігінде, Төтенше жағдайлар министрлігінде, Мәдениет және ақпарат министрлігінде, жергілікті атқарушы органдарда және меншік нысанына қарамастан білім беру ұйымдарында бір жылға жүзеге асырылады. Жоспарды жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың 20 – 25 желтоқсаны кезеңінде бірінші басшылар немесе оларды алмастыратын тұлғалар бекітеді;

2

2) қорғаныс істері жөніндегі департаменттерде (басқармаларда, бөлімдерде), Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының әскери бөлімдері мен мекемелерінде, әскери (арнаулы) оқу орындарында бір жылға жүзеге асырылады. Жоспарды жоспарлы кезеңнің алдындағы жылдың 20 – 25 желтоқсаны кезеңінде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері түрлерінің бас қолбасшылары, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының бірінші басшылары, әскер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы департаментінің бастығы немесе оларды алмастыратын адамдар бекітеді.

8 8. Әскери-патриоттық жұмыстың жай-күйі және оның тиімділігін талдау осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген жоспарлар тармақтарының орындалуы бойынша жылдың қорытындысы жасалғанда жүзеге асырылады.

9 9. Азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мыналарды қамтиды:

1 1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимыл жасау және ынтымақтастық;

2 2) қызмет бағыттары мен құралдарын айқындау;

3 3) нысаналы аудиторияға әсер ету шаралары;

4 4) ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету.

10 10. Азаматтармен әскери-патриоттық жұмыс мынадай үш бағыт бойынша ұйымдастырылады және жүргізіледі:

1

1) процесті оқу мекемелері жүйесінде (барлық негізгі деңгейлердегі) немесе әртүрлі оқу пәндері бойынша арнаулы факультеттерде, курстарда, секцияларда, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ардагерлерімен, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерімен және әскери қызметшілермен іс-шараларда оны толықтыратын элементтер (оқу сабақтары) түрінде жалпы дамыту бағыты;

2 2) әскери және әскери-қолданбалы бағыт практикалық сабақтар түрінде өткізіледі және жалпыға бірдей әскери оқытуды, жастарды әскерлердің өмірімен және қызметімен, әскери қызметшілердің қызметі мен тұрмысы ерекшеліктерімен таныстыруды қамтиды;

3 3) әскери-патриоттық лагерьлерде, далалық оқу-жаттығу жиындарында, әскери-патриоттық ұйымдарда, жастар жиындары мен фестивальдарда.

3 Әскери-патриоттық тәрбиені жүзеге асыру тәртібі

11

11. Қорғаныс министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі, Ішкі істер министрлігі, Төтенше жағдайлар министрлігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Оқу-ағарту министрлігі, Ғылым және жоғары білім министрлігі орталық мемлекеттік органдармен, жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық бірлестіктермен ақпарат алмасу және әскери-патриоттық бағыттағы бірлескен іс-шараларды өткізу шеңберінде өзара іс-қимыл жасайды.

12

12. Өзара іс-қимылдың мақсаты – Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғары моральдық рухын қалыптастыру, әскери-патриоттық тәрбиелеу және азаматтар арасында әскери қызметті насихаттау, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тыныс-тіршілігі туралы хабардар ету, жастарды әскери қызметке даярлау және мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзге де мәселелері мүддесінде бірлескен жоспарлар мен практикалық іс-қимылдарды келісу.

13 13. Өзара іс-қимыл мынадай міндеттерді шешу мүддесінде жүзеге асырылады:

1 1) азаматтарды әскери-патриоттық тәрбиелеуді ұйымдастыруға бірлесіп қатысу;

2 2) әскери қызметті насихаттау және азаматтарды әскери-кәсіптік бағдарлау;

3 3) азаматтарды әскери қызметке даярлауды бірлесіп ұйымдастыру (әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында), әскерге шақырылатын жасқа дейінгі жастармен жұмыс;

4 4) тәрбие жұмысын үйлестіру және жүйелендіру;

5 5) қазақстандық батырларды, әскери борышын атқару кезінде қаза тапқан әскери қызметшілерді мәңгі есте сақтау;

6 6) азаматтарды патриоттық және адамгершілікке тәрбиелеу.

14 14. Өзара іс-қимыл жасау нысандары:

1 1) әскери-патриоттық бағыттағы іс-шараларды бірлесіп өткізу;

2 2) әскери бөлімдер мен мекемелерде ашық есік күндерін өткізу;

3

3) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдерін, ғылым мен мәдениет қайраткерлерін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ардагерлерін, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлерін Әскери ант қабылдау рәсіміне шақыру;

4 4) бірлескен патриоттық акциялар өткізу;

5 5) мәдени және спорттық іс-шаралар ұйымдастыру;

6 6) мемлекеттік мерекелерге, ауданның (қаланың), ұйымдардың, әскери бөлімдер мен мекемелердің мерейтойлық күндеріне орай іс-шаралар өткізу;

7 7) әскери-патриоттық тақырыптағы телевизиялық бағдарламаларды, мерзімді баспасөзді, басып шығарылатын әдебиетті дамытуға және кеңейтуге жәрдемдесу.

15 15. Азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беру мақсатында өткізілетін негізгі іс-шаралар:

1 1) өскелең ұрпақтың бойында Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне, тарих және мәдениет ескерткіштеріне, мәдени құндылықтарға мақтанышпен, зор құрметпен қарау сезімін дамыту;

2 2) батырлардың ерліктерін және көрнекті тарих және мәдениет қайраткерлерін, оның ішінде Халық қаһармандарын, Кеңес Одағының батырларын, Еңбек ерлерін, мемлекет алдындағы еңбегі мен жетістігі үшін наградталған азаматтарды танымал ету;

3 3) азаматтармен әскери-патриоттық жұмыс жүргізу үшін мәтіндік идеологиялық шаблондар әзірлеу;

4 4) азаматтар, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ардагерлері, ұрыс қимылдарының ардагерлері мен әскери қызметшілер арасында анағұрлым беделді қоғам қайраткерлері қатарынан спикерлер пулын қалыптастыру;

5 5) азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие беру саласындағы ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы, оның ішінде шет мемлекеттердің әскери-патриоттық ұйымдарымен меморандумдарға қол қоюды ұйымдастыру;

6 6) әртүрлі деңгейдегі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында азаматтарды әскери қызметке үздік даярлау конкурсын ұйымдастыру және өткізу;

7 7) әскери-патриоттық клубтардың, үйірмелердің тәрбиеленушілерін, орта және арнаулы мектептердің оқушыларын және олардың басшыларын кеңінен тарта отырып, «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынын өткізу;

8 8) жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп әскерге шақырылатын жасқа дейінгі жастарды кеңінен тарта отырып, әскери бөлімдер мен мекемелерде салтанатты іс-шараларды (акцияларды) ұйымдастыру және өткізу («Ашық есік күні», «Армия балалардың көзімен», «Қазақстан армиясындағы бір күн»);

9 9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ардагерлерін, басқа мемлекеттер аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысушыларды тарта отырып, әскери-патриоттық іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу;

10 10) тақырыптық талқылау, дәрістер мен семинарлар өткізу.

16 16. Ақпараттық-тәрбие жұмысының негізгі тәсілдері:

1 1) орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың сайттарында, ақпараттық порталдарда, ақпараттық агенттіктердің сайттарында, баспасөз және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарында ақпарат орналастыру;

2 2) бірлескен іс-шараларды, форумдар мен конференциялар өткізу, оларды бұқаралық ақпарат құралдарында жария ету.

17 17. Азаматтарға әскери-патриоттық тәрбие берудің барысы туралы ақпаратты интернет желісінде орналастыру үшін материал орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органның бірінші басшысымен немесе оны алмастыратын адаммен, сондай-ақ мемлекеттік құпияларды қорғау органымен келісіледі.

____________________________

Қолданыстағы