Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил образования и использования средств государственных учреждений лесного хозяйства

Қаулы · № 1003 · қабылданған 29.09.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-17092/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
Об утверждении Правил образования и использования средств государственных учреждений лесного хозяйства Күшін жойған Қаулы ·№ 1003 ·29.09.2003
13.08.2010 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.08.2010. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил образования и использования средств государственных учреждений лесного хозяйства

Күшін жойған Қаулы ·№ 1003 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил образования и использования средств государственных учреждений лесного хозяйства
Атауы (қаз.)
Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң қаражатын құрау және пайдалану ережесiн бекiту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1003
Қабылданған күні
29.09.2003
Көрсетілген редакция
13.08.2010 AI17092_4.kaz
Соңғы өзгеріс
13.08.2010
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P030001003_
ЭКБ идентификаторы
17092
Редакция идентификаторы
AI17092_4
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:55

0 Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң қаражатын құрау және пайдалану ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Орман кодексiнiң 112-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

1 1. Қоса берiлiп отырған Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң қаражатын құрау және пайдалану ережесi бекiтiлсiн.

2 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

3 Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң қаражатын құрау және пайдалану ережесi

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2003 жылғы 30 қыркүйектегі
N 1003 қаулысымен
бекiтілген
Орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң қаражатын құрау және пайдалану ережесi

1 1. Осы Ереже орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемелерiнiң (бұдан әрi - орман мекемелерi) қаражатын құрау және пайдалану тәртiбiн реттейдi.

2 2. Орман мекемелерi:

1 1) жеке және заңды тұлғаларға:

отырғызылатын материалдар өсiру мен орман тұқымдарын жинау;
көгалдандыратын, қорғаныштық, плантациялық және өзге де екпелер жасау;
орман шаруашылығы саласында оқу практикасын өткiзу, консультациялық және техникалық көмек көрсету жөнiнде ақылы қызметтер көрсетуден, оның iшiнде мемлекеттiк сатып алу жөнiндегi конкурсқа қатысу жолымен;

2 2) ормандарды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудi және санитарлық мақсатта, оның iшiнде тұрғын халықты отынмен қамтамасыз ету үшiн ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде алынған өнiмдердi өткiзуден қаражат түсiре алады.

3 3. Орман мекемелерi жеке және заңды тұлғаларға көрсететiн қызметтер үшiн төлемақы қарауында орман мекемелерi бар атқарушы органдар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексінде белгіленген тәртіппен белгілеген тарифтерге сәйкес жүзеге асырылады.

4 4. Күтіп-баптау мақсатында ағаш кесудi және санитарлық мақсатта, оның iшiнде халықты отынмен қамтамасыз ету үшiн ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асыру кезiнде алынған өнiмдердi өткiзу нарықтық бағамен жүргiзіледi.

5 5. Орман мекемелерiнiң қаражаты мыналарға:

1 1) мемлекеттiк орман қорының учаскелерiнде орман шаруашылығының iс-шараларын жүргiзуге;

2 2) орман шаруашылығы жолдарының құрылысына және оларды ұстауға, ормандарды өртке қарсы жайластыруға;

3 3) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласындағы жобалау-iздестiру жұмыстарына;

4

4) орман мекемелерiнiң орман шаруашылығы қызметiн қамтамасыз ету үшiн штаттан тыс маусымды жұмысшылардың, күтiп-баптау мақсатында ағаш кесудi және санитарлық мақсатта ағаш кесудi, жанама орман пайдалануды жүзеге асыратын жұмысшылардың, сондай-ақ орман ресурстарын қайта өңдеудi жүзеге асыратын жұмысшылардың қызметтер көрсетуiне ақы төлеуге;

5 5) байланыс құралдарын, көлiкті және жабдықтарды, өртке қарсы, ормандарды қорғауға және орман өсiруге арналған тетiктер мен материалдарды, орман өсiру жұмыстарына арналған тұқымдар мен отырғызылатын материалды, жанар-жағармайды, киiм-кешекті, қаруды және арнайы қорғау құралдарын сатып алуға;

6 6) орман ресурстарын қайта өңдеуге қажеттi жабдықтар мен тетiктердi сатып алуға;

7 7) ғимараттарды, құрылыстарды және орман мекемелерiнiң жұмыс істеуіне байланысты өзге де объектiлердi салуға, қайта жаңартуға және жөндеуге;

8 8) орман және аңшылық шаруашылығы үшiн мамандарды даярлауға және біліктілігін арттыруға;

9 9) еңбек көрсеткiштерi үшiн орман мекемелерiнiң қызметкерлерiн көтермелеуге пайдаланылады.

6 6. Орман мекeмелерiнiң қаражатын алу мен пайдалану жөніндегi есептiлiктi жүргiзу заңнамада белгіленген тәртiппен жүзеге асырылады.

7 7. Орман мекемелерiнiң қаражатын ормандарды күзетуге, қорғауға, молықтыруға және орман өсіруге, жанама орман пайдалануға байланысты емес мақсаттарға пайдалануға тыйым салынады.

8

8. Орман мекемелерi қаражатының құралуы мен пайдаланылуын, алынатын кiрiстердi есептеудiң толықтығы мен дұрыстығын, сондай-ақ олардың мақсатты пайдаланылуын бақылауды Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қарауында орман мекемелерi бар атқарушы органдармен бiрлесiп белгіленген тәртiппен жүзеге асырады.

Қолданыстағы