Об уменьшении территории Тарбагатайского государственного природного заказника (зоологический) республиканского значения
Қолданыста
Қаулы
·№ 459
·
18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об уменьшении территории Тарбагатайского государственного природного заказника (зоологический) республиканского значения
- Атауы (қаз.)
- Республикалық маңызы бар Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағын азайту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 459
- Қабылданған күні
- 04.07.2022
- Көрсетілген редакция
- 04.07.2022 170938_588977.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 04.07.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000459
- ЭКБ идентификаторы
- 170938
- Редакция идентификаторы
- 170938_588977
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 01:08
0 Республикалық маңызы бар Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағын азайту туралы
«Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Республикалық маңызы бар Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалының (зоологиялық) аумағы 9363 гектарға азайтылсын.
2 2. «Республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қыркүйектегі № 593 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың тізбесінде:
«Шығыс Қазақстан облысы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 48-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
48
Тарбағатай мемлекеттік табиғи қаумалы (зоологиялық)
230637
Зайсан және Тарбағатай аудандары
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті
».