Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута

Өзге акт · № 7 · қабылданған 24.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-170944/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута Қолданыста 24.08.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об установлении публичного сервитута

Қолданыста Өзге акт № 7 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута
Атауы (қаз.)
Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
7
Қабылданған күні
24.08.2022
Көрсетілген редакция
24.08.2022 170944_589173.kaz
Соңғы өзгеріс
24.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NRJ0007B
ЭКБ идентификаторы
170944
Редакция идентификаторы
170944_589173
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:28
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабына сәйкес, Новоильинов ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы, құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесіне су тазартқыш қондырғысына және 1-ші көтергіш сорғы станциясына қызмет көрсету және пайдалану үшін Қостанай облысы, Бейімбет Майлин ауданы, Новоильинов ауылдық округ, Ақсуат ауылы мекен-жайы бойынша орналасқан жалпы көлемі 3,9989 гектар жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілесін.

2. «Новоильинов ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1) осы шешімін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіде ресми жариялау үшін жіберуді;

2) осы шешімін оны ресми жариялаудан кейін Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.