Құжат мәтініне өту

О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана

Қаулы · № 216/28-VII · қабылданған 17.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-170972/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана Қолданыста Қаулы ·№ 216/28-VII ·17.08.2022
17.08.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана

Қолданыста Қаулы ·№ 216/28-VII · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О присвоении наименований и переименовании некоторых составных частей города Нур-Султана
Атауы (қаз.)
Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне атау беру және қайта атау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
216/28-VII
Қабылданған күні
17.08.2022
Көрсетілген редакция
17.08.2022 170972_611633.kaz
Соңғы өзгеріс
17.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22A0029268
ЭКБ идентификаторы
170972
Редакция идентификаторы
170972_611633
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:35

0 Нұр-Сұлтан қаласының кейбір құрамдас бөліктеріне

атау беру және қайта атау туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес, Нұр-Сұлтан қаласы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Нұр-Сұлтан қаласы ономастикалық комиссиясының 2021 жылғы 10 қарашадағы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның 2022 жылғы 11 сәуірдегі қорытындыларының негізінде Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Нұр-Сұлтан қаласының мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Мыналарға:

Нұр-Сұлтан қаласының «Алматы» ауданы бойынша:
жобалық атауы А82 көшеге – Мұхамеджан Тынышбайұлы көшесі;
жобалық атауы № 23-15 көшеге – Қалибек Қуанышбаев көшесі;
Нұр-Сұлтан қаласының «Есіл» ауданы бойынша:
жобалық атауы Е11 көшеге – Әзілхан Нұршайықов көшесі;
жобалық атауы Е609 көшеге – Әшірбек Сығай көшесі;
жобалық атауы Е613 көшеге – Саят Абеев көшесі;
жобалық атауы Е632 көшеге – Тұяқберді Шәмелов көшесі;
жобалық атауы Е633 көшеге – Бақтыгерей Құлманов көшесі;
жобалық атауы Е635 көшеге – Ғазиз Байтасов көшесі;
жобалық атауы Е809 көшеге – Жошы хан көшесі;
жобалық атаулары Е585 және Е865 көшелерге – Әмір Едіге көшесі;
жобалық атаулары Е586 және Е875 көшелерге – Роза Жаманова көшесі;
жобалық атаулары Е589 және Е611 көшелерге – Тұрмағамбет Ізтілеуұлы көшесі;
Сығанақ көшесінде орналасқан, «Зеленый квартал» тұрғын үй кешенінің жанындағы атаусыз саябаққа – «Бухарест» саябағы атауы берілсін.

2 2. Мыналар:

Нұр-Сұлтан қаласының «Сарыарқа» ауданы бойынша:
Мұхамеджан Тынышбаев және Иманжүсіп Құтпанов көшелері – Иманжүсіп Құтпанұлы көшесі деп қайта аталсын.

3 3. Осы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің бірлескен қаулысы және Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының шешімі алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы