Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил формирования оператором полигона ликвидационного фонда

Бұйрық · № 579 · қабылданған 22.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-170989/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил формирования оператором полигона ликвидационного фонда Қолданыста Бұйрық ·№ 579 ·22.08.2022
14.10.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил формирования оператором полигона ликвидационного фонда

Қолданыста Бұйрық ·№ 579 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил формирования оператором полигона ликвидационного фонда
Атауы (қаз.)
Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
579
Қабылданған күні
22.08.2022
Көрсетілген редакция
14.10.2024 170989_724991.kaz
Соңғы өзгеріс
14.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029286
ЭКБ идентификаторы
170989
Редакция идентификаторы
170989_724991
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:31

0 Полигон операторының тарату қорын

қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 350-бабының 16-тармағына сәйкес және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидалары бекітілсін.

2

2. «Қалдықтарды орналастыру полигондарын жою қорларын қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 13 қарашадағы № 125 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10015 болып тіркелген).

3 3. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Қалдықтарды басқаруда мемлекеттік саясат департаменті заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі

0 Полигон операторының тарату қорын қалыптастыру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 22 тамыздағы
№ 579 бұйрығымен
бекітілген
Полигон операторының тарату қорын
қалыптастыру қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Полигондарды тарату қорын қалыптастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының Экология кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 350-бабының 16-тармағына сәйкес әзірленді және қалдықтарды көму полигонының тарату қорын (бұдан әрі – тарату қоры) қалыптастыру тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) қалдықтарды көму полигоны (бұдан әрі – полигон) – экологиялық, құрылыс және санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін, қалдықтар алу ниетінсіз тұрақты орналастырылатын арнайы жабдықталған орын түсініледі;

2 2) полигон операторы – заңды пайдалануында полигон бар жеке немесе заңды тұлға;

3

3 3. Тарату қорын полигон операторы оны жабу, жерді рекультивациялау, полигон жабылғаннан кейін қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және ластануды бақылау үшін қалыптастырады.

2 2-тарау. Тарату қорын қалыптастыру тәртібі

4

4. Жою қорын қалыптастыру үшін полигон операторы полигон жобасында жерді жабу, рекультивациялау, қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және полигон жабылғаннан кейін ластануды бақылау жөніндегі жұмыстардың көлемін, сондай-ақ осы жұмыстарды орындау үшін қажетті құралдарды айқындайды. Сондай-ақ, полигон жобасында жұмыс жоспарына түзетулер енгізуді және оларды іске асыру шығындарының сомасын көздеу қажет.

5 5. Полигон жобасының негізінде полигон операторы жалпы сметалық құнын әзірлейді, ол полигон жобасында көрсетілген жұмыстарға байланысты барлық шығыстарды қамтуы тиіс. Көрсетілген шығындар инфляция индексін ескере отырып, жою жөніндегі жұмыстардың басталуының болжамды күніне есептеледі.

6

6. Тарату қоры полигонды пайдалану басталған күннен бастап полигон операторы жүзеге асыратын жыл сайынғы аударымдар есебінен қалыптастырылады. Тарату қорына жыл сайынғы аударымдарды полигон операторы полигон жойылатын кезеңге (жылдар санына) есептегенде полигонды таратуға арналған шығындардың жалпы сметалық құнына тікелей пропорционалды түрде айқындайды.

7

7. Тарату қорына жыл сайынғы аударымдарды полигон операторы Қазақстан Республикасының аумағындағы екінші деңгейдегі банктердегі жеке шотқа жүргізеді. Коммуналдық меншіктегі полигон операторы тарату қорын қалыптастыру үшін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ақшаны уақытша орналастырудың бақылау қолма-қол шоты ашылады.

8 8. Полигон операторы жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші тоқсаны ішінде қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органды тарату қорына өздері жүргізетін аударымдар туралы қосымшаға сәйкес хабардар етеді.

1 Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан Форма, предназначаенная для сбора административных данных

Полигон операторының
тарату қорын қалыптастыру
қағидаларына қосымша
нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Форма, предназначаенная для сбора административных данных
Ұсынылады: Қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті орган
Предоставляется: Уполномоченный орган в области охраны окружающей среды
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/?lang=ru
Форма административных данных размещена на интернет-ресурсе: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/?lang=ru
Әкімшілік деректердің атауы: «Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер»
Наименование административных данных: «Сведения об отчислениях в ликвидационный фонд»
Индексі нысаны: № 1-ТҚ /Индекс: форма № 1-ЛФ
Кезеңділігі: жылдық /Периодичность: годовая
есепті кезең: 20__жыл /период: 20__год
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: қалдықтарды көму полигонының иелері
Круг лиц, представляющих информацию: владельцы полигонов захоронения отходов
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың 31 наурызына дейін.
Срок представления формы административных данных: ежегодно до 31 марта года, следующего за отчетным периодом.
ЖСН/БСН
(деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)
ИИН/БИН
(не заполняется в случае представления данных физическими лицами, а также в агрегированном виде)

Өңір/Ре­ги­он
Әкім­ші­лік-аумақ­тық объ­ек­ті­лер­дің жік­те­уіш ко­ды /Код клас­си­фи­ка­тор ад­ми­ни­стра­тив­но-тер­ри­то­ри­аль­ных объ­ек­тов
По­ли­гон опе­ра­то­ры­ның ата­уы /На­име­но­ва­ние опе­ра­то­ра по­ли­го­на
Биз­нес-сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі / же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­мі­рі Биз­нес-иден­ти­фи­ка­ци­он­ный но­мер/ Ин­ди­ви­ду­аль­ный иден­ти­фи­ка­ци­он­ный но­мер
По­ли­гон­ның ор­на­лас­қан же­рі /Ме­сто­по­ло­же­ние по­ли­го­на
По­ли­гон жер учас­ке­сі­нің ка­дастр­лық нө­мі­рі /Ка­даст­ро­вый но­мер зе­мель­но­го участ­ка по­ли­го­на
Бе­не­фи­ци­ар­дың ата­уы /На­име­но­ва­ние бан­ка бе­не­фи­ци­а­ра
Екін­ші дең­гей­де­гі банк­те­гі неме­се бюд­жет­тi ат­қа­ру жөнiн­де­гi ор­та­лық уәкiлет­тi ор­ган­да­ғы та­ра­ту қо­рын қа­лып­та­сты­ру үшін шот нө­мі­рі /Но­мер сче­та для фор­ми­ро­ва­ния лик­ви­да­ци­он­но­го фон­да в бан­ке вто­ро­го уров­ня или в цен­траль­ном упол­но­мо­чен­ном ор­гане по ис­пол­не­нию бюд­же­та
Шот­тың жай-күйі (со­ма­сы), мың тең­ге /Со­сто­я­ние сче­та (сум­ма), ты­сяч тен­ге
Ес­керт­пе /При­ме­ча­ние
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Полигон операторының атауы /Наименование оператора полигона__________
____________________________________________________________________
Мекенжайы (полигонның орналасқан жері) /Адрес (местоположение полигона)
__________________________________________________________________
Полигон операторының орындаушысының телефоны /Телефон исполнителя
оператора полигона____________
Полигон операторының электрондық пошта мекенжайы /Адрес электронной
почты оператора полигона ___________
Орындаушы/Исполнитель____________________________ _________________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
/фамилия, имя и отчество (при ее наличии) подпись
Басшы немесе оның міндетін атқарушы тұлға /Руководитель или лицо,
исполняющее его обязанности _________________________ _______________
тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
/фамилия, имя и отчество (при ее наличии) подпись

1.1 «Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерге арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (1-ТҚ нысаны, жылдық)

«Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша
«Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер» әкімшілік
деректерге арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
(1-ТҚ нысаны, жылдық)

1

1. Осы түсіндірме Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 350-бабының 16-тармағына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес қоршаған ортаға әсер ету мониторингін жүргізу және полигон жабылғаннан кейін ластануды бақылау үшін «Тарату қорына аударымдар туралы мәліметтер» әкімшілік деректерге арналған нысанды толтыруға қойылатын бірыңғай талаптарды анықтайды.

2 2. Нысан тиісті полигон операторларымен толтырылады және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.

3 3. Нысан тегі мен инициалдарын көрсете отырып басшымен немесе оның міндетін атқарушы тұлғасымен (басшының міндетін атқарғаны туралы растайтын құжат болған кезде) қол қойылады.

4 4. Нысан қағаз жеткізгіште немесе электронды түрде беріледі.

5 5. № 1-ТҚ нысаны келесідей толтырылады:

2-бағанда деректер сұратылатын өңірлер көрсетіледі;
3-бағанда ҚР ҰЖ.11-2021 әкімшілік аумақтық объектілері жіктеуішіне сәйкес өңірлердің коды көрсетіледі;
4-бағанда полигон операторының атауы көрсетіледі;
5-бағанда заңды тұлғаларға бизнес-сәйкестендіру нөмірі немесе жеке кәсіпкерлерге жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
6-бағанда полигонның орналасқан жері (координаттары немесе мекенжайы) көрсетіледі;
7-бағанда полигонның орналасқан жері сұратылып отырған тиісті деректер көрсетіледі;
8-бағанда бенефициардың атауы көрсетіледі;
9-бағанда екінші деңгейдегі банктегі немесе бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органдағы тарату қорын қалыптастыру үшін шот нөмірі көрсетіледі;
10-бағанда шоттың жай-күйі (сомасы), мың теңге көрсетіледі;
11-бағанда болған жағдайда ескертпелер көрсетіледі.

Қолданыстағы