Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил взаимодействия структурных подразделений Министерства обороны, Генерального штаба и Вооруженных Сил Республики Казахстан при формировании государственного оборонного заказа

Бұйрық · № 684 · қабылданған 18.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-171038/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
Об утверждении Правил взаимодействия структурных подразделений Министерства обороны, Генерального штаба и Вооруженных Сил Республики Казахстан при формировании государственного оборонного заказа Қолданыста Бұйрық ·№ 684 ·18.08.2022
30.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил взаимодействия структурных подразделений Министерства обороны, Генерального штаба и Вооруженных Сил Республики Казахстан при формировании государственного оборонного заказа

Қолданыста Бұйрық ·№ 684 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил взаимодействия структурных подразделений Министерства обороны, Генерального штаба и Вооруженных Сил Республики Казахстан при формировании государственного оборонного заказа
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
684
Қабылданған күні
18.08.2022
Көрсетілген редакция
30.09.2025 171038_785324.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22B0000684
ЭКБ идентификаторы
171038
Редакция идентификаторы
171038_785324
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:34

0 Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 6 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 166) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылы қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің «20015 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықтыҚазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жолдауды;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3

3) Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінеорналастырылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3

3. «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мүддесінде мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру және мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 312 бұйрығы жойылсын.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

6 6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастапқолданысқа енгізіледі.

0 Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимыл жасау қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2022 жылғы «18» тамыздағы № 684
бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған
кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі,
Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің
өзара іс-қимыл жасау қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1 1. Осы Қағидалар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастырған кезде Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі, Бас штабы және Қарулы Күштері құрылымдық бөлімшелерінің өзара іс-қимылын айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:

1 1) ағымдағы қаржы жылы – жоспарлы жыл алдындағы жыл;

2 2) алушы – қорғаныстық тапсырыс өнімін тікелей қабылдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Бас штабының, Қарулы Күштерінің құрылымдық бөлімшесі, сондай-ақ республикалық мемлекеттік мекеме;

3

3) жабдықталым органдары – мүддесінде әскери мақсаттағы тауармен (өніммен), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауармен (өніммен), әскери мақсаттағы жұмыспен және әскери мақсатта көрсетілетін қызметпен (бұдан әрі – қорғаныстық тапсырыс өнімі) қамтамасыз ету жүргізілетін, тактикалық-техникалық тапсырманы (техникалық ерекшелікті, тактикалық-техникалық сипаттаманы) (бұдан әрі – техникалық тапсырма) әзірлеуді, сондай-ақ оларды қабылдауды бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштері Бас штабының құрылымдық бөлімшелері, республикалық мемлекеттік мекемелер;

4 4) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс саласында басшылық жасауды және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрілігінің құрылымдық бөлімшесі;

5 5) уәкілетті құрылымдық бөлімше – уәкілетті органмен мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселелері бойынша өзара іс-қимылды үйлестіруге жауапты Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің құрылымдық бөлімшесі.

3 3. Жабдықталым органдарына және алушыларға бір тұлға ретінде әрекет етуге жол беріледі.

2 2-тарау. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру

1 1-параграф. Техникалық тапсырманы қалыптастыру

4

4. Қорғаныстық тапсырыс өніміне техникалық тапсырманы қалыптастыруды жабдықталым органдары «Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабы 2-тармағының талабын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 14 қазандағы № 759 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты қалыптастыру, орналастыру және орындау қағидаларының ережелерін ескеріп жүзеге асырады.
Жабдықталым органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам техникалық тапсырманы бекітеді.

5

5. Жабдықталым органдары алдындағы қаржы жылының 15 қыркүйегінен кешіктірмей уәкілетті құрылымдық бөлімшеге сатып алу жоспарланған қорғаныстық тапсырыс өнімінің саны (көлемі) мен жеткізу орны туралы мәліметтерді қоса беріп, тиісті жоспарлы кезеңге арналған қажетті қорғаныстық тапсырыс өніміне техникалық тапсырманы қағазда және электрондық түрде жібереді.
Сатып алу жоспарланған қорғаныстық тапсырыс өнімі бойынша жиынтық мәліметтерді жабдықталым органдары уәкілетті құрылымдық бөлімшеге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жоспарлы кезеңге арналған техникалық тапсырмалардың бірыңғай тізбесімен жібереді.
Бұл ретте тиісті жоспарлы кезеңге дейін екі жылғы кезең алдындағы қаржы жылы болып табылады.

6 6. Техникалық тапсырмада мазмұндалған қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауы жіберілетін тізбедегі және кейіннен қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінімдегі қорғаныстық тапсырыс өнімінің атауына сәйкес келуге тиіс.

7

7. Баға ұсыныстарын алу мақсатында уәкілетті құрылымдық бөлімше алдындағы қаржы жылының 1 қарашасынан кешіктірмей техникалық тапсырмаларды жинақтауды жүзеге асырады және сатып алу жоспарланған қорғаныстық тапсырыс өнімінің саны (көлемі) мен жеткізу орны туралы жиынтық мәліметтерді (тізбені) қоса беріп, оларды уәкілетті органға жібереді.

2 2-параграф. Қорғаныстық тапсырыс өнімінің болжамды тізімін қалыптастыру

8 8. Уәкілетті құрылымдық бөлімше алдындағы қаржы жылының 15 қарашасына дейінгі мерзімде шығыс лимитін қалыптастырады, одан кейін оларды Қорғаныс министрінің мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс мәселесіне жетекшілік ететін орынбасарымен келіседі.

Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыспен бекітілген жалпы лимит шегіндегі шығыс лимиті тиісті жоспарлы кезеңге әрбір жабдықталым органына жеткізіледі.

9

9. Жабдықталым органдары ағымдағы қаржы жылының 10 қаңтарына дейінгі мерзімде уәкілетті орган ұсынған бағаға сәйкес уәкілетті құрылымдық бөлімшеге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті жоспарлы кезеңге мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде сатып алу жоспарланған іс-шаралардың бекітілген болжамды тізімін және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қару-жарақпен және әскери техникамен, құралдармен және мүлікпен жабдықтаудың заттай нормаларының қаржылық қамтамасыз етілуі туралы ақпаратты ұсынады.
Бекітілген шығыс лимитінің шегіне кірмеген қорғаныстық тапсырыс өнімін жабдықталым органы осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бекітілген шығыс лимитінің шегіне кірмеген тиісті жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс өніміне қосымша қажеттілік ретінде көрсетеді.
Бұл ретте жоспарлы кезеңнің алдындағы жыл ағымдағы қаржы жылы болып табылады.

10

10. Жабдықталым органдары қорғаныстық тапсырыс өнімінің бекітілген болжамды тізімінде қамтамасыз ету түрлері бойынша жабдықтау нормаларына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға немесе жарақтандыруға қабылданған, жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерді қоспағанда, қызмет бағыттары бойынша дамыту жол карталарына сәйкес келетін не сатып алу жоспарланған өнімді тәжірибелік үлгі ретінде көрсетеді.

11

11. Уәкілетті құрылымдық бөлімше ұсынылған болжамды тізімге сәйкес ағымдағы қаржы жылының 15 ақпанына дейінгі мерзімде бұрын тиісті жоспарлы кезеңге арналған қорғаныстық тапсырыспен бекітілген сома шегінде қорғаныстық тапсырыс өнімінің болжамды жиынтық тізімін қалыптастырады және уәкілетті органға жібереді.
Бөлінген лимит шегінде қосымша қажеттілік болған кезде уәкілетті құрылымдық бөлімше уәкілетті органға қосымша өтінім жібереді.

3 3-параграф. Қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінімді қалыптастыру

12 12. Қорғаныстық тапсырыс өніміне өтінімдерді қалыптастыруды жабдықталым органы қызмет бағыттары бойынша жүзеге асырады.

13 13. Жабдықталым органдары тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойылғаннан кейін ағымдағы қаржы жылының 5 желтоқсанына дейін уәкілетті құрылымдық бөлімшеге осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорғаныстық тапсырыс өніміне бекітілген өтінімдерді ұсынады.

Бұл ретте жабдықталым органдары өтінімдерде қамтамасыз ету түрлері бойынша жабдықтау нормаларына сәйкес келетін, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарын қаруландыруға немесе жарақтандыруға қабылданған, жиынтықтаушы және қосалқы бөлшектерді қоспағанда, қызмет бағыттары бойынша дамыту жол карталарына сәйкес келетін не сатып алу жоспарланған қорғаныстық тапсырыс өнімін тәжірибелік үлгі ретінде ескереді.

14 14. Уәкілетті құрылымдық бөлімше іс жүргізуге өтінімдер түскен сәттен бастап жоспарланған кезеңге Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қорғаныстық тапсырыс өніміне жиынтық өтінімді (бұдан әрі – жиынтық өтінім) қалыптастырады.

15 15. Уәкілетті құрылымдық бөлімше жиынтық өтінімді бекіту үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министріне ұсынады және тиісті жоспарлы кезеңге арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойылғаннан кейін ағымдағы қаржы жылының 15 желтоқсанына дейінгі мерзімде оны уәкілетті органға жібереді.

16

16. Тиісті кезеңге арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық актісіне қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде уәкілетті құрылымдық бөлімше уәкілетті органға нақтыланған жиынтық өтінімді ұсынады.

17 17. Жабдықталым органы үлгілерін заттай мүлік үлгілерін бекіту жөніндегі комиссия бекіткен ұйымдар бекітілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде уәкілетті органға үлгілерді бекіту актісін жібередіы.

4 4-параграф. Тізілімді қалыптастыру бойынша комиссия, орындаушыларды таңдау бойынша конкурстық комиссия (комиссиялар)

18 18. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша жабдықталым органдары және/немесе алушылар тізілімді қалыптастыру бойынша комиссияға қосу үшін өкілді айқындайды.

19 19. Уәкілетті органның сұрау салуы бойынша жабдықталым органдары және/немесе алушылар орындаушыларды таңдау бойынша комиссияға (комиссияларға) қосу үшін қызмет бағыты бойынша арнайы білімі бар өкілді (маманды) айқындайды.

20 20. Жабдықталым органының бірінші басшысы немесе оның міндетін атқаратын адам өкілдің (маманның) комиссия отырысына уақтылы келуін қамтамасыз етеді.

3 3-тарау. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау

21 21. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шарты (бұдан әрі – шарт) әскери өкілдікпен келісіледі.

Әскери өкілдіктің шарт жобасын келісуі күнтізбелік үш күн ішінде жүргізіледі.

22 22. Уәкілетті орган қол қойылған шарттың бір данасын алушыға, шарттың көшірмесін жабдықталым органына жібереді.

23 23. Шарттың талаптарын сақтамау фактілері бойынша алушы шарттың тараптарын және уәкілетті құрылымдық бөлімшені дереу хабардар етеді.

24 24. Уәкілетті орган жасалған шарт талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін қызмет бағыты бойынша жабдықталым органының және/немесе алушының лауазымды адамдарын өз өкілдері ретінде тартуға құқылы.

25 25. Алушы уәкілетті органды жасалған шарт талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру үшін өз өкілдерін жіберу туралы хабардар етеді.

26 26. Өкіл бақылау аяқталғаннан кейін күнтізбелік бес күн ішінде уәкілетті органға қорытындылар туралы жазбаша есепті ұсынады.

27 27. Жабдықталым органы және/немесе алушы уәкілетті органның сұрау салуы бойынша шарт бойынша туындаған келіспеушіліктерді немесе дауларды шешу үшін тікелей келіссөздер процесіне, сондай-ақ соттарға өз өкілдерінің қатысуын қамтамасыз етеді.

1 Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты

қалыптастырған кезде
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі, Бас
штабы және Қарулы Күштері
құрылымдық бөлімшелерінің
өзара іс-қимыл жасау қағидаларына
1-қосымша
Нысан
________________
(шектеу дәрежесі)
Р/с №
Тех­ни­ка­лық тап­сыр­ма­да­ғы өнім­нің ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
20 _ жыл
20__ жыл
20__ жыл
Ес­керт­пе
Са­ны (кө­ле­мі)
Жет­кі­зу мер­зі­мі
Жет­кі­зу ор­ны
Са­ны (кө­ле­мі)
Жет­кі­зу мер­зі­мі
Жет­кі­зу ор­ны
Са­ны (кө­ле­мі)
Жет­кі­зу мер­зі­мі
Жет­кі­зу ор­ны
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1. Әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы та­у­ар­ды (өнім­ді) са­тып алу
2. Қо­сар­лан­ған мақ­сат­та­ғы (қол­да­ны­с­та­ғы) та­у­ар­ды (өнім­ді) са­тып алу
3. Әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы жұ­мысты орын­дау
4. Әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы қыз­мет­ті көр­се­ту
М.О. __________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)
Ескертпе:

1 1. Осы нысанды жабдықталым органдары әзірлейді және уәкілетті құрылымдық бөлімшеге электрондық түрде (.xls кеңейту) немесе қағаз түрінде жібереді.

2 2. Техникалық тапсырмаларды жабдықталым органдары әзірлейді және уәкілетті құрылымдық бөлімшеге электрондық түрде (.pdf кеңейту) немесе қағаз түрінде жібереді, оларда елтаңбалы мөрмен расталған тиісті уәкілетті лауазымды адамдардың қолтаңбалары болады.

2 Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты

қалыптастырған кезде
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі, Бас
штабы және Қарулы Күштері
құрылымдық бөлімшелерінің
өзара іс-қимыл жасау қағидаларына
2-қосымша
Нысан
_____________
(шектеу дәрежесі)
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің орынбасары
(осы құрылымдық бөлімшеге
жетекшілік ететін)
Р/с №
Өнім ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
20 __ жыл
20 __ жыл
20 __ жыл
Ес­керт­пе
Са­ны
Бір­лік үшін ба­ға­сы (тең­ге­де)
Жал­пы со­ма­сы (мың тең­ге­де)
Са­ны
Бір­лік үшін ба­ға­сы (тең­ге­де)
Жал­пы со­ма­сы (мың тең­ге­де)
Са­ны
Бір­лік үшін ба­ға­сы (тең­ге­де)
Жал­пы со­ма­сы (мың тең­ге­де)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1. Әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы та­у­ар­ды (өнім­ді) са­тып алу
Жиы­ны
2. Қо­сар­лан­ған мақ­сат­та­ғы (қол­да­ны­с­та­ғы) та­у­ар­ды (өнім­ді) са­тып алу
Жиы­ны
.
3. Әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы жұ­мысты орын­дау
Жиы­ны
4. Әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы қыз­мет­ті көр­се­ту
Жиы­ны
БАР­ЛЫ­ҒЫ:
Ескертпе: Осы нысанды жабдықталым органдары әзірлейді және уәкілетті құрылымдық бөлімшеге электрондық түрде (.xls кеңейту) немесе қағаз түрінде жібереді.
М.О. _____________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)

3 Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты

қалыптастырған кезде
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі, Бас
штабы және Қарулы Күштері
құрылымдық бөлімшелерінің
өзара іс-қимыл жасау қағидаларына
3-қосымша
Нысан
________________
(шектеу дәрежесі)
Р/с №
Заттай нор­ма­ның ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Ти­е­сі­лік нор­ма­сы
Бар бо­луы
20___ жы­л­ғы 01.01. нақ­ты қол­да ба­ры
Са­тып алын­ған жы­лы
Пай­да­ла­ну мер­зі­мі (жыл)
Ағым­да­ғы қар­жы жы­лын­да есеп­тен шы­ға­ры­лу­ға ти­іс
Бір бір­лік үшін ор­та­ша ба­ға­сы, тең­ге
Ағым­да­ғы қар­жы жы­лын­да са­тып алу жос­пар­лан­ған
Са­ны
Құ­ны (мың тең­ге)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Кестенің жалғасы
Жал­пы қа­жет­ті­лік
Оның ішін­де
202__ жы­л­ға са­тып алу көз­дел­ген
202__ жы­л­ға са­тып алу көз­дел­ген
202__ жы­л­ға са­тып алу көз­дел­ген
202__ жыл­дан кей­ін са­тып алу жос­пар­ла­ну­да
Са­ны
Құ­ны (мың тең­ге)
Са­ны
Құ­ны (мың тең­ге)
Са­ны
Құ­ны (мың тең­ге)
Са­ны
Құ­ны (мың тең­ге)
Са­ны
Құ­ны (мың тең­ге)
12
13
14
15
16
17
18
19
20
21
_____________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)

4 Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты

қалыптастырған кезде
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі, Бас
штабы және Қарулы Күштері
құрылымдық бөлімшелерінің өзара
іс-қимыл жасау қағидаларына
4-қосымша
Нысан
______________
(шектеу дәрежесі)
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің орынбасары
(осы құрылымдық бөлімшеге
жетекшілік ететін)
Р/с

Өнім ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
20 __ жыл
20 __ жыл
20 __ жыл
Ес­керт­пе
Са­ны
Бір­лік үшін ба­ға­сы (тең­ге­де)
Жал­пы со­ма­сы (мың тең­ге­де)
Са­ны
Бір­лік үшін ба­ға­сы (тең­ге­мен)
Жал­пы со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
Са­ны
Бір­лік үшін ба­ға­сы (тең­ге­мен)
Жал­пы со­ма­сы (мың тең­ге­мен)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1. Әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы та­у­ар­ды (өнім­ді) са­тып алу (ба­сым­ды­лық тәр­ті­бін­де көр­се­ті­л­ген)
Жиы­ны:
2. Қо­сар­лан­ған мақ­сат­та­ғы (қол­да­ны­с­та­ғы) та­у­ар­ды (өнім­ді) са­тып алу (ба­сым­ды­лық тәр­ті­бін­де көр­се­ті­л­ген)
Жиы­ны:
.
3. Әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы жұ­мысты орын­дау (ба­сым­ды­лық тәр­ті­бін­де көр­се­ті­л­ген)
Жиы­ны:
.
4. Әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы қыз­мет­ті көр­се­ту (ба­сым­ды­лық тәр­ті­бін­де көр­се­ті­л­ген)
Жиы­ны:
.
БАР­ЛЫ­ҒЫ:
.
М.О. ____________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және иницалдары)
Ескертпе: Осы нысанды жабдықталым органдары әзірлейді және уәкілетті құрылымдық бөлімшеге электрондық түрде (.xls кеңейту) немесе қағаз түрінде жібереді.

5 Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты

қалыптастырған кезде
Қазақстан Республикасының
Қорғаныс министрлігі, Бас
штабы және Қарулы Күштері
құрылымдық бөлімшелерінің
өзара іс-қимыл жасау қағидаларына
5-қосымша
Нысан
________________
(шектеу дәрежесі)
Бекітемін
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің орынбасары
(осы құрылымдық бөлімшеге
жетекшілік ететін)
Р/с

Өнім ата­уы
Өл­шем бірл.
20 __ жыл
20 __ жыл
20 __ жыл
Ес­керт­пе
Са­ны
Бір­лік үшін ба­ға­сы (тең­ге­де)
Жал­пы со­ма­сы (мың тең­ге­де)
Са­ны
Бір­лік үшін ба­ға­сы (тең­ге­де)
Жал­пы со­ма­сы (мың тең­ге­де)
Са­ны
Бір­лік үшін ба­ға­сы (тең­ге­де)
Жал­пы со­ма­сы (мың тең­ге­де)
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
1. Әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы та­у­ар­ды (өнім­ді) са­тып алу
Жиы­ны:
2. Қо­сар­лан­ған мақ­сат­та­ғы (қол­да­ны­с­та­ғы) та­у­ар­ды (өнім­ді) са­тып алу)
Жиы­ны:
3. Әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы жұ­мысты орын­дау
Жиы­ны:
4. Әс­ке­ри мақ­сат­та­ғы қыз­мет­ті көр­се­ту
Жиы­ны:
БАР­ЛЫ­ҒЫ:
М.О. ________________________________________________________________
(құрылымдық бөлімше, мекеме бастығының лауазымы, әскери атағы, қолы, тегі және инициалдары)
Ескертпе: Осы нысанды жабдықталым органдары әзірлейді және уәкілетті құрылымдық бөлімшеге электрондық түрде (.xls кеңейту) немесе қағаз түрінде жібереді.

Қолданыстағы