Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Астраханского района, Акмолинской области

Ереже · № 7С-27-4 · қабылданған 26.08.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 20.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-171176/on/2026-09-20/
Басып шығарылды 2026-09-20 · adilet.kz
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Астраханского района, Акмолинской области Күшін жойған 30.09.2022 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Астраханского района, Акмолинской области

Күшін жойған Ереже № 7С-27-4 20.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села, улицы, многоквартирного жилого дома для участия в сходе местного сообщества на территории Астраханского района, Акмолинской области
Атауы (қаз.)
Ақмола облысы, Астрахан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санының айқындау қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
7С-27-4
Қабылданған күні
26.08.2022
Көрсетілген редакция
30.09.2022 171176_595291.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22BF07274M
ЭКБ идентификаторы
171176
Редакция идентификаторы
171176_595291
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:24
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
20.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ақмола облысы, Астрахан ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санының айқындау қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3 бабындағы 6 тармағына, «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысына сәйкес, Астрахан аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Ақмола облысы, Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

2. Қоса беріліп отырған Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес бекітілсін.

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Астрахан ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Астрахан аудандық мәслихатының
2022 жылғы 26 тамыздағы
№ 7С-27-4 шешімімен
бекітілді
Астрахан ауданының аумағындағы жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Осы Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және ауыл, ауылдық округ, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің қағидаларда белгілейді.

2. Осы қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдың, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдың, ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауыл, ауылдық округ әкімі аудандық бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе Астрахан ауданы әкімдігінің ресми сайты, Астрахан ауданы ауылдық округтерінің және Каменка ауылының әлеуметтік желіліері арқылы олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл, ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.

Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастық жиыны мен жергілікті қоғамдастық жиналысына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауыл, ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, он жұмыс күні ішінде оған төраға мен хатшы қол қояды және ол тиісті ауыл, ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

19 Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау

Астрахан аудандық мәслихатының
2022 жылғы 26 тамыздағы
№ 7С-27-4 шешімімен
бекітілді
Астрахан ауданының елді мекендері аумағындағы жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің санын айқындау
Р/с

Астрахан
ауданының
елді мекенінің атауы
Астрахан ауданының елді мекендері
аумағындағы жергілікті қоғамдастық
жиынына қатысу үшін ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің
саны (адам)
Астрахан ауылдық округі
1
Астрахан ауылы
58
2
Тобылжан ауылы
3
3
Жаңабірлік ауылы
1
Жалтыр ауылдық округі
4
Жалтыр ауылы
70
5
Ақбейіт ауылы
1
6
Жарсуат ауылы
3
7
Ягодное ауылы
1
Есіл ауылдық округі
8
Зеленое ауылы
16
9
Шілікті ауылы
2
10
Степное ауылы
3
Первомай ауылдық округі
11
Первомайка ауылы
22
12
Лозовое ауылы
3
13
Камышенка ауылы
10
Острогорск ауылдық округі
14
Жаңа Колутон ауылы
8
15
Қаракөл ауылы
2
Старый Колутон ауылдық округі
16
Старый Колутон ауылы
13
17
Ковыленка ауылы
3
18
Қоскөл ауылы
2
19
Еңбек ауылы
2
Колутон ауылдық округі
20
Колутон ауылы
13
21
Бірлік ауылы
1
Қызылжар ауылдық округі
22
Жаңа-Тұрмыс ауылы
13
23
Акимовка ауылы
3
24
Оксановка ауылы
3
Ұзынкөл ауылдық округі
25
Ұзынкөл ауылы
3
26
Алғабас ауылы
1
27
Бұлақты ауылы
2
Каменка ауылы
28
Каменка ауылы
12
Николаев ауылдық округі
29
Петровка ауылы
14
30
Жамбыл ауылы
3
31
Өрнек ауылы
2
Новочеркасск ауылдық округі
32
Новочеркасс ауылы
21
33
Өндіріс ауылы
3
34
Приишимка ауылы
3