Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения мониторинга эффективности внешней оценки биологических рисков

Бұйрық · № ҚР ДСМ-93 · қабылданған 27.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-171182/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения мониторинга эффективности внешней оценки биологических рисков Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-93 ·27.08.2022
27.08.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.08.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения мониторинга эффективности внешней оценки биологических рисков

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-93 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения мониторинга эффективности внешней оценки биологических рисков
Атауы (қаз.)
Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін мониторингтеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-93
Қабылданған күні
27.08.2022
Көрсетілген редакция
27.08.2022 171182_597997.kaz
Соңғы өзгеріс
27.08.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029369
ЭКБ идентификаторы
171182
Редакция идентификаторы
171182_597997
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:22

0 Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау

тиімділігін мониторингтеуді жүргізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қоса беріліп отырған Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін мониторингтеуді жүргізу қағидалары бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2022 жылғы 23 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министірлігі

0 Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін мониторингтеуді жүргізу қағидалары

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2022 жылғы 27 тамыздағы
№ ҚР ДСМ-93 бұйрығына
қосымша
Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін мониторингтеуді жүргізу қағидалары

1 1 тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін мониторингтеуді өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 12) тармақшасына сәйкес әзірленді және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган, биологиялық қауіп-қатерлерді ерте анықтау және болдырмау мақсатында ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі органдар жүргізетін, биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін мониторингтеуді жүргізу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1 1) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектінің қызметі нәтижелерінің сапасын бағалауға арналған шаралар жүйесі;

2 2) биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін мониторингтеу – (бұдан әрі – мониторинг) – биологиялық қауіпсіздік саласында ақпарат жинау, биологиялық тәуекелдерді талдау және бағалау бойынша шаралар жиынтығы;

3 3) биологиялық тәуекелдерді ішкі бағалау – патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектінің өз қызметі нәтижелерінің сапасын бағалауға арналған шаралар жүйесі.

2 2-тарау. Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігіне мониторинг жүргізу тәртібі

3 3. Мониторингті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреті шегінде биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) жүзеге асырады. Мониторинг жүргізу үшін уәкілетті орган биологиялық қауіпсіздік саласындағы сарапшыларды тартуға құқылы.

4 4. Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалаудың тиімділігіне мониторинг жүргізу мынадай кезеңдерден тұрады:

1 1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы мәліметтер мен деректерді жинау;

2 2) анықталған биологиялық тәуекелдерді талдау;

3 3) анықталған биологиялық тәуекелдерді бағалау;

4 4) биологиялық тәуекелдерді болжау (модельдеу);

5 5) мониторинг нәтижелері туралы қорытынды дайындау;

6 6) биологиялық тәуекелдерді төмендету және (немесе) жою жөніндегі шараларды (іс-шараларды) әзірлеу.

5

5. Мониторинг үшін мәліметтер мен деректерді жинау рұқсат беру жүйесінің, мемлекеттік бақылаудың, есептік құжаттаманың, жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілерді ішкі бағалау нәтижелерінің, мемлекеттік органдарды, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қарамағындағы ақпараттық жүйелерді сыртқы бағалау нәтижелерінің деректері, сондай-ақ ашық көздерден алынған өзге де деректер бойынша жүзеге асырылады.

6 6. Осы Қағидалардың 4-тармағының 2) – 6) тармақшаларында көзделген кезеңдерді орындау үшін уәкілетті орган ережесі мен құрамын уәкілетті органның бірінші басшысы бекітетін тұрақты жұмыс істейтін комиссия құрады.

7 7. Биологиялық тәуекелдерді талдау осы тәуекелдердің себептері мен көздерін, олардың оң және теріс салдарын және осы салдардың пайда болу ықтималдығын қарастыруды қамтиды. Биологиялық тәуекелдерді талдау шеңберінде олардың салдары мен пайда болу ықтималдығына әсер ететін факторлар анықталады.

8 8. Биологиялық тәуекелдерді бағалау биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалауды осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген сыртқы бағалаудың тиімділік өлшемшарттарымен (индикаторларымен) салыстыруды қамтиды.

9

9. Бағалау нәтижелері бойынша нәтижелері биологиялық тәуекелдерді азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын тиімді қалыптастыру үшін пайдаланылатын Заңның 9-бабының 3) тармақшасына сәйкес бекітілетін Биологиялық қауіпсіздік саласында есепке алу, мониторинг пен болжауды (модельдеуді) жүргізу қағидаларына сәйкес биологиялық тәуекелдерді болжау (модельдеу) жүргізіледі.

10 10. Мониторинг нәтижелері бойынша осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мониторинг нәтижелері туралы қорытынды ресімделеді.

11 11. Мониторинг жылына кемінде 1 (бір) рет кезеңділікпен күнтізбелік 30 күн ішінде жүргізіледі.

12

12. Заңның 5 - бабы 1-тармағының 1) - 5), 11) және 15) тармақшаларында көзделген биологиялық қауіп-қатерлер туындаған кезде уәкілетті орган жоспардан тыс мониторингті жүзеге асырады. Осы тармақтың талаптары шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін адамның және (немесе) жануарлардың аса қауіпті инфекциялық ауруы тіркелген кезде қолданылады.

13

13. Жүргізілген мониторинг нәтижелері Қазақстан Республикасының ақпаратқа және мемлекеттік құпияларға қол жеткізу туралы заңнамасы талаптарының сақталуын ескере отырып, биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйеде, сондай-ақ уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылуға жатады.

14 14. Сыртқы бағалаудың тиімділік өлшемшарттары (индикаторлары) мыналар болып табылады:

1 1) Заңның 5-бабының 1-тармағында көзделген негізгі биологиялық қауіп-қатерлердің туындауы;

2 2) белгіленген және ықтимал биологиялық тәуекелдерді іске асыру;

3 3) биологиялық тәуекелдің жоғары санатқа ауысуы;

4

4) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның, ветеринария, өсімдіктерді қорғау, ғылым саласындағы, өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдардың Заңның 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бекітілетін Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесінде белгіленген биологиялық тәуекелдерге сыртқы бағалау жүргізу еселігін сақтамауы;

5 5) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің Заңның 10-бабы 2-тармағының 5) тармақшасына сәйкес бекітілетін Биологиялық тәуекелдерді басқару әдістемесінде белгіленген биологиялық тәуекелдерге ішкі бағалау жүргізу жиілігін сақтамауы;

6 6) биологиялық тәуекелдерді азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындамау;

7 7) тұрақты бақылауды және мониторингті талап ететін биологиялық тәуекелдерді қоспағанда, биологиялық тәуекелдерді азайту серпінінің болмауы.

15 15. Осы Қағидалардың 14-тармағында көзделген өлшемшарттардың бірі туындаған кезде комиссия уәкілетті органға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша биологиялық тәуекелдерді азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын түзету және іске асыру жөніндегі ұсынымдарды ұсынады.

16 16. Уәкілетті орган биологиялық тәуекелдерді азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шаралар жоспарын түзету және іске асыру үшін тиісті реттеу саласының мемлекеттік органына жібереді.

1 Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін мониторингтеу нәтижелері туралы қорытынды

Биологиялық тәуекелдерді
сыртқы бағалау тиімділігін
мониторингтеуді жүргізу
қағидаларына
1-қосымша
Нысан
Биологиялық тәуекелдерді сыртқы бағалау тиімділігін
мониторингтеу нәтижелері туралы қорытынды

Сырт­қы ба­ға­лау ти­ім­ді­лі­гі­нің өл­шем­шар­тта­ры (ин­ди­ка­тор­ла­ры)
Ес­керт­пе
1
Заң­ның 5-ба­бы­ның 1-тар­ма­ғын­да көз­дел­ген негіз­гі био­ло­ги­я­лық қа­уіп-қа­тер­лер­дің туын­да­уы
2
Бел­гі­лен­ген және ық­ти­мал био­ло­ги­я­лық тәу­е­кел­дер­ді іс­ке асы­ру
3
Био­ло­ги­я­лық тәу­е­кел­дің жо­ға­ры са­нат­қа ауы­суы
4
Ха­лық­тың са­ни­та­ри­я­лық-эпи­де­мио­ло­ги­я­лық са­ла­мат­ты­лы­ғы са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ор­ган­ның, ве­те­ри­на­рия, өсім­дік­тер­ді қор­ғау, ғы­лым са­ла­сын­да­ғы, өсім­дік­тер ка­ран­ти­ні жө­нін­де­гі уәкі­лет­ті ор­ган­дар­дың био­ло­ги­я­лық тәу­е­кел­дер­ге сырт­қы ба­ға­лау жүр­гі­зу жи­і­лі­гін сақ­тал­мауы
5
Па­то­ген­ді био­ло­ги­я­лық агент­тер­мен жұ­мыс іс­те­уді жү­зе­ге асы­ра­тын субъ­ек­ті­лер­дің Заң­ның 10-ба­бы­ның 2-тар­ма­ғы­ның 5) тар­мақ­ша­сы­на сәй­кес бе­кі­ті­ле­тін Био­ло­ги­я­лық тәу­е­кел­дер­ді бас­қа­ру әді­сте­ме­сін­де бел­гі­лен­ген био­ло­ги­я­лық тәу­е­кел­дер­ге іш­кі ба­ға­лау жүр­гі­зу жи­і­лі­гін сақ­та­мауы
6
Био­ло­ги­я­лық тәу­е­кел­дер­ді азай­ту және (неме­се) жою жө­нін­де­гі іс-ша­ра­лар жос­па­рын орын­да­мау
7
Тұ­рақ­ты ба­қы­ла­уды және мо­ни­то­ринг­ті та­лап ете­тін био­ло­ги­я­лық тәу­е­кел­дер­ді қо­с­па­ған­да, био­ло­ги­я­лық тәу­е­кел­дер­ді азай­ту сер­пі­ні­нің бол­мауы
8
Де­ректер­ді ұсын­бау неме­се дәй­ек­сіз де­ректер­ді ұсы­ну
Қорытынды (тиімді / тиімсіз):_________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________________________________________________
Комиссия мүшелері:
__________________________ _____________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________ _______________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)
____________________________ _______________ _______________________
(лауазымы) (қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

2 Биологиялық тәуекелдерді азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Биологиялық тәуекелдерді
сыртқы бағалау
тиімділігін мониторингтеуді
жүргізу қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Биологиялық тәуекелдерді азайту және (немесе) жою жөніндегі іс-шаралар жоспары

Ша­ра­лар­дың (іс-ша­ра­лар­дың) си­патта­ма­сы
Орын­дау мер­зім­де­рі
1
2
3

Қолданыстағы