Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Шалгинский города Каражал
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории поселка Шалгинский города Каражал
- Атауы (қаз.)
- Қаражал қаласы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 154
- Қабылданған күні
- 18.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 22.08.2024 171213_716910.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.08.2024
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22HC00154M
- ЭКБ идентификаторы
- 171213
- Редакция идентификаторы
- 171213_716910
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:34
0 Қаражал қаласы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы №1106 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2021 жылғы 5 қазандағы № 707 қаулысына сәйкес ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Қаражал қаласы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары бекітілсін.
2 2. Қаражал қалалық мәслихатының келесі шешімдерінің күші жойылған деп танылсын:
1 1) «Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары туралы» 2014 жылғы 31 наурыздағы №220 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2622 нөмірімен тіркелген) шешімі;
2
2) «Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қаражал қалалық мәслихатының 2014 жылғы 31 наурыздағы XXVIII сессиясының №220 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» 2016 жылғы 23 желтоқсандағы № 74 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 4129 нөмірімен тіркелген).
3 3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
6 Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары
Қаражал қалалық мәслихатының
2022 жылғы 18 тамыздағы
№154 шешіміне
қосымша
Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын
өткізу қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Осы Шалғы кентінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленді және Шалғы кенті тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің үлгі тәртібін белгілейді.
2 2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3 3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Шалғы кентінің аумағы учаскелерге ( шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.
4 4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін әр көшеден саны үш адамнан тұратын өкілдер сайланады.
5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шалғы кентінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Шалғы кентінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе ұялы байланыс арқылы қоңырау шалу немесе Whatsapp, Instagram, Telegram мессенджерлерін пайдалану арқылы хабарлама жіберу тәсілімен, өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7 7. Олардың тұрғылықты жері шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Шалғы кентінің әкімі ұйымдастырады.
Шағын аудан немесе көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.
8
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті кенттің, шағын ауданның, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастық жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы кентте, шағын ауданда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Шалғы кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Шалғы кентінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.