Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Экибастузского сельского округа города Экибастуза
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества на территории Экибастузского сельского округа города Экибастуза
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 159/21
- Қабылданған күні
- 25.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 22.09.2023 171232_655665.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.09.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22PC15921M
- ЭКБ идентификаторы
- 171232
- Редакция идентификаторы
- 171232_655665
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:27
0 Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің
сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 39-3 - бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген, Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес, Екібастұз қалалық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қоса беріліп отырған Қағидалары бекітілсін.
2. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің әрбір ауылы тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы ауыл тұрғындарының жалпы санынан 1 (бір) % (пайыз), бірақ 1 (бір) адамнан кем емес және 3 (үш) адамнан аспайтын мөлшерде бекітілсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары
Екібастұз қалалық
мәслихатының 2022 жылғы
«25» тамыздағы
№ 159/21 шешіміне
қосымша
Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің Қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңы 39-3 - бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген, Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларына сәйкес әзірленді және Екібастұз қаласы Екібастұз ауылдық округінің аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Екібастұз ауылдық округінің аумағы учаскелерге (ауылдар) бөлінеді.
4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.
5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Екібастұз ауылдық округінің әкімі шақырады және ұйымдастырады.
6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Екібастұз ауылдық округінің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.
7. Ауылдар шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді Екібастұз ауылдық округінің әкімі ұйымдастырады.
8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.
9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Екібастұз ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Екібастұз ауылдық округінің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.