Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым разделение на лоты по их однородным видам и по месту их поставки (выполнения, оказания) не требуется
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении перечня товаров, работ, услуг, по которым разделение на лоты по их однородным видам и по месту их поставки (выполнения, оказания) не требуется
- Атауы (қаз.)
- Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 903
- Қабылданған күні
- 31.08.2022
- Көрсетілген редакция
- 01.01.2025 171233_736590.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 01.01.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029404
- ЭКБ идентификаторы
- 171233
- Редакция идентификаторы
- 171233_736590
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:22
0 Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, 32-бабының 3-тармағына және 37-бабының 2-1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бекітілсін.
2
2. «Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 1 наурыздағы № 159 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18362 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік секторының сатып алу заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қаржы министрінің
2022 жылғы 31 тамыздағы
№ 903 бұйрығымен
бекітілген
Біртекті түрлері және оларды беру (орындау, көрсету) орны бойынша
лоттарға бөлу талап етілмейтін тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін
қызметтердің тізбесі
№
Атауы
1. Тауарлар
1
Кеңсе тауарлары
2
Шаруашылық тауарлары
3
Жуу құралдары
4
Азық-түлік тағамдары
5
Дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар
6
Құрылыс материалдары
7
Электр тауарлары
8
Сантехникалық тауарлар
9
Қосалқы бөлшектер
10
Жеңіл өнеркәсіп тауарлары
11
Жиһаз өнімі
2. Қызметтер
1
Күзет және өрт дабылы қызметтері
2
Ғимаратқа техникалық қызмет көрсету жөніндегі қызметтер (үй-жайларды жинау және аумақты абаттандыру, жылыту жүйелерін тығыздау және жуу, электрмонтаждау және сантехникалық жұмыстар, ағаш ұстасы көрсететін қызметтер)
3
Полиграфиялық қызметтер
3. Жұмыстар
1
Үй маңындағы аумақтарды күтіп ұстау бойынша жұмыстар