Құжат мәтініне өту

Об утверждении описи аптечек первой помощи (индивидуальной, групповой) в Вооруженных Силах Республики Казахстан

Бұйрық · № 754 · қабылданған 05.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-171327/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
Об утверждении описи аптечек первой помощи (индивидуальной, групповой) в Вооруженных Силах Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 754 ·05.09.2022
05.09.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении описи аптечек первой помощи (индивидуальной, групповой) в Вооруженных Силах Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 754 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении описи аптечек первой помощи (индивидуальной, групповой) в Вооруженных Силах Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесін бекіту туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
754
Қабылданған күні
05.09.2022
Көрсетілген редакция
05.09.2022 171327_593046.kaz
Соңғы өзгеріс
05.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029442
ЭКБ идентификаторы
171327
Редакция идентификаторы
171327_593046
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:17

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 169) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесі бекітілсін.

2

2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы № 750 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21986 болып тіркелген).

3 3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас әскери-медициналық басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі

0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесі

Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрінің
2022 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 754 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде алғашқы көмек көрсету дәрі қобдишаларының (жеке, топтық) тізімдемесі
Р/с №
Ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
же­ке дә­рі­қоб­ди­ша
топ­тық дә­рі­қоб­ди­ша
1.
Ам­ми­ак, 10 % ері­т­ін­ді – 20 мл
са­уыт
-
1
2.
Су­те­гі то­тығы, сырт­қа қол­да­ну­ға ар­нал­ған ері­т­ін­ді 3 % – 50 мл
са­уыт
1
2
3.
Йод,с пирт ері­т­ін­ді­сі 5 % – 20 мл
са­уыт
-
1
4.
Аб­сор­ба­ци­я­лай­тын пре­па­рат­тар
таб­лет­ка/ кап­су­ла
10
10
5.
Сте­риль­ден­ген дә­ке май­лық 7,5см х 7,5 см
орам
1
2
6.
Сте­риль­ден­ген дә­ке май­лық 10см х 10см
орам
1
2
7.
Сте­риль­ден­ген дә­ке бинт 7х14 см
да­на
1
2
8.
Сте­риль­ден­бе­ген дә­ке бинт 7х14 см
да­на
1
2
9.
Сте­риль­ден­ген дә­ке бинт 5х10 см
да­на
1
2
10.
Сте­риль­ден­бе­ген дә­ке бинт 5х10 см
да­на
1
2
11.
Ме­ди­ци­на­лық мақ­та (сте­риль­ден­ген, сте­риль­ден­бе­ген) 25 г.
да­на
1
2
12.
Же­ке та­ңу па­ке­ті
да­на
1
2
13.
Ме­ди­ци­на­лық лей­ко­пла­стырь 2,5см х 5м
да­на
1
1
14.
Ме­ди­ци­на­лық мас­ка 3 қа­бат­ты
да­на
2
4
15.
Сте­риль­ден­ген қол­ғап, өл­ше­мі 7 – 8
жұп
2
2
16.
Қан ке­ту­ді тоқ­та­ту­ға ар­нал­ған бұ­рау/ Қан ке­ту­ді тоқ­та­ту­ға ар­нал­ған тур­ни­кет
да­на
1
1
17.
До­ғал ұшты ме­ди­ци­на­лық иіл­ген қай­шы
да­на
1
1
18.
Сте­риль­ден­ген бір­рет­тік ауа өт­кіз­гіш
да­на
1
1
19.
Су­ды за­рар­сыздан­ды­ру­ға ар­нал­ған құ­рал (дез­ин­фек­ци­я­лай­тын хлор­лы таб­лет­ка­лар 3,5 мг бли­стер №10)
орам
1
1
20.
Мар­кер
да­на
1
1
21.
Дә­рі қоб­ди­ша­ға ар­нал­ған сө­мке (тыс) неме­се қо­рап
да­на
1
1
22.
«Же­ке (топ­тық) дә­рі қоб­ди­ша» қо­сым­ша па­рақ-жады­на­ма­сы
да­на
1
1
Ескертпе: Әскери қызметшілер жауынгерлік міндеттерді орындау және (немесе) бітімгершілік қызметке қатысу кезінде жеке дәрі қобдишамен жарақтандырылады. Топтық дәрі қобдишамен жауынгерлік және оқу-жаттығу тобының көлік құралдары, кезекші күштердің, қарауылдың, бақылау-өткізу пункттерінің, техникалық қызмет көрсету және техниканы жөндеу пункттерінің, аккумулятор шеберханаларының үй-жайлары жарақтандырылады. Аккумулятор шеберханаларында топтық дәрі қобдишаның тізімдемесі 25 грамм натрий гидрокорбонатының екі аспасымен, 10 литр су қорымен, 150 – 200 миллилитр резеңке грушамен толықтырылады. Дәрі қобдишаның (жеке, топтық) ішіндегісін толықтыру ағымдағы қамтамасыз ету есебінен жүзеге асырылады. Суды зарарсыздандыруға арналған құрал ашық су көзінен су ішетін кезде қолданылады.

Қолданыстағы