Об утверждении Правил организации деятельности военных оркестров, военных дирижеров и музыкантов культурно-досуговых центров Вооруженных Сил Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил организации деятельности военных оркестров, военных дирижеров и музыкантов культурно-досуговых центров Вооруженных Сил Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 744
- Қабылданған күні
- 02.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 02.09.2022 171338_590223.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029462
- ЭКБ идентификаторы
- 171338
- Редакция идентификаторы
- 171338_590223
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:20
0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 2 маусымдағы № 357 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереже 15-тармағының 162) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2
2. «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № 740 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21963 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3 3. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.
4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5 5. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.
6 6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қорғаныс министрі
2022 жылғы 2 қыркүйектегі
№ 744 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің,
әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру
қағидалары
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1
1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметі тәртібін айқындайды.
2 2. Әскери оркестрлердің кәсіби қызметіне жалпы басшылық жасауды бас әскери дирижер жүзеге асырады.
3
3. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының қызметін жоспарлау бір жылға арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері әскери оркестрлерінің, әскери дирижерлері мен мәдени-демалыс орталықтары музыканттарының жұмыс жоспары негізінде жүзеге асырылады.