Кіру
Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах республиканской собственности

Қаулы · № 670 · қабылданған 08.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-171358/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
О некоторых вопросах республиканской собственности Қолданыста Қаулы ·№ 670 ·08.09.2022
04.10.2023 редакциясы
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах республиканской собственности

Қолданыста Қаулы ·№ 670 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах республиканской собственности
Атауы (қаз.)
Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
670
Қабылданған күні
08.09.2022
Көрсетілген редакция
04.10.2023 171358_682134.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000670
ЭКБ идентификаторы
171358
Редакция идентификаторы
171358_682134
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:14

0 Республикалық меншіктің кейбір мәселелері туралы

«Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Қазақавтожол» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталындағы 100 (жүз) пайыз мемлекеттік қатысу үлесі «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының акцияларын төлеуге берілсін.

2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.

4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер

1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында:

көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Нұр-Сұлтан қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-189-жол алып тасталсын.

2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 395-жол алып тасталсын.

3. «Жол саласының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 14 қазандағы № 1527 қаулысында:

4-1-тармақ алып тасталсын.

4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.10.2023 № 862 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

___________________________________________________

Қолданыстағы