Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Мугалжарского района»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о государственном учреждении «Аппарат акима Мугалжарского района»
- Атауы (қаз.)
- «Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 102
- Қабылданған күні
- 29.04.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.04.2022 171362_590170.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.04.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22CI00102A
- ЭКБ идентификаторы
- 171362
- Редакция идентификаторы
- 171362_590170
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 02:07
0 «Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31 - бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18 - бабына, «Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 - бабына, «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 қаулысына сәйкес, Мұғалжар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған «Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2 2. Мұғалжар ауданы әкімдігінің 2012 жылғы 12 желтоқсандағы № 513 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3 3. «Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын тиісті шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Мұғалжар аудандық әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
5 БЕКІТІЛДІ
Мұғалжар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 29 сәуірдегі
№ 102 қаулысымен
«Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ЕРЕЖЕ
1 1- тарау. Жалпы ережелер
1 1. «Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - аудан әкімінің аппараты) Мұғалжар ауданы әкімдігінің және әкімінің қызметін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2 2. Аудан әкімінің аппараты өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3 3. Аудан әкімінің аппараты мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4 4. Аудан әкімінің аппараты азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5 5. Аудан әкімі аппаратының, егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6 6. Аудан әкімінің аппараты өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппараты басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
7 7. Аудан әкімі аппаратының құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8 8. Аудан әкімі аппаратының орналасқан жері: индекс 030701, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 16 ғимараты.
9 9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Мұғалжар аудандық әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
10 10. Осы Ереже аудан әкімі аппаратының құрылтай құжаты болып табылады.
11 11. Аудан әкімі аппаратының құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Мұғалжар ауданының әкімдігі болып табылады.
12 12. Аудан әкімі аппаратының қызметін қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
13 13. Аудан әкімі аппаратына кәсіпкерлік субъектілерімен аудан әкімі аппаратының өкілеттігі болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер заңнамалық актілермен аудан әкімінің аппаратына кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2 2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
14 14. Мақсаттары:
1 1) өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша аудан әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
2 2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, аудан әкімі мен әкімдігінің, оның орынбасарларының, аудан әкімі аппараты басшысының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3 3) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, аудан әкімі және әкімдігі қойған міндеттерді іске асыру бойынша ауданның мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
4 4) ауданның жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
5 5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
15 15. Өкілеттіктері:
Құқықтары:
1 1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2 2) ауданның атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
3 3) өз өкілеттіктері шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;
4 4) заңнамада белгіленген тәртіппен аудан әкімі аппаратының және әкімінің мүдделерін білдіруді жүзеге асыру;
5 5) аудан аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті тапсырмалар беру;
6
6) аудан әкімі тағайындаған немесе оның келісімімен тағайындалатын мемлекеттік мекемелер мен жергілікті атқарушы органдар басшыларының Мемлекет басшысының, Үкіметтің, облыстық, аудандық әкімдіктің және облыс, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін жауапкершілігі туралы ұсыныстар енгізу;
7 7) аудан әкімдігінің есеп беретін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралатын мәселелер бойынша түсініктеме беру үшін шақыру;
8 8) ҚР Президентінің, Үкіметтің, облыс, аудан әкімдігінің және әкімінің актілері мен тапсырмаларының атқарылуына тексеру жүргізуге қатысу;
9 9) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Міндеттері:
1 1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
2 2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс, аудан әкімінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
3 3) мемлекеттік мекемеге бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
4 4) аудан әкімінің және орынбасарларының қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етуді жүзеге асыру;
5 5) Тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесіне қатысты өз қызметін ҚР «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 6 бабының шеңберінде жүзеге асыру;
6 6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
16 16. Функциялары:
1
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, аудан әкімі мен әкімдігінің, өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша аудандық атқарушы органдарының қызметін үйлестіру және олардың орындалу барысы туралы тиісті ақпарат дайындауды ұйымдастыру;