Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Абайского района

Ереже · № 27/3-VII · қабылданған 08.09.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-171372/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Абайского района Күшін жойған Ереже ·№ 27/3-VII ·08.09.2022
04.07.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Абайского района

Күшін жойған Ереже ·№ 27/3-VII · 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества на территории Абайского района
Атауы (қаз.)
Абай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
27/3-VII
Қабылданған күні
08.09.2022
Көрсетілген редакция
04.07.2023 171372_647612.kaz
Соңғы өзгеріс
04.07.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22FD00273M
ЭКБ идентификаторы
171372
Редакция идентификаторы
171372_647612
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:14

0 Абай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңының 39- 3 бабының 6-тармағына Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» № 1106 Қаулысына сәйкес Абай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Абай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2. Шешімдердің күші жойылды деп танылсын:

1) Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 21/5-V «Абай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізу Қағидасын бекіту және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» шешімі (нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3364 болып тіркелген);

2) Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 31 қазандағы № 24/4-V «Абай ауданының аумағында бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар, көшелер,көппәтерлі тұрғын үйлер тұрғындары өкілдерінің санын айқындау туралы» Абай аудандық мәслихатының 2014 жылғы 22 сәуірдегі № 21/5-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі (нормативтік кұқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3567 болып тіркелген).

3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

6 Абай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары

Абай аудандық мәслихатының
2022 жылғы 8 қыркүйектегі
№ 27/3- VII шешімімен
бекітілген
Абай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Абай ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6- тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді ауыл, ауылдық округ, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы ауылдық округтің әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы ауылдық округ әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе Абай ауданы әкімдігінің сайтында орналастырумен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Ауыл, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде бөлек жергілікті

қоғамдастық жиынын өткізуді ауылдық округ әкімі ұйымдастырады.
Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының ашылуы алдында тиісті ауылдың, көшенің, көппәтерлі тұрғын үйдің қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы ауылда, көшеде, көппәтерлі үйде тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Ауылдық округ әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушыларымен ұсынылған ауыл, көше тұрғындары өкілдерінің келесі кандидатуралары айқындалсын:

ауылдық округтер бойынша учаскеден 2 адам санында.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны өткізілген күні тиісті ауылдық округ әкімінің аппаратына беріледі.

Қолданыстағы