Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О продлении отсрочки штрафов и пени сельскохозяйственным товаропроизводителям

Қаулы · № 1076 · қабылданған 21.10.1998
Заңдық күші: Қолданыста · 21.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-1714/on/2026-09-21/
Басып шығарылды 2026-09-21 · adilet.kz
О продлении отсрочки штрафов и пени сельскохозяйственным товаропроизводителям Қолданыста 21.10.1998 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О продлении отсрочки штрафов и пени сельскохозяйственным товаропроизводителям

Қолданыста Қаулы № 1076 21.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О продлении отсрочки штрафов и пени сельскохозяйственным товаропроизводителям
Атауы (қаз.)
Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне салынатын айыппұлдар мен өсімақыларының мерзімдерін ұзарту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
1076
Қабылданған күні
21.10.1998
Көрсетілген редакция
21.10.1998 AI1714_0.kaz
Соңғы өзгеріс
21.10.1998
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P980001076_
ЭКБ идентификаторы
1714
Редакция идентификаторы
AI1714_0
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
05.08.2026 01:30
21.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.10.1998. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0 Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне салынатын айыппұлдар мен өсімақыларының мерзімдерін ұзарту туралы

Ауыл шаруашылығы өндірушілеріне қолдау көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Бюджетке және бюджеттен тыс қорларға төленетін төлемдер бойынша берешегі салық органдары тізімдеген және "Астықты сатып алу және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін қолдау жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 5 қазандағы N 998 қаулысына сәйкес "Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы" ЖҮАҚ сатып алатын астық пен астық өнімдері есебінен өтелген және "Ауыл шаруашылығында экономикалық реформаларды жүзеге асыру жөніндегі қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 25 ақпандағы N 139 қаулысына сәйкес мерзімі ұзартылған, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне осы сатудың есебінен жабылмаған, бұрын есептелген айыппұлдар мен өсімақылар жөніндегі кейінге қалдырылған мерзімдер 1998 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылсын. Негізгі борыш ішінара өтелген жағдайда, айыппұлдар мен өсімақылар жөніндегі кейінге қалдырылған мерзімдер өтелген негізгі борышқа бара-бар мөлшерде ұзартылады.

2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Заң күші бар Жарлығының 152-бабына сәйкес 1999 жылдың 1 қаңтарынан бастап осы қаулының 1-тармағында көрсетілген ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне айыппұлдар мен өсімақылар бойынша мерзімдерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі белгілейтін тәртіппен 1999 жылғы 15 желтоқсанға дейін кейінге қалдыруға рұқсат беріледі.

3. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ж.С. Кәрібжановқа жүктелсін.

4. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.