Құжат мәтініне өту

Об учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность

Қаулы · № 4/530 · қабылданған 14.09.2003
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-17151/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность Күшін жойған Қаулы ·№ 4/530 ·14.09.2003
09.06.2011 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.06.2011. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность

Күшін жойған Қаулы ·№ 4/530 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об учетной регистрации иностранных граждан, осуществляющих миссионерскую деятельность
Атауы (қаз.)
Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шет елдік азаматтарды есептік тіркеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
4/530
Қабылданған күні
14.09.2003
Көрсетілген редакция
09.06.2011 17151_215398.kaz
Соңғы өзгеріс
09.06.2011
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V03R000553_
ЭКБ идентификаторы
17151
Редакция идентификаторы
17151_215398
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
03.08.2026 20:57

0 Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шет елдік азаматтарды есептік тіркеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі, миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шет елдік азаматтарды есептік тіркеуді жүргізу көрсетілген "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 28 қаңтардағы N 136 қаулысына толықтыру енгізу туралы" N 702 қаулысын орындау үшін Алматы қалалық Әкімшілігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. "Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шет елдік азаматтарды есептік тіркеу туралы Тәртіп" бекітілсін. (N 1 қосымша)

2 2. Миссионерлік қызметпен айналысуға арналған "Рұқсаттың" бірыңғай үлгісі бекітілсін. (N 2 қосымша)

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы Әкімінің орынбасары А.Қ Бижановқа жүктелсін.

4 Алматы қалалық Әкімшілігінің

2003 жылғы 15 қыркүйектегі
N 4/530 қаулысына
N 1 қосымша
Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын
шет елдік азаматтарды есептік тіркеудің
тәртібі туралы
ТӘРТІП

1 1. Жалпы ережелер

1 1. Осы Тәртіп Қазақстан Pеспубликасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 шілдедегі "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы N 136 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" N 702 қаулысын жүзеге асыру мақсатында әзірленді.

2 2. Миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін заңда көрсетілген тәртіпке сәйкес Қазақстан Республикасына келген барлық шет елдік азаматтар есептік тіркелуге жатады.

3 3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шет елдік азаматтарды есептік тіркеуді Алматы қаласындағы аудандық әкімшіліктер діни бірлестіктің заңды тұлғасының мекен-жайы бойынша жүзеге асырады.

2 2. Есептік тіркеудің тәртібі

1 1. Шет елдік азаматтар миссионерлік қызметті жүзеге асыру үшін аудандық әкімшіліктің аппаратына келесі құжаттарды тапсырады:

1 1) діни уағыз құралдары және миссионерлік қызметінің мерзімі көрсетілген өтініші;

2 2) миссионерлік қызметті жүзеге асыру құқығын ұсынып, діни ұйымға берілген сенімхаттың немесе басқа да құжаттың көшірмесі;

3 3) миссионер өкілі болып табылатын діни ұйымының өз елінің заңнамасына сәйкес ресми тіркелгенін растайтын, тіркеу туралы куәлігінің немесе басқа да құжатының көшірмесі;

4 4) Қазақстан Республикасында тіркелген діни ұйымды шақыру құжаты;

5 5) миссионерлік қызметке арналған әдебиет, дыбыстық, бейнелік материалдар және (немесе) басқа да діни ұйымды шақыру құжаты;

2 2. Өтініш иесі аталған құжаттарды көрсетерде белгіленген тәртіпке сәйкес тіркелген құжатты ұсынады.

3 3. Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын шет елдік азаматтарды есептік тіркеу құжаттар берілген соң жеті тәуліктен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

4 4. Ұсынылған құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасына, осы Тәртіпке сәйкес келген жағдайда аудандық әкімшілік миссионерлік қызметті жүзеге асыратын ғылыми тіркеу туралы тиісті өкім қабылдайды және миссионерлік қызметпен айналысуға рұқсат 2 қосымша береді.

5 5. Рұқсатта тіркелу нөмірі, берілген күні, миссионердің тегі және есімі, қай діни бірлестікке жататыны және қызметінің мерзімі көрсетіледі.

6 6. Егер миссионерлік қызметтің мәні мен мақсаты Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келсе, ол есептік тіркелмеуі мүмкін.

21 Алматы қалалық Әкімшілігінің

2003 жылғы 15 қыркүйектегі
N 4/530 қаулысына
N 2 қосымша
Алматы қаласында миссионерлік қызметпен
айналысуға арналған
РҰҚСАТ
N_____ 200_ж. "__" __________
1.________________________________________________
(миссионердің тегі, есімі)
2.________________________________________________
(діни сенімі, қай діни бірлестікке жататыны)
3.Осы рұқсат_________________________дейін жарамды.
(рұқсаттың қолданылу мерзімі)
Аудан Әкімінің қолы

Қолданыстағы