Кіру
Құжат мәтініне өту

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Уштобе города Аркалыка Костанайской области

Ереже · № 149 · қабылданған 06.09.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 16.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-171533/on/2026-09-16/
Басып шығарылды 2026-09-16 · adilet.kz
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Уштобе города Аркалыка Костанайской области Күшін жойған Ереже ·№ 149 ·06.09.2022
05.10.2023 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
16.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 05.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Уштобе города Аркалыка Костанайской области

Күшін жойған Ереже ·№ 149 · 16.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении Правил проведения раздельных сходов местного сообщества и количественного состава представителей жителей села для участия в сходе местного сообщества села Уштобе города Аркалыка Костанайской области
Атауы (қаз.)
Қостанай облысы Арқалық қаласы Үштөбе ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Акт түрі
Ереже
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
149
Қабылданған күні
06.09.2022
Көрсетілген редакция
05.10.2023 171533_658035.kaz
Соңғы өзгеріс
05.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NC00149M
ЭКБ идентификаторы
171533
Редакция идентификаторы
171533_658035
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:16

0 Қостанай облысы Арқалық қаласы Үштөбе ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидаларын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Арқалық қалалық мәслихаты ШЕШТІ:

1. Қоса беріліп отырған Қостанай облысы Арқалық қаласы Үштөбе ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары бекітілсін.

2. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Қостанай облысы Арқалық қаласы Үштөбе ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

4 Қостанай облысы Арқалық қаласы Үштөбе ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

Мәслихаттың
2022 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 149 шешімімен
бекітілген
Қостанай облысы Арқалық қаласы Үштөбе ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қостанай облысы Арқалық қаласы Үштөбе ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидалары «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабы 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес әзірленді және Үштөбе ауылы тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізудің тәртібін белгілейді.

2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Үштөбе ауылы аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;

2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – Үштөбе ауылы тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.

2. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі

3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін Үштөбе ауылының аумағы учаскелерге (көшелерге) бөлінеді.

4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Үштөбе ауылының әкімі шақырады және ұйымдастырады.

6. Жергілікті қоғамдастықтың халқына жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы Үштөбе ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен олар өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабарлайды.

7. Үштөбе ауылы шегінде бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізуді ауыл әкімі ұйымдастырады.

Көше шегінде көп пәтерлі үйлер болған жағдайда, көппәтерлі үйдің бөлек жиындары өткізілмейді.

8. Жергілікті қоғамдастық жиынының ашылуы алдында Үштөбе ауылының қатысып отырған, оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны Үштөбе ауылында тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Үштөбе ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

Үштөбе ауылы әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс берумен хатшы сайланады.

10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Үштөбе ауылының тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын Арқалық қалалық мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес бөлек жергілікті қоғамдастық жиынына қатысушылар ұсынады.

11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп даусын жинаған кандидаттар сайланған болып есептеледі.

12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және ол Үштөбе ауылы әкімінің аппаратына беріледі.

21 Қостанай облысы Арқалық қаласы Үштөбе ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы

Мәслихаттың
2022 жылғы 6 қыркүйектегі
№ 149 шешіміне
қосымша
Қостанай облысы Арқалық қаласы Үштөбе ауылының жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Көшенің атауы
Ауыл тұрғындары өкілдерінің саны (адам)
Полевая көшесі
3
Степная көшесі
2
Новая көшесі
3
Октябрьская көшесі
3
Школьная көшесі
3
Строительная көшесі
3
Советская көшесі
3
Набережная көшесі
3
Заречная көшесі
2
Барлығы
25

Қолданыстағы