Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Транстелеком»

Қаулы · № 279 · қабылданған 12.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-171548/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Транстелеком» Қолданыста Қаулы ·№ 279 ·12.09.2022
12.09.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Транстелеком»

Қолданыста Қаулы ·№ 279 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута акционерному обществу «Транстелеком»
Атауы (қаз.)
«Транстелеком» акционерлік қоғамына жариялық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
279
Қабылданған күні
12.09.2022
Көрсетілген редакция
12.09.2022 171548_591767.kaz
Соңғы өзгеріс
12.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NR00279A
ЭКБ идентификаторы
171548
Редакция идентификаторы
171548_591767
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:09

0 «Транстелеком» акционерлік қоғамына жариялық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17-бабына, 69-бабы 4-тармағының 10) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес Бейімбет Майлин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. «Транстелеком» акционерлік қоғамына жер учаскесіне жариялық сервитут белгіленсін:

Бейімбет Майлин ауданының Новоильинов ауылдық округі, Калинин ауылдық округі аумағында орналасқан, жалпы ауданы 4,9208 гектар, «Притобол ст.-Аят кен орны» және «Притобол ст. – Краснооктябрь боксит кен басқармасы» учаскелерінде талшықты-оптикалық байланыс желісін орнату және пайдалану үшін

2 2. «Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

1

1) қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде осы қаулының қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу;

2

2) қол қойылған күнінен бастап осы қаулыны Бейімбет Майлин ауданы әкімдігінің интернет – ресурсына орналастыру және ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына жіберу.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейімбет Майлин ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы