Құжат мәтініне өту

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов

Қаулы · № 262 · қабылданған 13.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-171562/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов Қолданыста Қаулы ·№ 262 ·13.09.2022
13.09.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов

Қолданыста Қаулы ·№ 262 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении мест для размещения агитационных печатных материалов для всех кандидатов
Атауы (қаз.)
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
262
Қабылданған күні
13.09.2022
Көрсетілген редакция
13.09.2022 171562_590924.kaz
Соңғы өзгеріс
13.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22UR029570
ЭКБ идентификаторы
171562
Редакция идентификаторы
171562_590924
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:07

0 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарын белгілеу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 28-бабының 6-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабының 2-тармағына сәйкес, Сауран ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

2 2. «Сауран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы қаулыны оның ресми жарияланғанынан кейін Сауран ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау «Сауран ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Сауран аудандық
аумақтық сайлау комиссиясы

7 Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындары

Сауран ауданы әкімінің
2022 жылғы 13 қыркүйектегі
№ 262 қаулысына қосымша
Барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін
орындары

Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар
1
Сауран ауданы, Шорнақ ауылдық округі, Шорнақ ауылы, С.Тоймахан және Ы.Алтынсарин көшелерінің қиылысындағы «Сквер» алаңының сол жағында.
2
Сауран ауданы, Үшқайық ауылдық округі, Теке ауылы, А.Үсенов көшесі, «Қарашық» өзенінің оң жағында және Ә.Молдағұлова көшесі, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «А.Үсенов атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жағында.
3
Сауран ауданы, Қарашық ауылдық округі, Қарашық ауылы, Түркістан - Қарнақ тас жолы, «Қарашық» тойханасының сол жағында.
4
Сауран ауданы, Жүйнек ауылдық округі, Жүйнек ауылы, И.Усманов көшесі №1 үйдің оң жағында.
5
Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округі, Абай ауылы, Абай көшесі №65, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Абай атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы.
6
Сауран ауданы, Майдантал ауылдық округі, Ынталы ауылы, Д.Қонаев көшесі №39А, Сауран ауданы әкімдігінің «Майдантал ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы және Қаражон ауылы, Төрткөл көшесі №17, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Қаражон шағын жинақталған жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратына қарама-қарсы.
7
Сауран ауданы, Жібек жолы ауылдық округі, Сауран ауылы, О.Әлтаев көшесі №13, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы, Сауран ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің «Сауран жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының сол жағында.
8
Сауран ауданы, Иассы ауылдық округі, Еңбекші-Диқан ауылы, Кентау - Түркістан тас жолы, «Севинш» тойханасының сол жағында.
9
Сауран ауданы, Оранғай ауылдық округі, Оранғай ауылы, Кентау - Түркістан тас жолы, «Шығыс» моншасына қарама-қарсы.
10
Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның 30 жылдығы ауылы, С.Қожанов көшесі №26 үйдің сол жағында.
11
Сауран ауданы, Ескі Иқан ауылдық округі, Ескі Иқан ауылы, Д.Қонаев көшесі №1 үйдің сол жағында.
12
Сауран ауданы, Жаңа Иқан ауылдық округі, Ибата ауылы, Ибадулла ата көшесі №6 үйдің оң жағында.

Қолданыстағы