О реорганизации некоторых республиканских государственных казенных предприятий водных путей Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О реорганизации некоторых республиканских государственных казенных предприятий водных путей Министерства по инвестициям и развитию Республики Казахстан и внесении изменений и дополнений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 231
- Қабылданған күні
- 14.04.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.12.2018 17158_387381.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P1500000231
- ЭКБ идентификаторы
- 17158
- Редакция идентификаторы
- 17158_387381
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 15:29
0 Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрлігінің кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық
су жолдары кәсіпорындарын қайта ұйымдастыру және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, сондай-ақ республикалық мемлекеттік қазыналық су жолдары кәсіпорындарын басқарудың тиімділігін арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1
1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Павлодар су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Шығыс Қазақстан су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Семей су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Ертіс су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына бірігу жолымен;
2
2) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Орал су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің «Атырау су жолдары кәсіпорны» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнына қосылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2 2. Мыналар:
1 1) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган;
2
2) қызмет көрсетілетін шекаралар шегінде кемелердің қауіпсіз жүзуін қамтамасыз ету мақсатында ішкі су жолдарын және кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді) тиісінше күтіп ұстау мен дамыту үшін өндірістік қызметті жүзеге асыру кәсіпорындар қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.