О присвоении наименования и переименовании составных частей, изменении транскрипции улицы города Кокшетау Акмолинской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О присвоении наименования и переименовании составных частей, изменении транскрипции улицы города Кокшетау Акмолинской области
- Атауы (қаз.)
- Ақмола облысы Көкшетау қаласының құрамдас бөліктерін атау беру және қайта атау, көшенің транскрипциясын өзгерту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- А-9/437
- Қабылданған күні
- 14.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2022 171636_591370.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22B0029590
- ЭКБ идентификаторы
- 171636
- Редакция идентификаторы
- 171636_591370
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:05
0 Ақмола облысы Көкшетау қаласының құрамдас бөліктерін атау беру және қайта атау, көшенің транскрипциясын өзгерту туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 4-1)-тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2019 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және Көкшетау қаласы халқының пікірін ескере отырып, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Краснояр тас жолындағы саяжайларға қарама-қарсы орналасқан Көкшетау қаласындағы тұрғын алабына «Құлагер» шағын ауданы атауы берілсін.
2 2. Көкшетау қаласының келесі көшелері қайта аталсын:
Акан көшесін Қасым Қайсенов көшесіне;
Бауман көшесін Әміре Қашаубаев көшесіне;
Буденный көшесін Талғат Бигелдинов көшесіне;
Воровской көшесін Сағадат Нұрмағанбетов көшесіне;
Л. Дроздова көшесін Мұстафа Шоқай көшесіне;
Землячки көшесін Әлия Молдағұлова көшесіне;
Корчагин көшесін Ағыбай батыр көшесіне;
Купрач көшесін Тұрсынбек Кәкішев көшесіне;
8 Март көшесін Рахымжан Қошқарбаев көшесіне;
Островский көшесін Ермек Серкебаев көшесіне;
В. Пик көшесін Мұса Асайынов көшесіне;
Смирнов көшесін Нұрғиса Тілендиев көшесіне;
Стасова көшесін Әлкей Марғұлан көшесіне;
Марк Фрадкин көшесін Шәмші Қалдаяқов көшесіне;
Щорс көшесін Халифа Алтай көшесіне;
Южная көшесін Сәбит Мұқанов көшесіне;
Генрих Гейне көшесін Тәттімбет көшесіне;
Калинин көшесін Рамазан Елебаев көшесіне;
С. Потанин көшесін Міржақып Дулатұлы көшесіне;
Серов көшесін Күләш Байсейітова көшесіне.