Об утверждении Правил оценки финансовых активов акционерного общества «Фонд гарантирования страховых выплат», сформированных за счет собственных активов акционерного общества «Фонд гарантирования страховых выплат», средств резервов гарантирования страховых выплат по отраслям «общее страхование» и «страхование жизни», средств резерва возмещения вреда
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Правил оценки финансовых активов акционерного общества «Фонд гарантирования страховых выплат», сформированных за счет собственных активов акционерного общества «Фонд гарантирования страховых выплат», средств резервов гарантирования страховых выплат по отраслям «общее страхование» и «страхование жизни», средств резерва возмещения вреда
- Атауы (қаз.)
- «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қаржы активтерін бағалау қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 62
- Қабылданған күні
- 12.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 12.09.2022 171666_600649.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029627
- ЭКБ идентификаторы
- 171666
- Редакция идентификаторы
- 171666_600649
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:09
0
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қаржы активтерін бағалау қағидаларын бекіту туралы
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. Қоса беріліп отырған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қаржы активтерін бағалау қағидаларын бекітілсін.
2 2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкi
0 «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қаржы активтерін бағалау қағидалары
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 12 қыркүйектегі
№ 62 Қаулымен
бекітілген
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» акционерлік қоғамының қаржы активтерін бағалау қағидалары
«Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған Қордың қаржы активтерін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 1-тармағының 6-2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қордың меншікті активтері, «жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салалары бойынша сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтерінің қаражаты, Қордың зиянды өтеу резервінің қаражаты есебінен қалыптастырылған Қордың қаржы активтерін бағалау тәртібін айқындайды.
1 1-тарау. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1 1. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1 1) кепілдік беру резервтері – Заңға сәйкес зиянды өтеу резерві және сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру резервтері;
2 2) қаржы активтері – меншікті активтер немесе кепілдік беру резервтерінің қаражаты есебінен Қордың сатып алуына рұқсат етілген бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдары;
3 3) Қордың меншікті активтері – кепілдік беру резервтерін қоспағанда, Қордың активтері.
2 2-тарау. Қордың қаржы активтерін бағалау
2
2. 9 «Қаржы құралдары» халықаралық қаржылық есептілік стандартына (бұдан әрі – 9 «Қаржы құралдары» ХҚЕС) сәйкес «әділ құн бойынша басқа да жиынтық кіріс арқылы бағаланатын» және «пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша бағаланатын» санаттарға жатқызылған қаржы активтері аптаның бірінші жұмыс күні соңындағы жағдай бойынша апта сайын бағаланады.
3
3. 9 «Қаржы құралдары» ХҚЕС-ке сәйкес «басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құны бойынша бағаланатын» және «пайда немесе зиян арқылы әділ құны бойынша бағаланатын» санаттарға жатқызылған қаржы активтерін бағалау өздері тізіміне кіретін қор биржасының бағалы қағаздарын бағалау әдістемесіне (бұдан әрі – Биржа әдістемесі) сәйкес нарықтық құн бойынша не Bloomberg (Bloomberg) немесе Reuters (Reuters) ақпараттық-талдамалық жүйелерінің деректері бойынша жүзеге асырылады.
4
4. 9 «Қаржы құралдары» ХҚЕС-ке сәйкес «басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын» және «пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша бағаланатын» санаттарға жатқызылған, тек қана Қазақстан Республикасының аумағында айналымда (саудада) немесе Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналымда жүрген Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бағалау Биржа әдістемесіне сәйкес айқындалған құн бойынша жүзеге асырылады.
Биржа әдістемесіне сәйкес есептелген нарықтық бағалар туралы ақпарат болмаған кезде, көрсетілген бағалы қағаздарды бағалау үшін осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалауға қажетті Биржа әдістемесіне сәйкес есептелген нарықтық бағалар туралы ақпарат пайда болғанға дейін Қордың ішкі құжаттарына (бұдан әрі – Есеп саясаты) сәйкес Қор анықтайтын құн пайдаланылады.
5
5. 9 «Қаржы құралдары» ХҚЕС-ке сәйкес «басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын» және «пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша бағаланатын» санаттарға жатқызылған, тек қана халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналымда жүрген Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын бағалау Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдамалық жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабылу бағасы бойынша жүзеге асырылады.
Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдамалық жүйелерінде нарықтық бағалар туралы ақпарат болмаған кезде, осы бағалы қағаздарды бағалау үшін осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалауға қажетті Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдамалық жүйелерінде ақпарат пайда болғанға дейін, Қордың Есеп саясатына сәйкес Қор анықтаған құн пайдаланылады.
6
6. 9 «Қаржы құралдары» ХҚЕС-ке сәйкес «басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын» және «пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша бағаланатын» санаттарға жатқызылған, Қазақстан Республикасының аумағында және халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналымда жүрген борыштық бағалы қағаздарды бағалау Биржа әдістемесіне сәйкес анықталатын құн бойынша немесе Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдамалық жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабылу бағасы бойынша жүзеге асырылады.
Биржа Әдістемесіне сәйкес есептелген және Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдамалық жүйелерінде нарықтық бағалар туралы ақпарат болмаған кезде, көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды бағалау үшін осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалауға қажетті Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдамалық жүйелерінде ақпарат пайда болғанға дейін, Қордың Есеп саясатына сәйкес Қор анықтаған құн пайдаланылады.
7
7. 9 «Қаржы құралдары» ХҚЕС-ке сәйкес «басқа жиынтық кіріс арқылы әділ құн бойынша бағаланатын» және «пайда немесе зиян арқылы әділ құн бойынша бағаланатын» санаттарға жатқызылған және тек қана халықаралық (шетелдік) нарықтарда айналымда жүрген борыштық бағалы қағаздарды бағалау Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдамалық жүйелерінің деректері бойынша алдыңғы сауда күнінің жабылу бағасы бойынша жүзеге асырылады.
Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдамалық жүйелерінде нарықтық бағалар туралы ақпарат болмаған кезде, көрсетілген борыштық бағалы қағаздарды бағалау үшін осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оларды қайта бағалауға қажетті Bloomberg (Блумберг) немесе Reuters (Рейтер) ақпараттық-талдамалық жүйелерінде ақпарат пайда болғанға дейін, Қордың Есеп саясатына сәйкес Қор анықтаған құн пайдаланылады.