Құжат мәтініне өту

О некоторых вопросах регулирования вывоза угля

Бұйрық · № 514 · қабылданған 14.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-171696/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О некоторых вопросах регулирования вывоза угля Қолданыста Бұйрық ·№ 514 ·14.09.2022
14.09.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 14.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О некоторых вопросах регулирования вывоза угля

Қолданыста Бұйрық ·№ 514 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О некоторых вопросах регулирования вывоза угля
Атауы (қаз.)
Көмірді әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
514
Қабылданған күні
14.09.2022
Көрсетілген редакция
14.09.2022 171696_614748.kaz
Соңғы өзгеріс
14.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029638
ЭКБ идентификаторы
171696
Редакция идентификаторы
171696_614748
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:04

0 Көмірді әкетуді реттеудің кейбір мәселелері туралы

«Сауда қызметін реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабына және 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың 29-бабына, сондай-ақ 2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа 7-қосымшаның 10-бөліміне сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. Қазақстан Республикасының аумағынан тас көмірді, тас көмірден алынған брикеттерді, шекем тастарды және қатты отынның ұқсас түрлерін: тозаң түрдегі немесе тозаң түріндегі емес, бірақ агломерацияланбаған тас көмірді (Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің тауар номенклатурасының коды 2701) автомобиль көлігімен әкетуге алты ай мерзімге тыйым салу енгізілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті:

1 1) осы бұйрықтың 1-тармағының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетін және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін хабардар етсін;

2 2) осы бұйрықтың 1-тармағында көрсетілген тыйым салуды енгізу туралы Еуразиялық экономикалық комиссияға хабарласын.

3 3. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Индустриялық даму комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.

5 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы