Об утверждении Методики расчета размера обязательных взносов, Правил и сроков уплаты обязательных взносов страховыми организациями в офис страхового омбудсмана
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Методики расчета размера обязательных взносов, Правил и сроков уплаты обязательных взносов страховыми организациями в офис страхового омбудсмана
- Атауы (қаз.)
- Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 70
- Қабылданған күні
- 15.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 15.09.2022 171721_604687.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 15.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029655
- ЭКБ идентификаторы
- 171721
- Редакция идентификаторы
- 171721_604687
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:03
0 Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін, Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу қағидалары мен мерзімдерін бекіту туралы
«Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 91-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Мыналар:
1 1) осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесі;
2 2) осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу қағидалары мен мерзімдері бекітілсін.
2 2. Сақтандыру нарығы және актуарлық есеп айырысу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3 3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1 Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесі
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту Агенттігінің Басқармасының
2022 жылғы 15 қыркүйектегі
№ 70 Қаулыға
1-қосымша
Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесі
1 1. Осы Міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
91-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесіне кіретін, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі – сақтандыру ұйымдары) міндетті жарналардың мөлшерін есептеу әдістемесін айқындайды.
2 2. Міндетті жарналардың мөлшерлемесін сақтандыру омбудсманы жыл сайын есептейді.
3 3. Сақтандыру ұйымдары үшін жарналардың мөлшері сақтандыру омбудсманының ағымдағы қаржы жылына арналған бюджеті және Әдістеменің 4-тармағына сәйкес коэффициенттер ескеріле отырып айқындалады.
4 4. Сақтандыру ұйымының міндетті жарнасының мөлшері мынадай формулаға сәйкес айқындалады:
Сақтандыру ұйымы жарнасының сомасы = К1*(M+R)+K2*N+К3*О
К1 = А/В
К2= A*c/C
К3=A*(0.2*e+f+2*g)/(0.2*E+F+2*G)
А – сақтандыру омбудсманы бюджетінің сомасы;
В – сақтандыру ұйымдарының саны;
c –сақтандыру ұйымына шағымдардың өткен жылғы саны;
C –сақтандыру ұйымдарына шағымдардың өткен жылғы жалпы саны;
e – сақтандыру ұйымына уәкілетті органға келіп түскен шағымдардың өткен жылғы саны;
E – сақтандыру ұйымдарына уәкілетті органға келіп түскен шағымдардың өткен жылғы жалпы саны;
f – уәкілетті орган сақтандыру ұйымына соңғы 3 (үш) жылда қолданған қадағалау шараларының саны;
F – уәкілетті орган сақтандыру ұйымдарына соңғы 3 (үш) жылда қолданған қадағалау шараларының жалпы саны;
g – уәкілетті орган сақтандыру ұйымына соңғы 3 (үш) жылда қолданған санкциялардың саны;
G – уәкілетті орган сақтандыру ұйымдарына соңғы 3 (үш) жылда қолданған санкциялардың жалпы саны;
M – тұрақты шығыстарды өтеу үшін сақтандыру омбудсманының бюджетін бөлу коэффициенті, ол 55%-ға тең;
N, О – ауыспалы шығыстарды өтеу үшін сақтандыру омбудсманының бюджетін бөлу коэффициенттері, олар тиісінше 35% және 10% -ға тең;
R – даму коэффициенті, сақтандыру омбудсманының офисін дамыту үшін сақтандыру ұйымынан төленетін жарна сомасын айқындайды және сақтандыру омбудсманы бюджетінің 20%-ын құрайды.
5 5. Сақтандыру омбудсманы ағымдағы қаржы жылына арналған сақтандыру омбудсманының бюджеті бекітілген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Әдістеменің 4-тармағына сәйкес сақтандыру ұйымдары үшін ағымдағы қаржы жылына арналған міндетті жарналардың мөлшерін есептейді.
6 6. Сақтандыру омбудсманы Сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесіне сақтандыру ұйымдары үшін міндетті жарналардың мөлшерін ол есептелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде бекітуге енгізеді.
2 Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу қағидалары мен мерзімдері
Қаулыға
2-қосымша
Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу қағидалары мен мерзімдері
1
1. Осы Сақтандыру ұйымдарының сақтандыру омбудсманының офисіне міндетті жарналарды төлеу қағидалары мен мерзімдері (бұдан әрі – Қағидалар) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 91-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және Сақтандыру омбудсманы өкілдерінің кеңесіне кіретін, сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы бар сақтандыру ұйымдарының (бұдан әрі – сақтандыру ұйымдары) міндетті жарналарды төлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындайды.
2
2. Сақтандыру ұйымдары ай сайын әр айдың бесінші жұмыс күнінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банкінде ашылған «Сақтандыру омбудсманының офисі» жеке мекемесінің (бұдан әрі – Мекеме) шотына сақтандыру омбудсманының қызметін қаржыландыруға бағытталған ақы төлеуге берілген шоттардың негізінде міндетті жарналарды енгізеді.