Об утверждении положения Комитета науки Министерства науки и высшего образования Республики Казахстан Қолданыста
Басқа 0
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрлігінің Ғылым
комитетінің ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мемлекеттік органдар мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 590 және «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы» 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулыларына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесінің қоса беріліп отырған Ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті белгіленген мерзімде осы бұйрықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
3 «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің м.а. 2021 жылғы 17 тамыздағы № 864-к бұйрығы жойылсын.
Тармақ 4
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
Тармақ 5
5. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Басқа 0. «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары
білім министрінің
2022 жылғы «____»__________
№ ____ бұйрығымен
бекітілді
«Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті (бұдан әрі - Комитет) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) құзыреті шегінде ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласында, оның ішінде оның құзыретіне қатысты ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру бойынша және инновациялық қызметті мемлекеттік саясатты іске асыру функцияларын жүзеге асыратын ведомство болып табылады.
Тармақ 2
2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасы Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Комитет егер заңнамаға сәйкес оған уәкілеттілік берілген болса, мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.
Тармақ 6
6. Комитет заңнамада белгіленген тәртіппен өз құзыретінің мәселелері бойынша Комитет Төрағасының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдерді қабылдайды.
Тармақ 7
7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Комитеттің орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім беру министрлігінің Ғылым комитеті» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Комитеттің қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
2-тарау. Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Мақсаттары (міндеттері):
Тармақша 1
1) ғылым, ғылыми-техникалық қызмет саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;
Тармақша 3
3) ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жетілдіру және олардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру.
Тармақша 4
4) инновациялық жүйені жоспарлау, мониторингілеу, ынталандыру және дамыту;
Тармақша 5
5) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру;
Тармақша 6
6) мемлекеттік технологиялық саясатты қалыптастыру және іске асыру.
Тармақ 14
14. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан заңнамада белгіленген тәртіппен меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды, оның ішінде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен Комитет қызметінің белгіленген саласына жататын мәселелерді пысықтау үшін ғылыми және өзге де ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды, оның ішінде шетелдік ғалымдар мен мамандарды тарту;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен шетелдердің мемлекеттік билік органдарымен және халықаралық ұйымдармен өзара әрекеттесу;
Тармақша 4
4) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында консультативтік-кеңестік және сараптау органдарын құру (кеңестер, комиссиялар, топтар, алқалар);
Тармақша 5
5) ғылыми-зерттеу ұйымдарын құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 6
6) ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік меншік құқығы субьектісінің функциясын жүзеге асыру, республикалық меншіктегі акционерлік қоғамдарда (серіктестіктерде) мемлекеттік акция топтамасын (қатысу үлесін) иелену және пайдалану;
Тармақша 7
7) Министрлік басшылығының тапсырмасы бойынша келіссөздер жүргізу және шет елдердің мемлекеттік органдарымен, халықаралық ұйымдармен және шетелдік заңды тұлғалармен шарттар жасасу туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 8
8) ақпараттық-презентациялық іс-шараларды (форумдар, презентациялар, конференциялар және т.б.), сондай-ақ ғылыми және ғылыми-техникалық дамудың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландырудың проблемалары бойынша кеңестерді ұйымдастыру және өткізу;
Тармақша 9
9) Комитет қызметкелерінің біліктілігін арттыру және қайта даярлауды ұйымдастырады;
Тармақша 10
10) құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері мен халықаралық шарттарының жобаларын әзірлеуге қатысу;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Комитеттің құқықтары мен мүдделерін қорғау мақсатында сотқа шағымдану;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен, сондай-ақ мемлекеттік органдармен келісу бойынша олармен бірлескен актілер негізінде басқа мемлекеттік органдармен, халықаралық ұйымдармен, сыртқы экономикалық және өзге де қызметке қатысушылармен өзара іс-қимыл жасау;
Тармақша 13
13) өзінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Републикасының заңнамаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен Комитеттің құзыреті шегінде мәселелерді пысықтау үшін үкіметтік емес ұйымдарды, ғылыми және өзге де ұйымдарды, оның ішінде шетелдік ұйымдарды, ғалымдар мен мамандарды жұмысқа тарту;
Тармақша 15
15) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) елдің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси даму мақсаттары мен басымдықтарын ескере отырып, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 2
2) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Тармақша 3
3) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс шеңберінде қалыптастырылатын ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларды қоспағанда, мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын үйлестіру;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасындағы іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттарын дамыту (биологиялық қауіпсіздік саласына әсер ететін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің басым бағыттары шегінде ғылыми зерттеулерді іріктеу кезінде Қазақстан Республикасының биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнамасының талаптары ескеріледі);
Тармақша 5
5) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы салааралық үйлестіруді жүзеге асыру;
Тармақша 6
6) Жоғарғы ғылыми-техникалық комиссия қызметін ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника, А. Байтұрсынұлы атындағы гуманитарлық ғылымдар саласындағы мемлекеттік сыйлықтарды беру туралы жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 8
8) мемлекеттік бюджет есебінен іске асырылатын іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулердің ғылыми, ғылыми-техникалық жобалары мен бағдарламаларын әзірлеуді және оларды қалыптастыру, орындау және аяқтау сатыларында іске асыруды ұйымдастыру;
Тармақша 9
9) ұлттық ғылыми кеңестердің тізбесі мен құрамы бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 10
10) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар шеңберінде жүзеге асырылатын салалық уәкілетті органдардың жұмысын үйлестіру;
Тармақша 11
11) ғылым мен ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін үйлестіру;
Тармақша 12
12) ғылым және ғылыми-техникалық қызмет саласында халықаралық ынтымақтастық орнату;
Тармақша 13
13) ғылыми қызмет саласындағы халықаралық шарттар (келісімдер) мен бағдарламаларға қол қою және шетелдік әріптестермен келіссөздер жүргізу;
Тармақша 13-1
13-1) әкімшілік рәсімдер шеңберінде өтініш берушілер өтініштерінде көтерілетін жүйелі проблемаларға талдау жүргізеді және оларды анықтайды;
Тармақша 14
14) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген ғылыми және ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламалар бойынша міндеттемелерді іске асыру;
Тармақша 15
15) ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты үйлестіру, сондай-ақ ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру;
Тармақша 16
16) ғылыми ұйымдарды құру, қайта құру және тарату туралы ұсыныстар енгізу;
Тармақша 17
17) ғылыми ұйымның консультативтік органы туралы, оның мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, үлгі ережесін бекіту;
Тармақша 18
18) ведомстволық бағынысты ұйымдарды бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруды белгіленген тәртіппен жүзеге асыру;
Тармақша 19
19) ғылым саласындағы мақсатты және халықаралық бағдарламаларды қалыптастыру;
Тармақша 20
20) ғылыми, ғылыми және техникалық қызмет саласындағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыру саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу;
Тармақша 21
21) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының зейнеткерлік жасқа жеткен академиктеріне өмір бойғы ай сайынғы стипендия белгілеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 22
22) Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидалары мен өлшемшарттарын әзірлеу;
Тармақша 23
23) мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ғылыми зерттеулерді және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды ұйымдастыру және жүргізу тәртібін әзірлеу;
Тармақша 24
24) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 25
25) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдардың тізбесін әзірлеу;
Тармақша 26
26) іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру нормаларын әзірлеу;
Тармақша 27
27) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 28
28) ғылыми ұйымның мүшелерін сайлау тәртібін қоса алғанда, оның консультативтік-кеңесші органы туралы үлгілік ережені әзірлеу;
Тармақша 29
29) үміткерлерді іріктеу және ғылыми тағылымдамадан өту қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 30
30) еңбегіне ақы төлеу базалық қаржыландыру шеңберінде жүзеге асырылатын жетекші ғалымдарға қойылатын талаптарды әзірлеу;
Тармақша 31
31) жыл сайынғы «Үздік ғылыми қызметкер» сыйлығын беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 32
32) ғылыми бағыттар сыныптауышын әзірлеу;
Тармақша 33
33) ұлттық ғылыми кеңестер туралы ережені әзірлеу;
Тармақша 34
34) апелляциялық комиссия туралы ережені әзірлеу және оның құрамын қалыптастыру;
Тармақша 35
35) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті базалық және бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті гранттық қаржыландыру, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру, іргелі ғылыми зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдарды қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 36
36) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалардың, бағдарламалардың және олардың орындалуы жөніндегі есептердің мемлекеттік есебін ұйымдастыру мен жүргізу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 37
37) мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 38
38) ғылыми және өндірістік қызметте пайдаланылатын патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің жұмыс коллекцияларын қалыптастыру, жүргізу және күтіп-ұстау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 39
39) Комитеттің құзыретіне жататын мәселелер бойынша және адамдар мен азаматтардың құқықтарын және бостандықтарын қозғайтын нормативтік құқықтық актілерді қоспағанда, Министрліктің актілерінде оларды бекіту жөнінде тікелей құзыреті болған кезде нормативтік құқықтық актілерді бекіту;
Тармақша 40
40) мемлекеттік қызметтерді көрсету;
Тармақша 41
41) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыруды ынталандыру жөніндегі шараларды жоспарлауды іске асыру;
Тармақша 42
42) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламасын әзірлеу және іске асру;
Тармақша 43
43) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруға жәрдемдесу бағдарламаларының іске асырылуын мониторингілеу;
Тармақша 43-1
43-1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобалар мен бағдарламаларды, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жобаларын орындау және аяқтау сатыларында олардың іске асырылуына мониторингті жүзеге асыру туралы ережені әзірлейді;
Тармақша 44
44) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру жөніндегі шаралардың тиімділігі туралы ақпаратты енгізу;
Тармақша 45
45) Комитеттің ведомстволық бағынысты ұйымдарының жарғыларын бекіту;
Тармақша 46
46) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Ғылым туралы жыл сайынғы Ұлттық баяндаманы дайындауды, ұсынуды және жариялауды ұйымдастыру;
Тармақша 47
47) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру шоғырландырылған талдамалық ақпаратты уәкілетті органның интернет-ресурстарында және мерзімді баспасөз басылымдарында орналастыру;
Тармақша 48
48) ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметтің субъектілеріне аккредиттеу жүргізеді;
Тармақша 48-1
48-1) инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 48-2
48-2) инновациялық гранттар берудің басым бағыттарын айқындау;
Тармақша 48-3
48-3) Қазақстан Республикасының Үкіметіне инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыруға уәкілетті, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы тікелей не жанама түрде мемлекетке тиесілі өзге де заңды тұлғалардың тізбесін айқындау жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 48-4
48-4) салаларды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 48-5
48-5) технологияларды коммерцияландыруға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 48-6
48-6) жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды технологиялық дамытуға инновациялық гранттар беру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 48-7
48-7) инновациялық гранттар беру кезінде инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институты көрсететін қызметтерге ақы төлеу қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 48-8
48-8) инновациялық қызмет сыныптамасын әзірлеу;
Тармақша 48-9
48-9) инновациялық қызметті дамытудың ұлттық индексін есептеу әдістемесін әзірлеу;
Тармақша 48-10
48-10) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтын тарта отырып, инновациялық гранттар беру;
Тармақша 48-11
48-11) инновациялық даму саласындағы ұлттық даму институтымен жасалатын шарт негізінде инновациялық гранттар беруге қаражат бөлу;
Тармақша 48-12
48-12) жобалардың инновациялылығы өлшемшарттарын айқындау жөніндегі әдістемені бекіту;
Тармақша 48-13
48-13) инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру тиімділігін бағалау әдістемесін бекіту;
Тармақша 48-14
48-14) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілеріне қосылған құнның жаһандық тізбектеріне кіру бойынша, оның ішінде тауарлардың жаңа түрлерін өндіруге арналған техникалық құжаттаманы және нақты тауарлар бойынша көш бастап тұрған жетекші әлемдік өндірушілердің әлемдік өндірістік франшизаларын пайдалану арқылы жәрдем көрсету;
Тармақша 48-15
48-15) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
Тармақша 48-16
48-16) ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің және ұлттық компаниялардың даму жоспарларын, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалардың, олармен үлестес заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорын қоспағанда), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың (Ұлттық әл-ауқат қорының тобына кіретін ұлттық компанияларды қоспағанда) және олармен үлестес заңды тұлғалардың даму жоспарларын және іс-шаралар жоспарларын технологиялар мен инновацияларды дамыту бөлігінде келісу;
Тармақша 48-17
48-17) Қазақстан Республикасы Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын инновациялық және технологиялық даму бөлігінде келісу;
Тармақша 48-18
48-18) ұлттық инновациялық жүйенің даму мониторингін қамтамасыз ету қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 48-19
48-19) бизнес-инкубациялауды дамытуға жәрдемдесу бойынша қызметтер көрсету қағидаларын бекіту;
Тармақша 48-20
48-20) технологиялық болжауды жүзеге асырудың, салалық технологиялық құзырет орталықтарының жұмыс істеуінің, технологиялық платформаларды ұйымдастырудың және нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеудің әдістемесі мен өлшемшарттарын бекіту;
Тармақша 48-21
48-21) цифрлық трансформация және 4.0 индустриясын енгізу жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға қатысу;
Тармақша 48-22
48-22) Жоғары ғылыми-техникалық комиссия қарау үшін жетекшілік ететін бағыттардағы салалық технологиялық құзырет орталықтарын, нысаналы технологиялық бағдарламаларды айқындау және технологиялық платформаларды ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу;
Тармақша 48-23
48-23) өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясаттың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын бекіту;
Тармақша 48-24
48-24) құзыреті шегінде әлеуетті инвесторларды, оның ішінде шетелдік инвесторларды өнеркәсіптік-инновациялық жобаларды іске асыруға қатысуға тарту мақсатында оларды іздестіру және олармен келіссөздер жүргізу;
Тармақша 48-25
48-25) құзыреті шегінде өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілерін инвестициялық тақырып бойынша бизнес-форумдарға, конференциялар мен семинарларға қатысуға тарту;
Тармақша 48-26
48-26) құзыреті шегінде бұқаралық ақпарат құралдарында, оның ішінде шетелдегі мекемелер арқылы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы шетелдік дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктер мен консулдық мекемелер арқылы шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында өнеркәсіптік-инновациялық жобалар туралы ақпарат тарату;
Тармақша 48-27
48-27) Венчурлік қорларды қоса қаржыландырудың нысаналы көрсеткіштерін қоса алғанда, инновациялық қызметті мемлекеттік қолдауға қатысатын инновациялық жүйе субъектілері конкурстық негізде жүзеге асыратын венчурлік қорларды қоса қаржыландыру қағидаларын әзірлеу;
Тармақша 49
49) Қазақстан Республикасының Заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. Комитеттің қызметін қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
3-тарау. Комитеттің қызметін қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері
Тармақ 16
16. Комитет басшылығын Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Төраға жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.
Тармақ 18
18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
Тармақ 19
19. Комитет төрағасының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Комитеттің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 2
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ведомстволық бағынысты ұйымдардың бірінші басшыларын және олардың орынбасарларын лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3) Министрліктің Аппарат басшысына Комитет персоналын іссапарға жіберу, біліктілігін арттыру, оларға тәртіптік жаза қолдану және алып тастау мәлелелері бойынша ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 4
4) Министрліктің Аппарат басшысына төрағаның орынбасарын және Комитеттің басқа да қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату туралы, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар енгізеді;
Тармақша 5
Тармақша 6
6) өз құзыреті шегінде Комитет қызметкерлері мен ұйымдарына орындауға міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады, тапсырмалар береді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;
Тармақша 8
8) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдау үшін дербес жауапты болады;
Тармақша 9
9) қызметкерлердің Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексін, орындаушылық және еңбек тәртібін сақтауын бақылайды;
Тармақша 10
10) Қазақстан Республикасы Заңдары мен Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттілікті жүзеге асырады.
Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Тармақ 20
20. Басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4-тарау. Комитеттің мүлкі
4-тарау. Комитеттің мүлкі
Тармақ 21
21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жекеленген мүлікті жедел басқару құқығы бар.
Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 22
22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.
Тармақ 23
23. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Комитет өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен иелік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 24
24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 25. Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік
заңды тұлғалардың тізбесі
25. Қарамағындағы ұйымдардың тізбесі.
Комитеттің қарамағындағы мемлекеттік
заңды тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Математика және математикалық модельдеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 2
2. «Экономика институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 3
3. «А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 4
4. «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 5
5. «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 6
6. «Философия, саясаттану және дінтану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 7
7. «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 8
8. «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 9
9. «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 10
10. «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 11
11. «Генетика және физиология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 12
12. «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 13
13. «Маңғышлақ эксперименттік ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 14
14. «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 15
15. «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 16
16. «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 17
17. «Ақпараттық және есептеу технологиялары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 18
18. «Жану проблемалары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 19
19. «Жошы Ұлысын зерттеу ғылыми институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
Тармақ 20
20. «Академик Қ.И. Сәтбаевтың мемориалдық мұражайы» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 21. Комитет акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі
21. «Мемлекет тарихы институты» республикалық мемлекеттік мекемесі.
Комитет акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқығы берілген заңды тұлғалардың тізбесі
Тармақ 1
1. «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы.
Тармақ 2
2. «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы.
Тармақ 3
3. «География және су қауіпсіздігі институты» акционерлік қоғамы.
Тармақ 4
4. ЮНЕСКО аясындағы 2-санаттағы «Орталық Азия өңірлік гляциологиялық орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Тармақ 5
5. «Еуразиялық интеграция институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.