О назначении внеочередных выборов Президента Республики Казахстан
Қолданыста
Жарлық
·№ 1019
·
11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О назначении внеочередных выборов Президента Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
- Акт түрі
- Жарлық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1019
- Қабылданған күні
- 21.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.09.2022 171896_594431.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- U2200001019
- ЭКБ идентификаторы
- 171896
- Редакция идентификаторы
- 171896_594431
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:55
0 Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкiметі
актiлерiнiң жинағында және республикалық
баспасөзде жариялануға тиiс
Қазақстан Республикасы Президентінің
кезектен тыс сайлауын тағайындау туралы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 41-бабының 3-1-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1 1. Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы 2022 жылдың 20 қарашасына тағайындалсын.
2 2. Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етсін.
3 3. Қазақстан Республикасының Үкіметі кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастырушылық, материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыз ету жөніндегі қажетті шараларды қабылдасын.
4
4. Астана, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері сайлау құқығы бар азаматтардың тізімін уақытында жасауды және дұрыстығын қамтамасыз етсін, Орталық, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларына кезектен тыс президенттік сайлауды ұйымдастыру мен өткізу мәселелерін шешуде жан-жақты көмек көрсетсін.