Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Шалкарскому району
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении норм образования и накопления коммунальных отходов по Шалкарскому району
- Атауы (қаз.)
- Шалқар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 300
- Қабылданған күні
- 14.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 14.09.2022 172023_593001.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22CM029683
- ЭКБ идентификаторы
- 172023
- Редакция идентификаторы
- 172023_593001
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 00:05
0 Шалқар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса беріліп отырған Шалқар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Шалқар аудандық мәслихатының
2022 жылғы 14 қыркүйектегі
№ 300 шешіміне қосымша
Шалқар ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
№
Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектілердің түрлері
Есептік бірлік
Коммуналдық қалдықтардың жиналған жылдық нормасы, м3
1
Жайлы үйлер
1 тұрғын
1,6
2
Жайлы емес үйлер
1 тұрғын
1,96
3
Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және сол сияқтылар
1 орын
0,37
4
Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері
1 орын
0,40
5
Балабақшалар, бөбекжай және басқа да мектепке дейінгі мекемелер
1 орын
0,27
6
Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, банктер, байланыс бөлімшелері
1 қызметкер
0,32
7
Емханалар, медициналық орталықтар
1 келіп кету
0,07
8
Ауруханалар, өзге де емдеу-сауықтыру мекемелері
1 төсек-орын
0,91
9
Мектептер және өзге де оқу орындары
1 оқушы
0,08
10
Мейрамханалар, дәмханалар, басқа да көңіл көтеретін ғимараттар және қоғамдық тамақтану мекемелері
1 отыратын орын
1,40
11
Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы, интернет-кафелер, компьютерлік клубтар
1 отыратын орын
0,06
12
Мұражайлар, көрмелер
Жалпы алаңы 1 м2
0,04
13
Стадиондар, спорт алаңдары
Жоба бойынша 1 орын
0,12
14
Спорт, би және ойын залдары
Жалпы алаңы 1 м2
0,06
15
Азық-түлік және өнеркәсіптік тауар дүкендері, аралас дүкендер
сауда алаңы 1 м2
0,40
16
Машиналардан сату
сауда орнының 1 м2
0,59
17
Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер
Сауда алаңы 1 м2
0,48
18
Азық-түлік, өнеркәсіптік тауарларының көтерме базалары, қоймалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,48
19
Тұрмыстық қызмет көрсету үйі: халыққа қызмет көрсету
Жалпы алаңы 1 м2
0,10
20
Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар
Жалпы алаңы 1 м2
1,23
21
Жағажайлар, жолдардан көше сыпырындысы
Жалпы алаңы 1 м2
0,05
22
Дәріханалар
Сауда алаңы 1 м2
0,19
23
Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, автожанармай құю станциясы
1 машина-орын
0,62
24
Автомобиль шеберханалары
1 жұмысшы
1,27
25
Гараж кооперативтері, гараждар, паркингтер
1 гаражға
0,81
26
Шаштараздар, косметикалық салондар
1 жұмыс орны
0,74
27
Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі
Жалпы алаңы 1 м2
0,55
28
Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары
Жалпы алаңы 1 м2
0,45
29
Кішігірім жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және сол сияқтылар.)
1 жұмыс орны
0,94
30
Моншалар, сауналар
Жалпы алаңы 1 м2
0,23
31
Қала аумағында жаппай іс-шаралар ұйымдастыратын заңды, саябақ қалдықтары
1000 қатысушы
0,07
32
Бау-бақша кооперативтері
1 учаске
0,47
Ескерту:
м3 - текше метр;
м2 - шаршы метр.