Об изменении границ Карагандинской области и установлении границ области Ұлытау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об изменении границ Карагандинской области и установлении границ области Ұлытау
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 744
- Қабылданған күні
- 26.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2022 172059_593639.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- P2200000744
- ЭКБ идентификаторы
- 172059
- Редакция идентификаторы
- 172059_593639
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:48
0 Қарағанды облысының шекарасын өзгерту және
Ұлытау облысының шекарасын белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қарағанды облысының шекарасы одан Ұлытау облысының құрамына беру үшін Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы 18893661,0 гектар жерін алып тастау арқылы өзгертілсін.
2 2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Жезқазған, Сәтбаев және Қаражал қалаларының, Жаңаарқа және Ұлытау аудандарының жалпы ауданы 18893661,0 гектар жерін қосу арқылы Ұлытау облысының шекарасы белгіленсін.
3 3. Қарағанды және Ұлытау облыстарының әкімдіктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4 4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
1 Қарағанды облысы шекарасының сипаттамасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Қарағанды облысы шекарасының сипаттамасы
Қарағанды облысының аумағы 23 904 635 гектар құрайды және шекарасы мынадай болып белгіленген:
солтүстік-шығыс шекара Павлодар облысының шекарасы бойымен өтеді;
шығыс шекара Абай облысының шекарасы бойынша өтеді;
оңтүстік-шығыс шекара Жетісу облысының шекарасы бойымен өтеді;
оңтүстік шекара Алматы облысының шекарасы бойымен өтеді;
оңтүстік-батыс шекара Жамбыл облысының шекарасы бойымен өтеді;
батыс шекара Ұлытау облысының шекарасы бойымен өтеді;
солтүстік-батыс шекара Қостанай облысының шекарасы бойымен өтеді;
солтүстік шекара Ақмола облысының шекарасы бойымен өтеді.
_________________________
2 Ұлытау облысы шекарасының сипаттамасы
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Ұлытау облысы шекарасының сипаттамасы
Ұлытау облысының аумағы 18 893 661 гектар құрайды және шекарасы төмендегідей белгіленген:
солтүстік және шығыс шекара Қарағанды облысының шекарасы бойымен өтеді;
оңтүстік-шығыс шекара Жамбыл облысының шекарасы бойымен өтеді;
оңтүстік шекара Түркістан облысының шекарасы бойымен өтеді;
оңтүстік-батыс шекара Қызылорда облысының шекарасы бойымен өтеді;
батыс шекара Ақтөбе облысының қолданыстағы шекарасы бойымен өтеді;
солтүстік-батыс шекара Қостанай облысының шекарасы бойымен өтеді.
_________________________