Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Бұйрық · № 758 · қабылданған 19.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-172088/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 758 ·19.09.2022
19.09.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 758 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в некоторые приказы Министра внутренних дел Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
758
Қабылданған күні
19.09.2022
Көрсетілген редакция
19.09.2022 172088_593391.kaz
Соңғы өзгеріс
19.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029799
ЭКБ идентификаторы
172088
Редакция идентификаторы
172088_593391
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:58

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1.  Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының қоса беріліп отырған тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті заңнамада белгіленген тәртіпте:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;

3 3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы нарығын реттеу және
дамыту агенттігі

0 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер
Министрдің міндетін атқарушы
2022 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 758
бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1 1. «Көлік оқиғасының схемасын жасау ережесін және олардың үлгі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 9 ақпандағы № 52 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6778 болып тіркелген):

Бұйрықтың 2- тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттерінің және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Байқоңыр қаласындағы өкілдігінің бастықтары ішкі істер органдарының әкімшілік полиция бөліністерінің жұмысын осы Ереженің талаптарына сәйкес ұйымдастырсын.»;
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген көлік оқиғасының схемасын жасау ережесінде және олардың үлгі нысандарында:
мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын:
«9-1. Сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары және (немесе) аспаптары (аппараттар, құрылғылар) болған кезде көлік оқиғасының схемасын электрондық форматта жасауға болады.».
1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2, 3, 4, 5 және 6-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. «Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2011 жылғы 23 мамырдағы № 232 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7030 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі істер органдары арнайы қабылдау орындарының қызметін ұйымдастыру ережесінде:
9 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Арнайы қабылдау орындарын пайдалану Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 16 маусымдағы № ҚР ДСМ-52 бұйрығымен бекітілген «Әкімшілік және тұрғын ғимараттарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28525 болып тіркелген) айқындалған санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 17 тамыздағы № 405 бұйрығымен бекітілген «Өрт қауіпсіздігіне қойылатын жалпы талаптар» техникалық регламентінде белгіленген өрт қауіпсіздігі талаптарына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24045 болып тіркелген) жауап беретін, әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қауіпсіз ұстау үшін жарамды үй-жайлар болған кезде ғана рұқсат етіледі.»;

3 3. «Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларын бекіту туралы» Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 2 желтоқсандағы № 1122 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14619 болып тіркелген):

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Күдіктілерді, айыпталушыларды және сотталғандарды айдауылдау қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және Көліктегі полиция департаменттері жоспарлы бағыттарды әзірлеуге қатысады және Ұлттық ұланның әскери бөлімдерінің штабтарымен, темір жолдардағы арнайы тасымалдау бөлімдерімен (бөлімшелерімен) бірлесіп, жоспарлы қарауылдар рейстерінің санын, алмастыру пункттерін, күдіктілерді, айыпталушылар мен сотталғандарды қабылдау (тапсыру) үшін айдауылдарды осы пункттерге жіберетін айдауылдау бөліністерін (ішкі істер органдарының) белгілейді.»;
9-тармақтың 3) тармақшасының жетінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Айдауылдау бағыты жедел қызметтермен бірлесіп әзірленеді және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың полиция департаменттерінің, қылмыстық-атқару жүйесінің аумақтық органының басшылығымен келісіледі.».
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Жүріп-тұруы үшін бөтен адамның көмегін қажет ететін мүгедектігі бар адамдарды айдауылданушылар айдауылдауға ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі бөлген еріп жүретін адамдармен ғана қабылданады. Соңғы баратын пунктте мұндай айдауылданушылар әрі қарай бұл туралы алдын ала хабардар етілген аумақтық ішкі істер органы, ҚАЖ мекемесі бөлген еріп жүретін адамдардың көмегімен айдауылданады. Туберкулездің жұқпалы түрімен ауыратын адамдар еріп жүретін адамдарымен бірге айдауылдауға тек дәрігердің жазбаша нұсқауы бойынша ғана қабылданады. Жүктілігі алты айдан жоғары әйелдер және жасы екі айға дейінгі балалары бар әйелдер айдауылдауға ішкі істер органы денсаулық сақтау органының емдеу-профилактикалық мекемесі бөлген бірге еріп жүретін медицина қызметкерімен қабылданады.».
6 қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

1 Көліктік оқиға бойынша мәліметтер тізбесі

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне 1-қосымша
Көліктік оқиға бойынша мәліметтер тізбесі

Кө­лік­тік оқи­ға бой­ын­ша мә­лі­мет­тер тіз­бе­сі
Кө­лік оқи­ға­сы­на қа­ты­су­ша­лар тол­ты­ра­тын мә­лі­мет­тер
1
2
3
1.
Кө­лік оқи­ға­сы­на қа­ты­су­шы­лар­дың те­гі, аты, әке­сі­нің аты (болған жағ­дай­да)
1....................
2....................
3....................
2.
Кө­лік оқи­ға­сы­на қа­ты­су­шы­лар­дың тұ­ра­тын жер­ле­рі, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
1....................
2....................
3....................
3.
Кө­лік оқи­ға­сы­на қа­ты­су­шы­лар­дың әр­қай­сысы­ның жүр­гі­зу­ші ку­ә­лі­гі­нің нө­мі­рі, кім және қа­шан бе­ріл­ді
1....................
2....................
3....................
4.
Кө­лік құ­рал­да­ры ие­ле­рі­нің аза­мат­тық-құқық­тық жа­у­ап­кер­ші­лі­гін мін­дет­ті сақ­тан­ды­ру (сақ­тан­ды­ру по­ли­сі­нің) ке­лі­сім шар­ты­ның се­ри­я­сы, нө­мі­рі, сақ­тан­ды­ру по­ли­сін бер­ген сақ­тан­ды­ру ұй­ы­мы­ның ата­уы
5.
Кө­лік оқи­ға­сы куә­гер­ле­рі­нің тек­те­рі, ат­та­ры, әке­ле­рі­нің ат­та­ры (болған жағ­дай­да)
1....................
2....................
3....................
6.
Кө­лік оқи­ға­сы куә­гер­ле­рі­нің тұ­ра­тын жер­ле­рі, бай­ла­ныс те­ле­фон­да­ры
1....................
2....................
3....................
7.
Кө­лік оқи­ға­сы­ның жа­сал­ған кү­ні мен уа­қы­ты
8.
Кө­лік оқи­ға­сы­на қа­тысқан­дар­дың бас­қа­руын­да­ғы кө­лік құ­рал­да­ры­ның тү­рі, мар­ка­сы, мо­де­лі және тір­кеу нө­мі­рі
1....................
2....................
3....................
9.
Кө­лік оқи­ға­сы жа­сал­ған орын (мы­са­лы, км, тас жол); №___ үй­ге қа­ра­ма-қар­сы кө­ше; кө­ше мен даң­ғыл қиы­лы­сы және бас­қа­да жағ­дай­лар
10.
Кө­лік оқи­ға­сы­ның тү­рі (адам ба­сып ке­ту, соқ­тығ­ы­су, ауда­ры­лу және бас­қа­да жағ­дай­лар).
11.
Жол жү­рі­сі бө­лі­гі­нің жағ­дайы (көл­де­нең, ой­лы, қа­зы­л­ған, шұң­қыр­ла­ры бар және бас­қа да си­патта­ма­лар)
12.
Кө­лік құ­рал­да­ры­ның ақа­у­сыз бо­луы (ақа­уы болған жағ­дай­да - көр­се­тіл­сін, қа­шан бай­қал­ды және оны жою үшін қан­дай ша­ра­лар қа­был­дан­ды)
13.
Кө­лік оқи­ға­сы­на қа­ты­су­шы­лар­дың қоз­ға­лыс ба­ғы­ты (ста­ци­о­нар­лық объ­ек­ті­ден со­лға неме­се оң­ға)
14.
Кө­лік оқи­ға­сы­на дей­ін­гі кө­лік құ­рал­да­ры­ның қоз­ға­лыс жыл­дамды­ғы (сағ/км)
15.
Жол жү­рі­сі бө­лі­гі жа­бы­ны­ның жағ­дайы (ас­фальт, бе­тон және бас­қа)
16.
Жол жа­бы­ны­ның жағ­дайы (құр­ғақ, су­лы, бат­пақ, мұз жа­бын­ған және бас­қа)
17.
Жол жа­бы­ны­ның ба­ғыт­қа ар­нал­ған (бір, екі) ені (метр­мен)
18.
Тәу­лік уа­қы­ты (қа­раң­ғы, жа­рық)
19.
Оқи­ға болған сәт­те­гі ме­тео­ро­ло­ги­я­лық жағ­дай
20.
Осы учас­ке­де­гі қоз­ға­лы­сты рет­теу тә­сі­лі (бағ­дар­шам, рет­те­у­ші, жол бел­гі­ле­рі)
21.
Кө­лік оқи­ға­сы болған жер­де­гі жол бел­гі­ле­рі (олар­дың ата­у­ла­ры)
22.
Кө­рі­нуі (метр­лер­де) (тәу­лік­тің қа­раң­ғы уа­қы­ты жағ­дай­ын­да не кө­рі­нуі шек­тел­ген, кө­лік құ­ра­лын­да қан­дай жа­рық бе­ру құ­ра­лы қо­сы­л­ға­ны көр­се­тіл­сін)
Фа­ра­лар­дың жа­ры­ғы сөн­ді­рі­л­ген метр:
алы­стан метр;
жа­қын­нан метр;
күн­діз­гі жа­рық ке­зін­де метр.
23.
Кө­лік оқи­ға­сы болған жер­дің жа­ры­ғы (қа­ла­лық электр жа­ры­ғы, ай­на­лад­а­ғы үй­лер­дің жа­ры­ғы, жа­рық­тың бас­қа да көз­де­рі)
24.
Жү­ріп ке­ле жа­тқан ав­то­мо­биль­дің жо­ла­ғы­нан жүр­гі­зу­ші ка­би­на­сы­нан кө­рі­нуі (метр­лер­де)
оң­ға метр;
со­лға метр.
25.
Сыз­ба жа­сал­ған кез­де (су­рет­ке, бейне жа­з­ба­ға, аудио жа­з­ба­ға) тү­сі­рі­ле­ді.
Көлік оқиғасына қатысушылардың тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
1. __________________________ _____________
(қолы)
2. _________________________ ______________
(қолы)
3. ...
Көлік оқиғасының куәгерлерінің тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда):
1.___________________________________ ________
(қолы)
2.___________________________________ ________
(қолы)
3....

2 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне 2-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасы
Сызбамен келісеміз
1. Жүргізуші ___________________________
2. Жүргізуші ___________________________
Куәгерлер: 1.______________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
2. _________________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
Лауазымды адамның қолы _______________
Сызбаның көшірмесін алдым _____________

3 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
3-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне 3-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасы
Сызбамен келісеміз
1. Жүргізуші _______________________
2. Жүргізуші _______________________
Куәгерлер: 1._______________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
2. __________________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
Лауазымды адамның қолы ___________________
Сызбаның көшірмесін алдым _________________

4 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
4-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне 4-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасы
Сызбамен келісеміз
1. Жүргізуші _______________________
2. Жүргізуші _______________________
Куәгерлер: 1._________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
2. ____________________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
Лауазымды адамның қолы __________________
Сызбаның көшірмесін алдым ________________

5 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
5-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне 5-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасы
Сызбамен келісеміз
1. Жүргізуші ________________________________
2. Жүргізуші ________________________________
Куәгерлер: 1.___________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
2. _______________________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
Лауазымды адамның қолы _________________
Сызбаның көшірмесін алдым _______________

6 Қазақстан Республикасы

Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
6-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасын жасау ережесіне 6-қосымша
Көлік оқиғасының сызбасы
Сызбамен келісеміз
1. Жүргізуші _______________________
2. Жүргізуші _______________________
Куәгерлер:1.________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
2. _____________________________________________
/Т.А.Ә. (болған жағдайда), тұрғылықты орны, қызмет немесе үй телефоны/
Лауазымды адамның қолы ____________________
Сызбаның көшірмесін алдым ______________________

7 № ___ жеке іс бойынша анықтама

Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесіне
7-қосымша
Күдіктілерді, Айыпталушылар мен сотталғандарды айдауылдау қағидаларына 6-қосымша
Нысан
_________________________________________________________
(анықтама құрастырылатын iшкi iстер органының, ҚАЖ мекемесінің атауы)
____________________________________________________________________
20 _ жылғы «____» __________
(толтырған күнi)
№___ ілеспе тізімі бойынша
№ ___ жеке іс бойынша анықтама

1 1. Күзетпен ұсталатын адамның тегi, аты, әкесінің аты (болған жағдайда), (егер бiрнеше болса, барлығын көрсету керек) _____________________________________________________

2 2. Туған жылы мен жерi (мәлiметтердi толық көрсету)

_______________________________________________________________________________

3 3. Күзетке алынғанға дейiнгi тұрғылықты орны (толық мекен жайын көрсету)

_______________________________________________________________________________

4 4. Қайда және кiмнiң қарамағына жiберiледi (қаланың, тергеу изоляторының, уақытша ұстау

изоляторының, ҚАЖ мекемесiнiң атауы)
_______________________________________________________________________________

5 5. Қарауыл немесе айдауыл қай жерде тапсырылуы (станция, әуежай, кемежай атауы),

қандай тапсыру пункттерi арқылы жiберiлуi (тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы,
ҚАЖ мекемесi) тиіс_______________________________________________________

6 6. Айдауылдау үшін негiз (наряд, бұйрық, сот немесе тергеу органының қаулысы, нөмірі,

күні) __________________________________________________________________________

7 7. Санаты (сотталғандардың, режим түрiнiң, айыпталушы мен бiр уақытта: аса қауiптi қылмыскер, жазалаудың ең жоғарғы шарасына сотталған,шетел азаматы, кәмелеттке толмаған және тағы басқа көрсетiлуi керек ___________________________________________

8. Қандай сот органы соттаған (қашан, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің
қандай бабы бойынша, қай мерзiмге немесе қандай бап бойынша айыпталады)
_______________________________________________________________________________

9 9. Күшейтiлген күзеттің керектігі және неге ________________________________________

10 10. Дәрiгердiң:

1 1) денсаулық жағдайы (денi сау, туберкулезбен, жұқпалы аурумен немесе терi-

венерологиялық аурумен ауырады, ақыл-есi ауысқан, мүгедектігі бар адамдар, еріп жүрушісіз жолда жүре
алатыны) туралы ________________________________________________________________

2 2) санитариялық өңдеуден өту күні туралы (күнi) _____________________________________

3 3) күзетпен ұстау орнының, ҚАЖ мекемесінiң эпидемиологиялық жай-күйі туралы анықтама

_______________________________________________________________________________
Дәрiгер ________________________
(тегi, қолы)
Бастық ________________________
(тегi, қолы)
Фотосурет
Елтаңбалы мөр орны

Қолданыстағы