Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий района Тереңкөл
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении норматива отчисления части чистого дохода коммунальных государственных предприятий района Тереңкөл
- Атауы (қаз.)
- Тереңкөл ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 255/7
- Қабылданған күні
- 27.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 27.09.2022 172186_594255.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 27.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22PH029883
- ЭКБ идентификаторы
- 172186
- Редакция идентификаторы
- 172186_594255
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:46
0 Тереңкөл ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының
таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 140-бабы 2-тармағына сәйкес, Тереңкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Тереңкөл ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Тереңкөл ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Тереңкөл ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Тереңкөл ауданы
әкімдігінің 2022 жылғы
27 қыркүйектегі № 255/7
қаулысына қосымша
Тереңкөл ауданының коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарының
таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативі
Таза кіріс 3 000 000 теңгеге дейін
Таза кіріс сомасынан 5 пайыз
Таза кіріс 3 000 001 теңгеден 50 000 000 теңгеге дейін
150 000 теңге + 3 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 10 пайыз
Таза кіріс 50 000 001 теңгеден 250 000 000 теңгеге дейін
4 850 000 теңге + 50 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 15 пайыз
Таза кіріс 250 000 001 теңгеден 500 000 000 теңгеге дейін
34 850 000 теңге + 250 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 25 пайыз
Таза кіріс 500 000 001 теңгеден 1 000 000 000 теңгеге дейін
97 350 000 теңге + 500 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 30 пайыз
Таза кіріс 1 000 000 001 теңгеден және одан жоғары
247 350 000 теңге + 1 000 000 000 теңге мөлшердегі таза кірістен асқан сомадан 50 пайыз