О корректировке базовых ставок земельного налога по району Алтай
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О корректировке базовых ставок земельного налога по району Алтай
- Атауы (қаз.)
- Алтай ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 22/3-VII
- Қабылданған күні
- 26.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 26.09.2022 172230_603222.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 26.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22VL029872
- ЭКБ идентификаторы
- 172230
- Редакция идентификаторы
- 172230_603222
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:48
0 Алтай ауданы бойынша жер салығының базалық мөлшерлемелерін түзету туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 510-бабы 1-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Алтай ауданының мәслихаты ШЕШТІ:
1 1«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасы Кодексінің 505,506-баптарында белгіленген Алтай ауданының елді мекендерінің жерлерін аймақтарға бөлу жобасының (схемасының) негізінде келесі жерге:
1) Алтай қаласы (үй жанындағы жер телімдерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі:
I, II, V, VI аймақтар бойынша - 50% - ға жоғарылатылсын;
III, IV аймақтар бойынша - 40% - ға жоғарылатылсын;
2) Серебрянск қаласы (үй жанындағы жер телімдерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі:
I, II, III, IV, V аймақтар бойынша - 50% - ға жоғарылатылсын;
3) Алтай ауданының ауылдық елді мекендері (үй жанындағы жер телімдерін қоспағанда), жер салығының базалық мөлшерлемесі:
I, II, III, IV, V аймақтар бойынша - 50% - ға жоғарылатылсын;
VI аймақ бойынша - 40% - ға жоғарылатылсын;
VII аймақ бойынша:
Дородница, Бородино ауылдары - 50% - ға жоғарылатылсын;
Заводинка, Северное, Васильевка, Богатырево, Чиркаин, Александровка ауылдары (Средигорный ауылдық округі) - 40% - ға жоғарылатылсын;
Баяновск, Андреевка, Пролетарка, Орловка, Крестовка ауылдары - 30% жоғарылатылсын;
VIII аймақ бойынша:
Ермаковка, Алтайка ауылдары - 50% жоғарылатылсын;
Бұқтырма бекеті, Селезневка, Быков, Кутиха ауылдары - 40% жоғарылатылсын;
Сажаевка ауылы - 30% жоғарылатылсын;
IX аймақ бойынша:
Березовка ауылы - 50% жоғарылатылсын;
Александровка, Кремнюха ауылдары - 40% жоғарылатылсын;
4) Алтай ауданының елді мекендерінен тыс орналасқан өнеркәсіптер, жер салығының базалық мөлшерлемесі:
I аймақ бойынша - 50% - ға жоғарылатылсын;
II аймақ бойынша - 40% - ға жоғарылатылсын;
III аймақ бойынша - 30% - ға жоғарылатылсын;