Об утверждении Перечня разрешений, по которым проверка заявителя на соответствие квалификационным или разрешительным требованиям и выдача разрешения либо мотивированного отказа осуществляются в автоматическом режиме проверки заявителя и выдачи разрешения в государственной информационной системе разрешений и уведомлений
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Перечня разрешений, по которым проверка заявителя на соответствие квалификационным или разрешительным требованиям и выдача разрешения либо мотивированного отказа осуществляются в автоматическом режиме проверки заявителя и выдачи разрешения в государственной информационной системе разрешений и уведомлений
- Атауы (қаз.)
- Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 355/НҚ
- Қабылданған күні
- 29.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 29.09.2022 172300_604695.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029901
- ЭКБ идентификаторы
- 172300
- Редакция идентификаторы
- 172300_604695
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:43
0 Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесін бекіту туралы
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. Қоса беріліп отырған Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесі бекітілсін.
2 2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер комитеті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрлігі
0 Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесі
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрі
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ 355/НҚ Бұйрықпен
бекітілген
Өтініш берушінің біліктілік немесе рұқсат беру талаптарына сәйкестігін тексеру және рұқсатты не уәжді бас тартуды беру рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесінде өтініш берушіні тексерудің және рұқсат берудің автоматты режимінде жүзеге асырылатын рұқсаттар тізбесі
№
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауы
Мемлекеттік көрсетілетін қызметттің кіші түрінің атауы
Рұқсат беру органының атауы
1.
Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру
Импортқа лицензия беру
СИМ
Аббревиатураның толық жазылуы:
СИМ – Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі