Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Бұйрық · № ҚР ДСМ-108 · қабылданған 30.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-172417/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-108 ·30.09.2022
30.09.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.09.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ ҚР ДСМ-108 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министерства здравоохранения Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
ҚР ДСМ-108
Қабылданған күні
30.09.2022
Көрсетілген редакция
30.09.2022 172417_595192.kaz
Соңғы өзгеріс
30.09.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200029963
ЭКБ идентификаторы
172417
Редакция идентификаторы
172417_595192
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:39

0 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.

2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министірлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министірлігі

1 Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
міндетін атқарушы
2022 жылғы 30 қыркүйектегі
№ ҚР ДСМ-108 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің өзгерістер енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

1

1. «Міндетті медициналық қарап-тексерулерге жататын адамдардың нысаналы топтарын, сондай-ақ оларды жүргізу тәртібі мен мерзімділігін, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемін, медициналық қарсы көрсетілімдерді, зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесін және «Алдын ала міндетті медициналық қарап-тексерулерден өткізу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 15 қазандағы № ҚР ДСМ-131/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21443 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшамен бекітілген Міндетті медициналық қарап-тексерулер жататын адамдардың нысаналы топтарында, зертханалық және функционалдық зерттеулердің көлемінде:
реттік нөмірі 11- жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
11
Са­на­то­рий­лер­дің, де­ма­лыс үй­ле­рі­нің, пан­си­о­нат­тар­дың, ин­тер­нат­тар­дың және ар­на­у­лы әле­умет­тік қыз­мет­тер көр­се­те­тін ұй­ым­дар
Флю­о­ро­гра­фия, гель­минт жұ­мырт­қа­ла­ры­на, ди­зен­те­рия, саль­мо­нел­лез, іш сүзе­гі, А және В па­ра­тиф­те­рі қоз­дыр­ғы­шта­рын та­сы­мал­да­у­шы­лық­қа зерт­теп-қа­рау
Флю­о­ро­гра­фия, гель­минт жұ­мырт­қа­ла­ры­на, ди­зен­те­рия, саль­мо­нел­лез, іш сүзе­гі, А және В па­ра­тиф­те­рі қоз­дыр­ғы­шта­рын та­сы­мал­да­у­шы­лық­қа зерт­теп-қа­рау
Әр­бір 12 ай сай­ын
»;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген Зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлардың, жұмысқа орналасқан кезде орындау кезінде міндетті алдын ала медициналық қарап-тексерулер және мерзімдік міндетті медициналық қарап-тексерулер жүргізілетін кәсіптер мен жұмыстардың тізбесінде:
Кәсіптер мен жұмыстарда:
реттік нөмірі 29-жолдағы мынадай редакцияда жазылсын:
29
Бар­лық са­нат­та­ғы ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның қоз­ға­лы­сы­мен бай­ла­ны­сты жұ­мыстар;
Кә­сіп­тік па­то­лог, те­ра­певт, нев­ро­па­то­лог, оф­таль­мо­лог, нар­ко­лог, ото­ри­но­ла­рин­го­лог, хи­рург, пси­хи­атр, ги­не­ко­лог
Қан­ның жал­пы тал­да­уы, ЭКГ, ФГ, ве­сти­бу­ляр­лық ап­па­рат­ты зерт­теу, қан то­бын және ре­зус-фак­тор­ды анық­тау (ал­дын ала ме­ди­ци­на­лық қа­рап-тек­се­ру­ден өту ке­зін­де), кө­ру жі­ті­лі­гі мен өрі­сін зерт­теу
Кө­ру функ­ци­я­сы бұ­зы­л­ған көз қа­бық­та­ры­ның со­зыл­ма­лы ау­ру­ла­ры, көз­ге ке­дер­гі кел­ті­ре­тін неме­се көз ал­ма­сы­ның қоз­ға­лы­сын шек­тей­тін қа­бақ­тың бұл­шық ет­те­рі­нің тұ­рақ­ты өзге­рі­сте­рі мен па­рез­де­рі (жақ­сы нәти­же­мен опе­ра­ци­я­лық ем­де­уден кей­ін жүр­гізу­ге рұқ­сат еті­ле­ді).
Бар­лық үл­гі­де­гі және мар­ка­да­ғы мо­то­цик­л­дер, мо­то­рол­лер­лер, мо­то­нарт­тар;
Көз жа­сы қап­шы­ғы­ның со­зыл­ма­лы, кон­сер­ва­тив­ті ем­де­у­ге кел­мей­тін қа­бы­нуы мен жы­лан­кө­зі, та­бан­ды, ем­де­у­ге кел­мей­тін жас ағу (жақ­сы нәти­же­мен опе­ра­ци­я­лық ем­де­уден кей­ін жүр­гізу­ге рұқ­сат еті­ле­ді).
Жо­ла­у­шы­лар та­сы­мал­да­у­ға ар­нал­ған трам­вай­лар, трол­лей­бу­стар, ав­то­бу­стар, ша­ғын ав­то­бу­стар және өзге де ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры;
Қы­ли­лық­тың сал­да­ры­нан тұ­рақ­ты ди­пло­пия.
Трак­тор­лар және олар­дың ба­за­сын­да дай­ын­дал­ған өзді­гі­нен жү­ре­тін шас­си­лер мен ме­ха­низмдер, ауыл ша­ру­а­шы­лы­ғы, ме­ли­о­ра­тив­тік және жол-құ­ры­лыс ма­ши­на­ла­ры мен ме­ха­низмде­рі;
Кез кел­ген ме­ри­ди­ан­да кө­ру өрі­сі­нің 200 ар­тық шек­те­луі.
Бар­лық са­нат­та­ғы мү­ге­дек­ті­гі бар адам­дар­ға ар­нал­ған қол­мен бас­қа­ры­ла­тын ав­то­мо­биль­дер;
Аб­со­лют­ті неме­се са­лы­стыр­ма­лы ор­та­лық ско­то­ма.
Өзен және те­ңіз порт­та­ры­ның жұ­мыс­кер­ле­рі, өзен және те­ңіз ке­ме­ле­рі­нің эки­паж­да­ры, ка­пи­тан­дар мен олар­дың кө­мек­ші­ле­рі, штур­ман­дар, ме­ха­ник­тер, мат­ро­стар, ра­дио ма­ман­дар, лоц­ман қыз­ме­ті­нің және ке­ме қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру қыз­ме­ті­нің жұ­мыс­кер­ле­рі
Тү­зе­ті­л­ген кө­ру жі­ті­лі­гі бір көз­де 0,8 Д тө­мен, екін­ші көз­де 0,4 Д, бір көз­дің көр­ме­уі.
Әуе ке­ме­ле­рін және өзге де ұшу ап­па­рат­та­рын бас­қа­ру (ин­же­нер – пи­лот­тар, борт­ин­же­нер­лер); әуе ке­ме­ле­ріне және өзге де ұшу ап­па­рат­та­ры мен авиа­ция тех­ни­ка­сы­на тех­ни­ка­лық қыз­мет көр­се­ту, пай­да­ла­ну және жөн­деу; әуе ке­ме­ле­рі­нің қоз­ға­лы­сын бас­қа­ру және қыз­мет көр­се­ту (ин­же­нер – авиа­дис­пет­чер­лер); авиа­ци­я­лық элек­тр­лен­ді­рі­л­ген, пи­ло­таж­дық-на­ви­га­ци­я­лық және ра­дио­элек­трон­дық жаб­дық­тар­ды; Ав­то­кө­лік құ­рал­да­ры­ның электр жаб­дық­та­рын тех­ни­ка­лық пай­да­ла­ну; авиа­ци­я­лық ас­пап­тар­ды, же­рү­сті және борт­тық бас­қа­ру жүй­е­ле­рін пай­да­ла­ну, әуе ке­ме­ле­рі мен өзге де ұшу ап­па­рат­та­ры­ның ди­а­гно­сти­ка­сы на­ви­га­ци­я­сы; авиа­ци­я­лық қа­уіп­сіз­дік; жо­ла­у­шы­лар­ға қыз­мет көр­се­ту (борт­се­рік­тер) кә­сіп­те­рі мен жұ­мыс­кер­ле­рі
Мөл­дір қа­бық­та­ғы ре­фрак­ци­я­лық опе­ра­ци­ядан кей­ін кө­лік құ­рал­да­ры­ның жүр­гі­зу­ші­ле­рі 3 ай­дан кей­ін жүр­гізу­ге жі­бе­рі­ле­ді.
Кө­ру жі­ті­лі­гі тү­зе­ту­мен - бір көз­де 0,8 Д тө­мен және екін­ші­сін­де 0,4 Д тө­мен, + 8,0-ден 8,0 Д-ға дей­ін ба­стап­қы (опе­ра­ци­я­ға дей­ін) ре­фрак­ция ке­зін­де ас­қы­ну­лар­дың бол­мауы.
Опе­ра­ци­я­ға дей­ін­гі ре­фрак­ци­я­ны бел­гі­леу мүм­кін бол­ма­ған кез­де көз осі­нің ұзынды­ғы 21,5-тен 27,0 мм-ге дей­ін болған­да жа­рам­ды;
Жа­сан­ды көз бұр­ша­ғы кем де­ген­де бір көз­де болған­да же­ке рұқ­сат еті­ле­ді. Кө­ру жі­ті­лі­гі тү­зе­ті­л­ген (0,8 Д - 0,4 Д), қа­лып­ты кө­ру өрі­сі және опе­ра­ци­ядан кей­ін жар­ты жыл ішін­де ас­қы­ну­лар бол­ма­ған кез­де өті­лі бар жүр­гі­зу­ші­лер жі­бе­рі­ле­ді.
Тү­сті се­зі­ну­дің бұ­зы­луы.
Көз то­ры­ның және кө­ру нер­ві­нің ау­ру­ла­ры.
Ауы­зе­кі сөй­ле­уді қа­был­дау ке­зін­де бір құ­лақ­тың то­лық ке­рең­дік, екін­ші­сі­мен 3 м-ден кем қа­шық­тық­қа есті­ме­уі, 1 м қа­шық­тық­та сы­быр­лап сөй­ле­уді неме­се екін­ші құ­лақ­пен 2 м-ден кем ауы­зе­кі сөй­ле­уді қа­был­дау (то­лық ке­рең­дік, мыл­қа­улық ке­зін­де рұқ­сат бе­ру ке­мін­де 2 жыл­дан кей­ін қай­та ку­әлан­ды­ра оты­рып, же­ке жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Хо­ле­сте­а­то­ма­мен, гра­ну­ля­ци­я­лар­мен неме­се по­лип­пен (эпи­т­им­па­нит) ас­қын­ған ор­таң­ғы құ­лақ­тың со­зыл­ма­лы бір­жақ­ты неме­се екі жақ­ты ірің­ді қа­бы­нуы.
Фи­стуль­дік симп­том­ның бо­луы (жақ­сы нәти­же­мен опе­ра­ци­я­лық ем­де­уден кей­ін мә­се­ле же­ке ше­ші­ле­ді), со­зыл­ма­лы ірің­ді ма­сто­и­дит.
Ве­сти­бу­ляр­лық ап­па­рат функ­ци­я­сы­ның бұ­зы­луы, бас ай­на­лу син­дром­да­ры, ни­с­тагм (Ме­ньер ау­руы, ла­би­рин­тит­тер, кез кел­ген этио­ло­ги­яда­ғы ве­сти­бу­ляр­лық кр­из­дер).
Көз қа­ра­шы­ғы­ның ор­таң­ғы жағ­дай­дан 700 ауыт­қуы ке­зін­де­гі спон­тан­ды ни­с­тагм.
Аяқ-қол­дар­дың қоз­ға­лы­сын ед­әу­ір қиын­да­та­тын қа­тер­сіз іс­ік­тер, ба­яу қоз­ға­ла­тын тыр­тық­тар.
Мой­ын қоз­ғал­ғы­штығ­ы­ның ке­нет­тен ай­қын шек­те­уле­рі, үл­кен буын­дар­да­ғы тұ­рақ­ты өзге­рі­стер, дұ­рыс өспе­ген сы­нық­тар, аяқ-қол­дар­дың қоз­ға­лы­сын ед­әу­ір қиын­да­та­тын жал­ған буын­дар, сон­дай-ақ оның қоз­ға­лы­сын бұ­за­тын омырт­қа­да­ғы тұ­рақ­ты өзге­рі­стер.
Бір қол­дың неме­се аяқ­тың, қол­дың неме­се та­бан­ның бол­мауы, қоз­ға­лы­сты ед­әу­ір қиын­да­та­тын қол­дың неме­се та­бан­ның де­фор­ма­ци­я­сы.
Егер ам­пу­та­ци­я­лық тұқыл си­рақ­тың ке­мін­де 1/3 бол­са және ам­пу­та­ци­я­лан­ған аяқ-қол­дың ті­зе буы­нын­да­ғы қоз­ғал­ғы­штық то­лық сақ­тал­ған бол­са, ерекше­лік ре­т­ін­де бір ам­пу­та­ци­я­лан­ған си­ра­ғы бар адам­дар­ға рұқ­сат еті­луі мүм­кін.
Са­у­сақ­тар­дың неме­се фа­ланг­тар­дың бол­мауы.
Нев­ро­ло­ги­я­лық симп­то­ма­ти­ка­сы бар трав­ма­ти­ка­лық де­фор­ма­ци­я­лар және бас сүй­е­гі­нің ақа­у­ла­ры, рұқ­сат бе­ру 2 жыл­дан кей­ін қай­та ку­әлан­ды­ра оты­рып, же­ке жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
Аяқ-қол­дың 6 см-ден ар­тық қы­сқа­руы, егер аяқ-қол­дың сүй­ек, жұм­сақ тін­дер мен буын­дар жа­ғы­нан ақа­у­ла­ры бол­ма­са, қоз­ға­лыс кө­ле­мі сақ­тал­са, аяқ-қол­дың ұзынды­ғы 75 см-ден ар­тық бол­са, ку­әлан­ды­ры­лу­шы­лар жа­рам­ды деп та­ны­луы мүм­кін.
Қоз­ға­лыс ке­зін­де қоз­ға­лы­сты шек­те­уді неме­се ауыр­сы­ну­ды ту­ды­ра­тын ау­ру­лар, опе­ра­ци­я­лық ем­де­уден кей­ін мә­се­ле же­ке ше­ші­ле­ді.
Қол­қа­ның, бас миы та­мыр­ла­ры­ның, сан және ті­зе асты ар­те­ри­я­ла­ры­ның ане­вриз­ма­сы; об­ли­те­ра­ци­я­ла­у­шы эн­дар­те­ри­ит, II-III са­ты­сы, Та­ка­я­су ау­руы; тро­фи­ка бұ­зы­л­ған, шо­ра­яқ­тық бар ва­ри­коз­дық ке­ңею.
Ты­ныс алу­ды қиын­да­та­тын жұт­қын­шақ­тың, кө­мей­дің, тра­хе­я­ның тұ­рақ­ты өзге­рі­сте­рі.
Ке­уде қуы­сы ағ­за­ла­ры функ­ци­я­сы еле­улі бұ­зы­л­ған ке­уде қуы­сы мен омыр­тқа­ның де­фор­ма­ци­я­сы (жі­бе­ру ту­ра­лы мә­се­ле же­ке ше­ші­ле­ді).
Кез кел­ген этио­ло­ги­яда­ғы туа біт­кен неме­се жү­ре пай­да болған жү­рек және қан та­мыр­ла­ры­ның ақа­у­ла­ры ком­пен­са­ция болған жағ­дай­да бір жыл­дан кей­ін қай­та ку­әлан­ды­ра оты­рып, же­ке жі­бе­рі­ле­ді.
Жү­рек­ке және ірі та­мыр­лар­ға опе­ра­ци­ядан кей­ін­гі жағ­дай, ком­пен­са­ция ке­зін­де мә­се­ле бір жыл­дан кей­ін қай­та ку­әлан­ды­ра оты­рып, же­ке ше­ші­ле­ді.
Им­план­та­ци­я­лан­ған жа­сан­ды жү­рек ыр­ға­ғы­ның жүр­гі­зу­ші­ле­рі бар адам­дар­ға же­ке рұқ­сат еті­ле­ді.
Жү­рек ау­ру­ла­ры, ыр­ғақ­тың бұ­зы­луы, жү­рек­тің со­зыл­ма­лы ише­ми­я­лық ау­руы, мио­кард ин­фарк­ті­сі­нен кей­ін­гі жағ­дай жі­бе­ру ту­ра­лы мә­се­ле же­ке ше­ші­ле­ді (ты­ны­штық сте­но­кар­ди­я­сы бар адам­дар­ды қо­с­па­ған­да, жыл сай­ын қай­та ку­әлан­ды­ру).
Қан және қан өн­ді­ру ағ­за­ла­ры­ның ау­ру­ла­ры, жі­бе­ру ту­ра­лы мә­се­ле ане­ми­я­лық син­дром және негіз­гі ау­ру­дың ас­қы­нуы бол­ма­ған кез­де же­ке ше­ші­ле­ді.
Жа­тыр мен қы­нап­тың тү­суі, рек­то­ва­ги­наль­ды және қуық-қы­нап­тық жы­лан­көз­дер (тік ішек сфинк­те­рі тұ­та­стығы бұ­зы­л­ған бұт­тың жыр­ты­лу) (опе­ра­ци­я­лық ем­де­уден кей­ін мә­се­ле же­ке ше­ші­ле­ді).
150 см-ден тө­мен бой (мә­се­ле же­ке ше­ші­ле­ді), дене да­муы­ның күрт арт­та қа­луы.
Жо­ла­у­шы­лар кө­лі­гі­нің жүр­гі­зу­ші­ле­рі үшін сөй­леу ақа­у­ла­ры және ке­ке­ш­те­ну болған жағ­дай­да мә­се­ле же­ке ше­ші­ле­ді
».

2

2. «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 3 тамыздағы № ҚР ДСМ-72 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23852 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Өндірістік мақсаттағы ғимараттарға және құрылыстарға қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
2-қосымшада:
1 -кестенің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе: Мүгедектігі бар адамдардың еңбегін пайдалану мүмкіндігі көзделетін кәсіпорындарда медициналық пункттің ауданы 0 ден 3 м2 дейін ұлғайтылады.».
3- кестенің ескертпесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ескертпе: Дене күші әлсіреген адамдардың және мүгедектігі бар адамдардың еңбегін пайдалану мүмкіндігі көзделген кәсіпорындарда дәрігерлік денсаулық сақтау пунктінің үй-жайлары құрамы жұмыс істейтін адамдардың мүгедектігін, ауру тобын және еңбекке қабілеттілікті жоғалту дәрежесін есепке ала отырып, жергілікті денсаулық сақтау органдарының келісімі бойынша толықтырылады.».

3

3. «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 5 тамыздағы № ҚР ДСМ-76 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 23890 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларында:
4-тармақтың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«30) халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары – егде жастағы адамдар, мүгедектігі бар адамдар, өз бетінше жүріп-тұру, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты алу немесе кеңістікте бағдарлану кезінде қиындық көріп жүрген, оның ішінде балаларға арналған арбаларды және (немесе) кресло-арбаларды пайдаланатын адамдар;».

Қолданыстағы