Құжат мәтініне өту

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Брендт»

Қаулы · № 245 · қабылданған 04.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 18.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-172432/on/2026-08-18/
Басып шығарылды 2026-08-18 · adilet.kz
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Брендт» Қолданыста Қаулы ·№ 245 ·04.10.2022
04.10.2022 редакциясы
18.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 04.10.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Брендт»

Қолданыста Қаулы ·№ 245 · 18.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об установлении публичного сервитута товариществу с ограниченной ответственностью «Брендт»
Атауы (қаз.)
«Брендт» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
245
Қабылданған күні
04.10.2022
Көрсетілген редакция
04.10.2022 172432_595663.kaz
Соңғы өзгеріс
04.10.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22NH00245A
ЭКБ идентификаторы
172432
Редакция идентификаторы
172432_595663
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:37

0 «Брендт» жауапкершiлiгi шектеулі серiктестiгiне қауымдық сервитут белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 71-1-баптарына, «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, 2022 жылғы 30 наурыздағы № 1687-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға берілген лицензия негізінде Денисов ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1

1. «Брендт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне, Қостанай облысы Денисов ауданы Аршалы ауылдық округінің босалқы жерлерінде орналасқан жалпы аланы 156,0 гектар жер учаскесінде пайдалы қатты қазбаларды барлау жөніндегі операцияларды жүргізу үшін 2028 жылғы 30 наурызға дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

2 2. «Брендт» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмыстар аяқталғаннан кейін бұзылған жерлерді рекультивациялауды жүргізсін.

3 3. «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

1

1) осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

2 2) осы қаулыны ресми жарияланғанынан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

4 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Денисов ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

5 5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы