О внесении изменений в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в некоторые приказы Генерального Прокурора Республики Казахстан
- Атауы (қаз.)
- Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 195
- Қабылданған күні
- 30.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2022 172462_595134.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029986
- ЭКБ идентификаторы
- 172462
- Редакция идентификаторы
- 172462_595134
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:41
0 Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 3 қаңтардағы № 2 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16268 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қылмыстық сот ісін электрондық форматта жүргізу туралы нұсқаулықта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Электрондық сот ісін жүргізу сотқа дейінгі тергеп-тексеруді электрондық форматта жүзеге асыру, оның ішінде лауазымды адам қабылдаған процестік шешімдер мен әрекеттердің негізінде СДТБТ-ға электрондық құжатты енгізу немесе PDF-құжатты салу арқылы, сондай-ақ ЭЦҚ-мен қол қойылатын электрондық ақпараттық есеп құжаттарының қажетті деректемелерін (бұдан әрі – электрондық нысандар) толтыру болып табылады.
Электрондық нысандардың қажетті деректемелерін толтыру тәртібі Қазақстан Республиксы Бас Прокурорының 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 89 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы арызды, хабарды немесе баянатты қабылдау және тіркеу, сондай-ақ Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларымен (бұдан әрі – СДТБТ-нің Қағидалары) анықталады (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9744 болып тіркелген).»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Қылмыстық процеске қатысушы процестік мәртебе алған сәттен бастап ҚР ҚПК-нің талаптарын ескере отырып, жария сектор арқылы өзіне қатысты немесе қорғалатын адам туралы қабылданған процестік шешімдер, қылмыстық іс материалдары туралы СДТБТ-да бар және өзге де мәліметтерге қол жеткізуге құқылы.
Жария секторіне қол жеткізу СДТБТ-нің Қағидаларымен регламенттелген.»;
2) «Әкімшілік іс жүргізулердің бірыңғай тізілімін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының міндетін атқарушының 2020 жылғы 10 шiлдедегi № 85 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20962 болып тіркелген):
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының кодексінің 737-1-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:».