Құжат мәтініне өту

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов

Өзге акт · № 24-164-VII · қабылданған 28.09.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 28.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-172498/on/2026-08-28/
Басып шығарылды 2026-08-28 · adilet.kz
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов Қолданыста Өзге акт ·№ 24-164-VII ·28.09.2022
19.10.2023 редакциясы
28.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.10.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов

Қолданыста Өзге акт ·№ 24-164-VII · 28.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов
Атауы (қаз.)
Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
Акт түрі
Өзге акт
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
24-164-VII
Қабылданған күні
28.09.2022
Көрсетілген редакция
19.10.2023 172498_660370.kaz
Соңғы өзгеріс
19.10.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22UG030022
ЭКБ идентификаторы
172498
Редакция идентификаторы
172498_660370
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:46

0 Тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабының 2-9-тармағына, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес, Мақтаарал аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

1 1. Тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.

2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

3 Тұрғын үй сертификатының мөлшері

2022 жылғы 28 қыркүйектегі
№ 24-164-VII шешіміне
1 қосымша
Тұрғын үй сертификатының мөлшері

1 1. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік көмек түрі ретінде 1 500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

2 2. Қарыз сомасынан 10 %, алайда әлеуметтік қолдау түрі ретінде 1500000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден артық емес.

6 Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Мақтаарал аудандық
мәслихатының 2022 жылғы
28 қыркүйектегі № 24-164-VII
шешіміне 2-қосымша
Тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі

Санаттары
1
Мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеушi отбасылары
2
«Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар
3
Толық емес отбасылар
4
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 20 мамырдағы №161 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №32546 болып тіркелген) еңбек және жұмыспен қамту статистикасы бойынша статистикалық байқауларды талдау негізінде, сондай-ақ Еңбек ресурстарын болжаудың және оның нәтижелерін пайдаланудың ұлттық жүйесін қалыптастыру қағидаларына сәйкес қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын Денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, әлеуметтік қамсыздандыру және ветеринарияның сұранысқа ие мамандары.

Қолданыстағы