Об утверждении правил применения поощрений государственных служащих местных исполнительных органов и исполнительных органов, финансируемых из местных бюджетов Мангистауской области
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении правил применения поощрений государственных служащих местных исполнительных органов и исполнительных органов, финансируемых из местных бюджетов Мангистауской области
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 185
- Қабылданған күні
- 04.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 21.11.2023 172526_665470.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 21.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22M0030028
- ЭКБ идентификаторы
- 172526
- Редакция идентификаторы
- 172526_665470
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:37
0 Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабының 2 - тармағына сәйкес Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары бекітілсін.
2 2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
3 Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
Маңғыстау облысы әкімдігінің
2022 жылғы 4 қазандағы
№ 185
қаулысымен бекітілген
Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары
1
1. Осы Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 35-бабының 2 тармағына сәйкес әзірленді және Маңғыстау облысының жергілікті атқарушы органдарының және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдарының мемлекеттік қызметшілеріне көтермелеулерді қолдану тәртібін айқындайды.
2 2. Мемлекеттік қызметшілерге мынадай көтермелеулер қолданылады:
1 1) біржолғы ақшалай сыйақы беру;
2 2) алғыс жариялау;
3 3) бағалы сыйлықпен марапаттау;
4 4) грамотамен марапаттау;
5 5) құрметті атақ беру;
6 6) көтермелеудің өзге де нысандары.
3 3. Бір рет ерекшеленгені үшін мемлекеттік қызметшіге Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген көтермелеу нысандарының біреуі ғана және мемлекеттік органның актісінде нақты сіңірген еңбегі көрсетіле отырып, бір рет қана қолданылуы мүмкін.
4 4. Мемлекеттік қызметшілері лауазымдық міндеттерін үлгілі орындағаны, мінсіз мемлекеттік қызметі, ерекше маңыздылығы мен күрделілігі бар тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін, сондай-ақ олардың қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермеленеді.
5 5. Мемлекеттік қызметшілерді көтермелеу көпшілік дауыспен қабылданған комиссия (бұдан әрі – Комиссия) шешімінің негізінде жүргізіледі.
Комиссия құрамы мемлекеттік орган басшысының бұйрығымен бекітіледі және кемінде 5 адамнан тұрады.
6 6. Мемлекеттік қызметшілердің қызметін бағалау нәтижелері бойынша көтермелеу бір жыл ішінде түйінді нысаналы индикаторларды орындауы тұрғысынан, пайыздық арақатынасы қағидаты бойынша айқындалады.
7
7. Ерекше маңызды және күрделі тапсырмаларды орындағаны және жұмыстағы басқа да жетістіктері үшін мемлекеттік қызметшілері бюджеттік бағдарламаны қаржыландыру жоспары бойынша жергілікті атқарушы органдарды ұстауға көзделген жергілікті бюджет қаражатын үнемдеу есебінен комиссияның ұсынымдары негізінде басшысының шешімі бойынша біржолғы ақшалай сыйақымен көтермеленеді.