Құжат мәтініне өту

Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объема бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства

Қаулы · № А-10/470 · қабылданған 29.09.2022
Заңдық күші: Күшін жойған · 31.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-172631/on/2026-08-31/
Басып шығарылды 2026-08-31 · adilet.kz
Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объема бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства Күшін жойған Қаулы ·№ А-10/470 ·29.09.2022
24.10.2024 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
31.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объема бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства

Күшін жойған Қаулы ·№ А-10/470 · 31.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об утверждении перечня приоритетных культур и норм субсидий, а также объема бюджетных средств на повышение урожайности и качества продукции растениеводства
Атауы (қаз.)
Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
А-10/470
Қабылданған күні
29.09.2022
Көрсетілген редакция
24.10.2024 172631_725867.kaz
Соңғы өзгеріс
24.10.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V22B0030075
ЭКБ идентификаторы
172631
Редакция идентификаторы
172631_725867
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:44

0 Басым дақылдардың тізбесін және субсидиялар нормаларын, сондай-ақ өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемін бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 107 «Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20209 болып тіркелген) сәйкес Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Бекітілсін:

осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялардың нормалары;
осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі.

2 2. «Ақмола облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін оның Ақмола облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары

Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ А-10/470 қаулысына
1-қосымша
Басым дақылдардың тізбесі және өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған субсидиялар нормалары

Басым ауыл шаруашылығы дақылдарының атауы
1 тоннаға арналған субсидиялардың нормалары, теңге
1
Күнбағыс
19750
2
Майлы зығыр
18000
3
Жаздық
6500
4
Мақсары
15000

1 Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі

Ақмола облысы әкімдігінің
2022 жылғы 29 қыркүйектегі
№ А-10/470 қаулысына
2-қосымша
Өсімдік шаруашылығы өнімінің шығымдылығы мен сапасын арттыруға арналған бюджет қаражатының көлемі

Субсидиялауға арналған бюджеттік қаражат көлемі, мың теңге
1
Республикалық бюджет
700 000,0

Қолданыстағы