Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой области Ұлытау
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Положения о награждении Почетной грамотой области Ұлытау
- Атауы (қаз.)
- Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау Ережесін бекіту туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 8/50
- Қабылданған күні
- 10.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 18.05.2023 172700_634273.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.05.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22H0030104
- ЭКБ идентификаторы
- 172700
- Редакция идентификаторы
- 172700_634273
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:32
0 Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен
наградтау Ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6-бабы 1-тармағының 12-3) тармақшасына сәйкес Ұлытау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы Ережесі осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
Ұлытау облыстық
мәслихатының
2022 жылғы 10 қазандағы
№ 8/50
шешіміне қосымша
Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау туралы ереже
1 1-тарау. Жалпы ережелер
1 1. Құрмет грамотасымен наградтау туралы осы Ереже Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы» Заңына сәйкес әзірленді және Ұлытау облысының Құрмет грамотасымен наградтау тәртібін айқындайды.
2 2. Құрмет грамотасы:
1 1) экономикадағы, әлеуметтік саладағы, ғылымдағы, мәдениеттегі, білім берудегі, спорттағы, әскери және мемлекеттік қызметтегі, құқық қорғау және
қоғамдық қызметтегі елеулі жетістіктері үшін;
2 2) халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты және мәдени байланыстарды нығайту бойынша жемісті қызметті жүзеге асырғаны үшін наградтау және ынталандырудың бір нысаны болып табылады.
3 3. Құрмет грамотасымен Ұлытау облысының дамуына қомақты үлес қосқан:
1 1) азаматтар, мекеме, кәсіпорын және ұйымдардың қызметшілері;
2 2) меншік нысанына қарамастан, еңбекте, қоғамдық-саяси қызметте жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген шаруашылық жүргізуші субъектілер ұжымдары, ұйымдар, мекемелер, шығармашылық ұжымдары;.
4 4. Құрмет грамотасымен:
1 1) наградтау сәтінде заңнамамен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алып тасталмаған, сотталғандығы бар адамдар;
2 2) сот әрекетке қабiлетсiз немесе әрекет қабілеті шектеулі деп таныған адамдар;
3 3) сот сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп таныған адамдар наградтала алмайды.
5 5. Осы Ереженің 3- тармағында көрсетілген тұлғаны бес жыл ішінде облыстың Құрмет грамотасымен марапаттауға екі рет ұсыныла алмайды.
6 6. Наградтау ұлттық, мемлекеттік, кәсіби және өзге де Қазақстан Республикасының мерекелеріне орайластырылады.
2 2. Құрмет грамотасымен наградтау тәртібі
7
7. Құрмет грамотасымен наградтауға ұсынысты облыс әкімінің аппаратына шараның өтетін күнінен кемінде жиырма күнтізбелік күн бұрын меншік нысанына қарамастан мекемелер, ұйымдар, кәсіпорындар, жергілікті өкілі және атқарушы органдар, қоғамдық ұйымдар, шығармашылық бірлестіктер, жергілікті өзін-өзі басқару органдары жолдайды.
Ұсыныста тегі, аты, әкесінің аты, атқаратын лауазымы немесе (ұйымның, ұжымның) ресми атауы көрсетіледі, нақты еңбек және шығармашылық еңбектері, облыстың дамуына қосқан үлесі баяндалған сипаттама беріледі. Ұсынысқа басшы қол қояды және болған жағдайда мөрмен бекітіледі.
Ұсынысқа кандидаттың жеке куәлігінің көшірмесі не ұйымның, мекеменің немесе шығармашылық ұжымның құрылтайшылық құжаттары қоса тіркеледі.