Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Байдибек
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об определении размера и перечня категорий получателей жилищных сертификатов по району Байдибек
- Атауы (қаз.)
- Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 22/138
- Қабылданған күні
- 30.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 11.10.2023 172842_659452.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 11.10.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22UE030107
- ЭКБ идентификаторы
- 172842
- Редакция идентификаторы
- 172842_659452
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:42
0 Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын
үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар
санаттарының тізбесін айқындау туралы
Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 14-1 бабының 2 тармағына, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы №417 «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18883 тіркелген) бұйрығына сәйкес, Бәйдібек аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1 1. Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі осы шешімнің 1, 2 қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін
күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
Бәйдібек аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 қыркүйектегі №22/138
шешіміне 1 қосымша
Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері
1 1) әлеуметтік көмек ретінде бастапқы жарна сомасының 90 % мөлшерінде,
бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде;
2 2) әлеуметтік қолдау ретінде бастапқы жарна сомасының 90 % мөлшерінде, бірақ 1 500 000 (бір миллион бес жүз мың) теңгеден аспайтын мөлшерде айқындалсын.
6 Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
Бәйдібек аудандық мәслихатының
2022 жылғы 30 қыркүйектегі №22/138
шешіміне 2 қосымша
Бәйдібек ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарын алушылар санаттарының тізбесі
1 1) Ұлы Отан соғысының ардагерлері;
2 2) жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
3 3) басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
4 4) бірінші және екінші топтардағы мүгедектігі бар адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
5 5) мүгедектігі бар балалары бар немесе оларды тәрбиелеп отырған отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
6 6) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекiтетiн аурулар тiзiмiнде аталған кейбiр созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
7 7) жасына қарай зейнет демалысына шыққан зейнеткерлер (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
8 8) кәмелетке толғанға дейiн ата-аналарынан айырылған жиырма тоғыз жасқа толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
9 9) қандастар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
10 10) экологиялық зiлзалалар, табиғи және техногендi сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан тұрғын үйiнен айырылған адамдар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
11 11) «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы аналар, көпбалалы отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
12
12) мемлекеттiк немесе қоғамдық мiндеттерiн, әскери қызметiн орындау кезiнде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, адам өмiрiн құтқару кезiнде, құқық тәртiбiн қорғау кезiнде қаза тапқан (қайтыс болған) адамдардың отбасылары (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
13 13) толық емес отбасылар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған);
14
14) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 29 наурыздағы № 154 «Еңбек ресурстарын болжаудың ұлттық жүйесін қалыптастыру және оның нәтижелерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №18445 болып тіркелген) сәйкес, қалыптастырылатын еңбек ресурстарының болжамын ескере отырып айқындалатын денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт салаларындағы бюджеттік ұйымдарының мамандары және де өзге де салалардағы мамандар (жергілікті атқарушы органдарында тұрғын үй алуға кезекте тұрған).