Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қаулы · № 826 · қабылданған 14.10.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 16.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-172903/on/2026-08-16/
Басып шығарылды 2026-08-16 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан Қолданыста Қаулы ·№ 826 ·14.10.2022
29.08.2023 редакциясы
16.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

Қолданыста Қаулы ·№ 826 · 16.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые решения Правительства Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
826
Қабылданған күні
14.10.2022
Көрсетілген редакция
29.08.2023 172903_653196.kaz
Соңғы өзгеріс
29.08.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
P2200000826
ЭКБ идентификаторы
172903
Редакция идентификаторы
172903_653196
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 23:27

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің

кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

2 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

0 Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2022 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

1

1. «Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесiн немесе хабарламаны;»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Әскери қызмет орны бойынша жауапты құрылымдық бөлімшелер немесе жергілікті әскери басқару органдары осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қабылдағаннан кейін әскери қызметші ақшалай ризықта тұратын (тұрған) әскери бөлімнен (мекемеден) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оқиға болған кездегі ақшалай қамтылымының мөлшері туралы анықтаманы сұратады.».

2

3

3. «Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 мамырдағы № 277 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген Азаматтық персонал қатарындағы адам бітімгершілік операция кезеңінде, сондай-ақ бітімгершілік операцияға қатысу нәтижесінде мертігуі (жаралануы, жарақаттануы, контузия алуы), ауыруы салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған), бітімгершілік операция кезеңінде мүгедектік белгіленген немесе мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) жағдайларда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларында:
5-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«қайтыс болуы туралы куәлiктiң көшiрмесі немесе хабарлама;».
__________________________________

1 Қазақстан Республикасы

Үкіметінің
кейбір шешімдеріне енгізілетін
өзгерістерге қосымша

Қолданыстағы