Об установлении публичного сервитута
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об установлении публичного сервитута
- Атауы (қаз.)
- Қауымдық сервитут белгілеу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 274
- Қабылданған күні
- 07.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2022 172962_596831.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22UI00274A
- ЭКБ идентификаторы
- 172962
- Редакция идентификаторы
- 172962_596831
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:33
0 Қауымдық сервитут белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер Кодексінің 17, 36, 67, 69-баптарына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Отырар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына Түркістан облысы, Отырар ауданының Балтакөл ауыл округі аумағындағы жерінен талшықты-оптикалық байланыс желісін (ТОБЖ) салу үшін жалпы көлемі 0,78 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2023 жылдың қазан айына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. Отырар ауданы әкімдігінің «Отырар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Отырар ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 «Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілейтін жерлердің экспликациясы
Отырар ауданы әкімдігінің
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 274 қаулысына
қосымша
«Қазақтелеком» акционерлік қоғамына талшықты оптикалық байланыс желісін салу үшін қауымдық сервитут белгілейтін жерлердің экспликациясы
№
қ/с
Жер пайдаланушылар атауы
Кадастрлық номер
Нысаналы мақсаты
Жер учаскесінің орналасқан жері
Сервитуттың әрекет ету көлемі,
(га)
Меншік түрі
1
2
3
4
5
6
7
1
Қазақстан Республикасы табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау Министрлігі орман, балық және аңшылық шарушылығы Комитетінің Отырар орман және жануар дүниесін қорңау жөніндегі мемлекеттік мекемесі
19-294-078-001
орман шаруашылығын жүргізу үшін
Балтакөл ауыл округі
0,66
Тұрақты жер пайдалану құқығы
2
Дүйсенбеков Алтынбек Сиякбекұлы
19-294-026-083
шаруа қожалағын жүргізу үшін
Балтакөл ауыл округі
0,12
Ұзақ мерзімді уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығы
Аудан бойынша барлығы:
0,78