Об утверждении Порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села Мұзбел Нуринского района Карагандинской области для участия в сходе местного сообщества
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении Порядка проведения раздельных сходов местного сообщества и определения количества представителей жителей села Мұзбел Нуринского района Карагандинской области для участия в сходе местного сообщества
- Атауы (қаз.)
- Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 177
- Қабылданған күні
- 07.10.2022
- Көрсетілген редакция
- 07.10.2022 172994_597791.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 07.10.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- G22KN00177M
- ЭКБ идентификаторы
- 172994
- Редакция идентификаторы
- 172994_597791
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:34
0 Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі және ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3 бабының 6-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы
№ 1106 «Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, аудандық мәслихат ШЕШТІ:
1 1. Қоса беріліп отырған Нұра ауданы Мұзбел ауылының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі осы шешімнің 1 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2 2. Нұра ауданы Мұзбел ауылының жергілікті қоғамдастық жиындарына қатысу үшін жергілікті қоғамдастық жиында ауыл тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы осы шешімнің 2 қосымшасына сәйкес бекітілсін.
3 3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
0 Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
Нұра аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 177 шешіміне
1 қосымша
Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі
1 1 тарау. Жалпы ережелер
1
1. Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 39-3-бабына, сондай-ақ жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік ережелеріне сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қазандағы № 1106 қаулысымен бекітілген және Қарағанды облысы Нұра ауданы Мұзбел ауылының (одан әрі – Мұзбел ауылы) аумағында ауыл тұрғындарының жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді белгілейді.
2 2. Осы тәртіпте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1 1) жергілікті қоғамдастық-шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін Мұзбел ауылының аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы;
2 2) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны – ауыл тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы.
2 2 тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің тәртібі
3 3. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиынын өткізу үшін Мұзбел ауылының аумағы: Мұзбел ауылының учаскесіне бөлінеді.
4 4. Бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Мұзбел ауылының өкілдері сайланады, бірақ ауылдан үш адамнан аспауы керек.
5 5. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Мұзбел ауылының әкімі шақырады.
6
6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер Мұзбел ауылының әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе заңға қайшы келмейтін өзге де тәсілдермен ғаламтор - ресурстар, мобильді немесе үй байланыс желілері, мобильді қосымшалар мессенджерлері арқылы хабардар етеді.
7 7. Ауыл шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізуді Мұзбел ауылының әкімі ұйымдастырады.
8 8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында Мұзбел ауылының аумағында қатысып отырған және оған қатысуға құқығы бар тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.
Мұзбел ауылында тұратын және оған қатысуға құқығы бар тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) он пайызы қатысқан кезде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны өтті деп есептеледі.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына кәмелетке толмаған адамдардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдардың қатысуға құқығы жоқ.
9 9. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын Мұзбел ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.
Мұзбел ауылының әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының төрағасы болып табылады.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.
10 10. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін Мұзбел ауылының тұрғындары өкілдерінің үміткерлерымен Қарағанды облысы Нұра ауданының мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.
11 11. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір үміткер бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын алған үміткерлер сайланған болып есептеледі.
12 12. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, оған төраға мен хатшы қол қояды және жиын өткізілген күннен бастап 1 жұмыс күнінен кешіктірмей оны Мұзбел ауылы әкімінің аппаратына береді.
Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасында:
1 1) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының өткізілетін күні мен орны;
2 2) ауыл шегінде тұратын және жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;
3 3) қатысушылардың саны;
4 4) жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны төрағасының және хатшысының Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса);
5 5) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.
1 Қарағанды облысы Нұра ауданының Мұзбел ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
Нұра аудандық мәслихаттың
2022 жылғы 7 қазандағы
№ 177 шешіміне
2 қосымша
Қарағанды облысы Нұра ауданының Мұзбел ауылының тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы
№
Ауыл атауы
Ауыл өкілдерінің саны
1
Мұзбел ауылы
3
Барлығы
3