Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в некоторые приказы Министра культуры и спорта Республики Казахстан

Бұйрық · № 246 · қабылданған 25.08.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-173050/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в некоторые приказы Министра культуры и спорта Республики Казахстан Қолданыста Бұйрық ·№ 246 ·25.08.2022
27.09.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в некоторые приказы Министра культуры и спорта Республики Казахстан

Қолданыста Бұйрық ·№ 246 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в некоторые приказы Министра культуры и спорта Республики Казахстан
Атауы (қаз.)
Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
246
Қабылданған күні
25.08.2022
Көрсетілген редакция
27.09.2023 173050_659327.kaz
Соңғы өзгеріс
27.09.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G22KS000246
ЭКБ идентификаторы
173050
Редакция идентификаторы
173050_659327
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 00:27

0 Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер енгізілсін:

1 1) «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 30 мамырдағы № 148 бұйрығында:

осы бұйрықпен бекітілген «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті» мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
15-тармақта:
84) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«84) паралимпиадалық, сурдлимпиадалық, арнайы олимпиадалық спорт түрлері бойынша тиісті қоғамдық бірлестіктер әзірлейтін, мүгедектігі бар адамдарды қоспағанда арналған дене шынықтыру-спорт ұйымдарында спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу процесінің бағдарламаларын бекіту, даярлау кезеңдерінің мазмұны;»;
86) және 87) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«86) мүгедектігі бар адамдарды қоғамдық бірлестіктерімен бірлесіп, республикалық спорттық жарыстар өткізуді ұйымдастыру;
87) спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының мүгедектігі бар адамдар арасындағы құрама командаларын (спорт түрлері бойынша ұлттық құрама командаларды) халықаралық спорттық жарыстарға, оның ішінде Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық ойындарға және Арнайы олимпиадалық ойындарға даярлауын және олардың қатысуын ұйымдастыру;»;

2 2) күші жойылды - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 27.09.2023 № 385-НҚ (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне заңнамада белгіленген тәртіппен:

1

1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің аппарат басшысына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы